Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
25.01.2014
0
1248
1

Ойын-сабақ өрнегі

Казахстан, Актюбинская  область,Темирский  район

Шубаркудукская средняя школа №2 

Воспитатель подготовительного класса

Балмаханова Батима Сейдуллаевна

Ойын-сабақ өрнегі

Халық байлығының сарқылмас мұрасы,келер ұрпақтың рухани азығы,тәрбие тірегі-тіл.Осындай халық қазынасын меңгерту бесік тәрбиесінен,ана әлдиінен басталатыны белгілі.Тіл үйрету мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жұмыстарының негізі болып табылады.Өйткені баланың сөздік қорының нығайуы оның танымдық қабілетін арттырып,ой көкжиегін кеңейтеді.   Бала ана тілінде  сөйлеуге үйрене келе айналадағы дүниені,табиғат тамашаларын танып қабылдайды. Көрген білгенін басқаларға сөз арқылы жеткізіп,тілдеседі. Осының өзі оның білім дағдысының молайып, күнделікті өмірден алған әсері нығая түсуіне себепші болады.Тіл баланың жеке басын қалыптастыру,өзімдік дербес іс-әрекетін дамыту,ой-парасатын жетілдіру,адамгершілікке баулып,эстетикалық сезімін жетілдіру міндеттерін жүзеге асырудың ең басты құралы.Эстетикалық сезім-баланың талғам – талабына тікелей әсер ететін өнердің бірі музыка. Өйткені музыка ана сүтіндей баланың бойына ерте сіңсе,онда ол балаға ауа мен су тәрізді күнделікті  қажеттілігіне айналады. Бес-алты жасарларды оқытып тәрбиелеудегі негізгі мақсат оларды мектептегі оқуға,коллектившілдікке,еңбек ете білуге даярлау,олардың бойында адамгершілік қасиеттер қалыптастыру,ойлау қаабілетін, сөйлеу мәдениетін дамыту. Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын элементтері  оқушылардың ойлау белсенділігін қажет етеді.Сондықтан тәрбиеші әр сабағында ойын түрлерін орнымен  қолданып, оны қызықты ету арқылы жас бүлдіршіндердің білімге ынта-ықыласын,пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды көздейді. Демек,ол сабақты баланың қабілет-қарышына,психологиялық ерекшелігіне сай шығармашылықпен жоспарлауы тиіс.Сонда  ғана сабақ тартымды,жеңіл болады,оқушыларды жалықтырмайды.Мен өзім сабақ беретін мектеп алды даярлық тобында өтілетін сабақтың тақырыбына байланысты ойын түрін алдын-ала  тыңдап, іріктеп аламын Мысалы: математика сабақтарында «Теңізге саяхат»,  «Дастархан жасау», «Алма теру»және т.б.ойындар көмегімен оқушыларды арифметикалық амалдарға, логикалық ойнауға дағдыландырамын. «Белгісіз азайтқышты табу» тақырыбын өткенде « Көңілді санамақ»таблицасын пайдаланамын. «Ойлан тап» ойыны арқылы белгісіз азайтқышты табуға берілген есептерді тез әрі дұрыс шығарған балаға жалауша не жұлдызшалар тапсырылып мадақталады.Сергіту сәтінде оқушылар жылдап жаттап алатын тақпақтар оқылып,техникалық құралдар қолданады.Өлең шумақтарына сәйкес іс-қимылды оқушылардың іздеп табады.Сергіту сәтінде өздері басқарады.Мен бұл сабағымды сергіту сәтіне «Торғайлар қуанышы»атты жолдарын пайдаландым,мұнда құстарды қорғап,оларға қамқорлық көрсетуге бағытталған қимылдар жасалады.Содан кейін қосу,азайту амалдарына есептер шығару үшін «Құстар келді»ойынын өткіздім.Ауызша есептеуге  жаттықтыруға «Күн мен түн»ойыны көп көмек  жасайды.Кейбір кезде өтілген сабақтардың мазмұнына сәйкес сурет салу тапсырмасын да олар тиянақты атқарады.Оқылған әңгіме,ертегілердің дұрыс түсінуге мүмкіндік береді.Тіл дамыту,көркем әдебиет сабағында ертегілерді ауызша айтқаннан гөрі сахналап,кейіпкерлерді балалардың  өздеріне көрсету, ойнату арқылы айтылған ертегілер балалардың есінде мәңгі қалатынына көз жеткізгендеймін.Өйткені оларды балалар ден қойып,ұйып тыңдайды.Ертегілерді,батырлар жырын сахналау арқылы балалар ненің жақсы,ненің жаман,бір біріне әдепті жауап беру т.с.с.әке-шешеге деген құрмет,жан-жануарды жәбірлемеу,таиғатты аялау т.б.жөнінен хабар-мағлұмат алды.Ойын арқылы  балалар бірін-бірі сыйлау,жол беру,ынтамен тыңдау, кезектерін күту, сөздердің байланысын білу тәрізді тілін дамытады.Сондай-ақ  «сұрақты аяқта» тәрізді ойын түрін жиі жүргіземін.Сұрақ қою арқылы балаларға сөйлемді толығымен айтқызып аяқтатамын.алаларды ойлауға жетелеуде  оларды  ынталандыратын әдістерді тыңдай білу шарт. «Есептедік,тақпақ айтып, дәптерге жазып түсірдік.Сонымен біз сабақта нені талдап түсіндік.»деген өлең жолдарын мысалға келтіру арқылы өтілген тақырыптар пысықталады.Немесе  «Алма,алма,көп алма,қызыл, сары,көк алма,теріп алып келейік,атамызға берейік»-деген өлеңдерден балалар түстерді айыра білуге үйренеді. «Сыртылдайды күнімен,сыртылдайды түнімен.Білгің келсе уақытты,көрсетеді тілімен. »-деген жұмбақтар шешу арқылы заттарды тани біледі. «Бір,екі,үш дем алайық жинап күш.Қолға қалам алайық,әдемі етіп жазайық.»-деп өлең жолдарымен ойынмен астарласып өрнектелген сабақ бес-алты жасарларды қызықтырып,олардың білімге деген ынтасын арттыра түсті.Балалар тілін дамыту жұмысының негізгі мазмұны-сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгере көңіл бөліп ойлау  қабілеттерін дамыту,өз ойын еркін жеткізуін,қоршаған орта мен айналасындағы адамдармен еркін қарым-қатынасқа түсу,сөйлеу қабілетін сөйлеу арқылы қалыптастыру.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения