Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
24.01.2014
0
985
1

Ал,қане ұлдар!

Казахстан, Актюбинская  область,Темирский  район

Шубаркудукская средняя школа №2 

Воспитатель подготовительного класса

Балмаханова Батима Сейдуллаевна

Ал,қане ұлдар!

Мақсаты: Балаларды ұқыптылыққа,әдемілікке тәрбиелеу.Адамгершілік имандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі.Фотостенд,нақыл сөздер,шар,плакаттар.

Сабақтың барысы.Кіріспе сөз.-Ұлтымызда «Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің»деген нақыл сөз бар.Қазақ халқы «Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке қыран болу керек»деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқтаған.Әрн отбасында ата-ананың орны бөлек.Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.Әке отбасының асыраушысы,қамқоршысы,тірегі деп білсек,ал ана от басының ұйттқысы, жылуы, шуағы.Ал тәрбие көзі ата-бабамыздан қалған ақылды,дана сөздерінде.

Әкелермен атады өмір таңы,

Құт дарыған шаңырақ-ердің бағы.

Ата-ана ағарсын жұбын жазбай

Айдындағы қос аққу көлдің сәні,-дегендей сайыскерлерімздіортаға шақырайық.

Ата жолын жалғамақ,

Ел дәстүрін қолдамақ.

Ер намысын жібермей

Жігіттер шықсын ортаға.

Уа,халайық,халайық,Ойланып енді қарайық,

Қаазылардың алқасын,ортадан сайлап алайық.

Әділ-қазы мүшелерін сайлау.

Жоспары:1.Таныстыру.

                 2.  Өнер көрсету.

                  3.Қимақ қию.

                 4.Қол өнері. 

                 5.Қыс бейнесін сүгіретте көрсету.

  6.Үй тапсырмасы.Ас адамның арқауы.

1.Жалқаулықты сүймейтін,

Ән шырқайтын Билейтін.

Нұрмұхан атты баламыз,

Жарысуға жарады.

2.Арманы биік шыңға шықсам деген,

Қыран боп көк әлемге ұшсам деген.

Базарбаевтар әулетінен келген бүгін,

Жігітіміз арамызда Аслан-деген.

3.Рүстем ааты бала,

Ақылды,парасатты,өзі дара.

Келіп тұр сайысуға белін буып,

Қол соғып қарсы алайық ортамызға.

4.Өнер толы бойында,

Білім толы ойында.

Эльдар атты жігітке

Кім тең келер бұл сайыста.

5.Атадай батыр болсын деп,

Атын қойды Шыңғыс деп.

Сол сенімді ақтаймын деп,Батылдықты жақтаймын деп,

Ортамызға келіп тұр

Шыңғыс атты ұлымыз.

Басталуы:Армысыздар көңілі көктемдей,

Жақсылықты жаны сүйер ата-аналар,

Ұстаздар,оқушылар және қонақтар.Міне мектебімізде бастауыш сыныптар арасында өткелі отырған «Ал,қане ұлдар» сайысына қош келдіңіздер-деп сайысты жоспар бойынша сайыскерлерге

Тапсырма беріп орындату.

Соңы:Барына риза болсын көрермендер,

Көрсетті өнерлерін сайыскерлер.

Осымен сайысымыз аяқталсын,

Қазылар берсін енді шын бағасын.Таңданайық өнерге тамсанайық,

Бәрімізде қошеметпен қол соғайық.

Шабыттансын көңілі көтерілсін,Сайыскерлерді мадақтап жар салайық.

Әділ қазы алқасына сөз беру.МАДАҚТАУ.Құттықтау.соңы.Ата-аналарға сөз беру.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения