Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
24.01.2014
0
7271
35

Қазіргі шешендіктің түрлері





Казахстан, Кызылординская область, Казалинский район, аул  Жанкожа

Школа №94

Учитель казахского языка

Альмаханова  Патима

Қазіргі шешендіктің  түрлері

Сабақтың білімділік мақсаты:  қазіргі шешендіктің  түрлері,тақырыбы,мазмұны,қолданылу орындары жөнінде білім беру.

Дамытушылық мақсаты: қазіргі шешендіктің ойлау жүйесі мен сөйлеу стиліндегі ерекшеліктерді аңғарып,сөйлеу шеберліктерінен үйренуге ұмтылу;  шешендік сөздердің құрылымдық ерекшеліктерін  таныту.

Тәрбиелік мақсаты: қазіргі шешендік сөздердің мазмұны арқылы  тәрбиелеу; қоғамды  ілгері  бастыратын жайттарды аңғарту; кісілік қасиеттерді бағалату; діни ұғымдар арқылы имандылыққа тәрбиелеу,жағымсыз әрекеттерден сақтандыру.

Сабақта қолданылатын  әдістер: түсіндіру,сұрақ-жауап, талдау,саралау,жинақтау.

Сабақ түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақ көрнекілігі: сызба-кестелер, деңгейлік тапсырмалар, интерактив тақта

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ. Өткен тақырыптарды тиянақтау:  (сұрақ-жауап әдісімен)

1.Шешендік сөз дегеніміз не?

2.Шешендіктің Отаны?

3.Қазақ шешентану ғылымында шешендікті тұңғыш рет ғылыми  түрде зерттеуші ғалым кім?

4.  Ұлттық шешендік өнердің кезеңдері туралы не білесің?

5. Шешендік сөз сапаларын атаңыз.

ІІІ. Жаңа сабақ

  Шешендік сөз елге белгілі адамдардың қайсыбір оқиғаларға байланысты айтқан тапқыр сөздері.

Шешендік сөздер айтылатын орындарына,тақырыбына,айтылу мақсатына қарай мынадай түрлерге бөлінеді.(Сызба кесте  бойынша оқушылар  өз бетінше  ізденіп, шешендіктің әр түріне  тоқталып  талдау жасайды.)

                                                    Қазіргі  шешендіктің түрлері

                       Түрі

                                         Жанрлық сипаты

Білім-ғылым мазмұнды  шешендік         

Дәріс ғылыми баяндама, ғылыми  шолу, ғылыми хабарлама, ғылыми мақала, ғылыми-көпшілік дәріс

Әлеуметтік-саяси мазмұнды шешендік

Саяси шолу,репортаж, саясат сөздері, әскери-патриоттық сөздер, съузд, конференция баяндамалары, т.б. митингідегі сөз, дипломатиялық сөз, парламенттегі сөз

Әлеуметтік-тұрмыстық мазмұнды шешендік

Бата, тілек, аза сөздер, мақала, баяндама, очерк, құттықтау сөздер

Діни мазмұнды шешендік

Діни-уағыз, иман, тілек, құран сүрелері

Сот ісі шешендігі

Айыптаушының сөзі, қорғаушының сөзі, қорғанушы мен айыпкердің сөзі

                                                 

                                                     Деңгейлік тапсырма   

                                                                  І деңгей

 

Мәтіндермен танысып, қазіргі шешендіктің қандай  түрлеріне жататындығын анықтаңыз.

1.   Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Сен темір болсаң, мен көмірмін. Еріткелі келгенмін. Екі елдің арасын теліткелі келгенмін.

2.   Дүниеде адам өмірінен асқан құндылық болған емес, болмайды да. Сондықтан да оны саудаға  салып, ойыншыққа айналдырудан өткен күнә жоқ. Әсіресе діні бір жұртты бір-біріне айдап салып, ажал отына итермелеу- мұсылманшылыққа, жалпы дін жолына жат қадам.

3.   Мені кінәлап, айыптау үшін бүкіл ұжымның еңбегін жоққа шығарып, табысын маңсұқ етуге барды. Шындыққа жанаспайтын бұл өтірікті көріп-біліп отырып, комиссия құрамына енген бұрынғы  өз түлектеріміз де бұған қолын қойып, табансыздық танытты. Міне, осы адамдық па ,осы да азамат ісі ме?

                                                                   ІІ деңгей

1.   Синтаксистік талдау жасаңыз

 Атақты Жанқұтты  шешен Абайды бозбала шағында көріп, ақыл-ойын, білім-білігін, таным-өрісін тексереді.

 

2.  Асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жасаңыз.

 Терең ой , түзу тәжірибесі бар адам ғайыптан хабар береді.     (Шәкәрім)

 

3. Сөзжасамдық талдау жасаңыз.

Шешеннің парызы- шындықты айту.

Шешендік -  ақылмен билеу өнері.      (Платон)

                                                                   ІІІ деңгей

                                                             Тестпен жұмыс

1.Қазақ шешендік өнері кімнен басталады?

А)  Жиренше, Асан қайғы

В)  Майқы би, Аяз би

С)  Қазыбек би, Төле би

Д)  Сырым, Байдалы би

2. Шешендік өнер туралы қанатты сөздің авторын табыңыз.

«Өлшеп айтылса ғана сөз жөнді сөз бола алады»

А)  А. Байтұрсынов

В)  Цицерон

С)  Құтып

Д)  Платон

3. Стиль түрін анықтаңыз.

Қазақстан Республикасының азаматы, қажет болған жағдайда қорғануға құқылы.

А)  Ғылыми стиль

В)  Ресми-іс қағаз стиль

С)  Ауызекі сөйлеу стиль

Д) Көркем әдебиет стиль

4. «Шешендік тәлім» еңбегінің авторын көрсетіңіз.

А)   Квинтилиан

В)   С. Негимов

С)   Цицерон

Д)   Ж.Баласағұн

5. Қазақстанның  төл шешендік өнері туралы  тұңғыш  ой-пікір білдірген ғалымды атаңыз.

А)  А. Құнанбаев

В)   Ә. Бөкейханов

С)   Ш. Уәлиханов

Д)   Б. Адамбаев

6.  Ғылым- білімдік мазмұнды шешендік  сөздерді анықтаңыз.

А)  Әскери патриоттық сөздер

В)   Ғылыми баяндамалар

С)   Бата, құттықтау сөз

Д)   Айыптаушының сөзі

7. Қазіргі шешендіктің түрі нешеу?

А)  4          В) 3              С) 5             Д)  6

8. Шешендік сөз сапаларын анықтаңыз.

А)  Сөздің түсініксіздігі

В)   Көп сөзділік

С)   Тіл тазалығы

Д)   Сөздің шұбалаңқылығы

9.  Қазақ шешендік өнерінің 2- кезеңі қай ғасырларды қамтиды?

А)  ХІХ ғ.  В)  ХІ-ХІІІ ғ.   С) ХVІІІғ .   Д)  ХІV-ХVІ ғ.

10.  Берілген сөйлемге сәйкес дұрыс сызбаны  анықтаңыз.

Сонда Сырым : «Хан , тасып  жүргенім жоқ, алты алаштың басын қоса алмай сасып жүрмін»,- депті.

А)   Төл сөз-автор сөзі

В)   Автор сөзі- төл сөзі-автор сөзі

С)   Автор сөзі- төл сөз

Д)   Төл сөз- автор сөзі- төл сөз.

 

                                                                  ІV деңгей.

                                                    Шығармашылық  жұмыс.

                              “Тілім –менің байлығым”

                               “Ауылым-алтын бесігім”

ІV.Сабақты қорытындылау: оқушылардың білімін бағалау.

V.Үйге тапсырма:

Қазақ шешендік түрлеріне   мысалдар (мәтіннен үзінді) жазып келу.  26-жаттығу.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения