Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
25.01.2014
0
1766
0

Зат есімнің септелуі туралы түсінік

Казахстан, Актюбинская  область,Темирский  район

Шубаркудукская казахско-русская средняя  школа №2 

Учитель начальных классов

Сиюмова Мяаш Болекбаевна

Зат есімнің септелуі туралы түсінік

Мақсаты:     1. Зат есім туралы алған білімдерін жинақтау,одан әрі тереңдету.

                             2. Зат есімнің септік жалғауларын меңгерту.

                                 3. Оқушылардың сауатты жазу дағдысын жетілдіру,сөздік қорын байыту.                        

 

     Тәрбиелігі:   Оқушылардың бірін-бірі тыңдай білуге,өзара көмектесуге,жауапкершілікті     

                                 сезіне білуге үйрету.

      Сабақтың көрнекілігі:  Таблица,тірек-сызбалар,жұмбақтар,қима суреттер,дидактикалық

                                                         материалдар жинағы,диктанттар жинағы.

      Пәндік байланыс:  Ана тілі,дүниетану.

      Әдіс-тәсілдер:  Сұрақ-жауап,түсіндіру,өзбеттік жұмыс.

 

       Сабақтың барысы: «Білімді байқау».Сөздік диктант.

              (Сөздік диктантты мына сызбаға түсіріп жаздыру.Таблица-сызба тақтаға ілініп қойылады.)

 

Зат есім

Етістік

Сын есім

Сан есім

 

?

 

?

 

?

 

?

   Диктанттың мақсаты: Сөздерді сауатты жаза отырып,сөз таптары туралы алған білімдерін

                                          тексеру.

Көкшетау,өткір,құнарлы,білім,аппақ,қырық,бара жатыр,суытты,алты-алтыдан,екеуі,қышқылтым,әдемі,бесінші,құлжа,қосылды,тазала,дөңгелек,ауа,жұмыр,көшіп кетті,арқарлар,қарлы,жетеуі.

Сұрақ бізден-жауап сізден. «Ой қозғау».

1.Зат есім дегеніміз не?Сұрақтары қандай?

2.Зат есімнің қандай түрлері бар?

3.Жалпы зат есім дегеніміз не?Жалқы есім дегеніміз не?

4.Туынды зат есім,негізгі зат есім дегеніміз не?

5.Түбір сөз дегеніміз не?Қосымша дегеніміз не?

6.Қазақ тілінде неше жалғау бар?

Сызбаны сөйлет!

 

Жіктік

 

 

Септік

 

 

Тәуелдік

 

 

Көптік

 

 

 +                        -                            +                        -?

Жаңа сабақ-жаңа білім.

    Мұғалім:  -Балалар,бүгінгі сабақта септік жалғауларымен танысамыз.Қазақ тілінде  жеті септік бар. Сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін жалғанатын жалғауларды септік жалғаулары деп атаймыз.Енді мына тірек-сызбаларға назар аударыңыздар.

(Таблица тақтаға ілінеді,оқушылар оларды оқиды.)

Зат есімнің септік жалғаулары.

 

Септіктердің аты

Сұрақтары

Септік жалғаулары

Атау септік

кім?не?

 

Ілік септік

кімнің?ненің?

-ның,-нің,-дың,-дің,-тың,-тің.

Барыс септік

кімге?неге?қайда?

-ға,-ге,-қа,-ке.

Табыс септік

кімді?нені?

-ны,-ні,-ды,-ді,-ты,-ті.

Жатыс септік

кімде?неде?

-да,-де,-та,-те.

Шығыс септік

кімнен?неден?

-нан,-не,-дан,-ден,-тан,-тен.

Көмектес септік

кіммен?немен?

-мен,-бен,-пен.

Өздік жұмыс.

(Оқушылар 91-беттегі,283-жаттығуды осы сызбаны пайдалана отырып өз бетімен жұмыстанады.)

283-жаттығу.Суретші,қайың сөзін септеп жазыңдар.

Ой сергіту жаттығуы.«Жұмбақ шешу» 

 1. Кеттім оны аяп,                                                  3. Кітапқа қонған жұлдыз,

   Жылап тұрған таяқ,          (!)                                   Таниды әрбір ұл-қыз.  (.)

2. Үзіліп қалған арқан,                                            4. Айдын інісі,

    Көлденең жатып алған.  (-)                                    Сөйлемнің тынысы     (?)

Тапсырма:1.Жұмбақты жазып,шешуін табыңдар.2.Септік жалғау жалғанған зат есімді тауып,сұрақ қойыңдар.3.Септік жалғауының астын сызыңдар.

Шығармашылық жұмыс. 

 Тапсырма: 1.Мына суреттегі аңға ат қойып,шағын эссе жазыңдар.2.Септеулі зат есімді тапқызу.

 Оқушылармен жұмыс.284-жаттығу

284-жаттығу.Мәтінді әдемі,көркем етіп жазыңдар.Зат есімдерді тауып,олардың қай септікте  тұрғанын көрсетіндер.

   Тиін ағаштың қуысына тығылады.Ол күзде ағаштың бүршігін,саңырауқұлақты жинап алады.Қыстыгүні соларын жейді де,ұйықтайды.

   Балықтар ғана тереңде, су түбінде қыстайды.

Ойла да,ойна!

 Атау септік

 Ілік септік                                                                                            Барыс септік 

 

 
   

 

 

  Жатыс септік

                                                                                                          Табыс септік

 

                  Шығыс септік                                              Көмектес септік

 

Ойынның мақсаты: Қарындашпен дөңгелектегі сөздерді айналасындағы септіктерге жалғастырады.Тапсырманы дұрыс орындаған оқушылар мадақталады.Мысалы:тиын сөзін атау септікпен жалғастырса,ол оқушы ойынға дұрыс қатысқаны.(Сабаққа нашар қатысатын оқушыларды қатыстыруды ойластырған жөн)

Сабақты бекіту.

Мұғалім сабақты қорытындылау сұрақтарын айтады.

1.Бүгін сабақта нені меңгердік?

2.Қазақ тілінде неше септік бар?

3.Септік жалғаулары деген не?

Оқушылар білімін бағалау.

Үйге тапсырма беріледі.

90-бет ережені жаттау.

Септік жалғауларын жаттау.

281-жаттығу.Қарлығаш туралы өлең,мәтін жазу.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения