Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
21.01.2014
0
1571
6

Ұқсас қосылғыштарды біріктіру





Казахстан, Павлодарская область, г. Аксу, с. Алгабас

Средняя школа им. М. Кабылбекова

Учитель математики

Токпаева Маруаш Абылкаковна

Ұқсас қосылғыштарды біріктіру

Сабақтың типі:   Ақпаратты коммуникативті технологияны қолдану арқылы жаңа сабақты енгізу

Сабақтың мақсаты: Ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмімен танысу және қолдану.

Сабақтың міндеттері: 

Білімділік:
- ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмімен танысу;
- ұқсас қосылғыш ұғымын енгізу;
- «ұқсас қосылғыштарды біріктіру» дегенді түсіндіру;
- есептеу дағдыларын жетілдіру. 

Дамытушылық:
- ойлау, салыстыру және аналогиялық тұрғыда орындау қабілеттерін дамыту;
- берілген тақырып бойынша талдау және жүйелеу дағдыларын дамыту. 

Тәрбиелік:
- оқушыларда білімге деген оң көзқарас қалыптастыру, топта жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:
Берілген тақырыпты игеру барысында оқушылар ұқсас қосылғыштар ұғымын түсінумен қатар, ұқсас қосылғыштарды біріктіруде көбейтудің үлестірімділік заңын қолдана білуі қажет.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары:
«Инсерт» - түртіп алу арқылы оқу;
«Блум Таксономиясы»;

Сабақта қолданылатын әдістер:
Зерттеу (ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмін іздеу-кітаппен жұмыс);
Жартылай іздеу ( ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмін құрастырудағы эвристикалық әңгіме)

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, кестелер.

Сабақтың құрылымы және барысы.
1. Мұғалім тақтада жазылған сөздерге назар аударады:         

«Адамның құндылығы – оның ойлау қабілетінде»                  Слайд №1

                                                                     (Б. Паскаль).
« Егер айтсаң - ұмытпаймын,            

  Көрсетсең - есімде қалады,

   Қызықтырсаң - түсінемін»

I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың көңілін сабаққа аудару.

II. «Математикалық эстафета»                                             Слайд №2

 Аауызша есептеу                  

1). Өрнектердің коэффициенттерін ата:
-7ас; -203вс; -у; 10.3z; 5t.
2). Теңдеуді шеш:
-х=-6; -2х=-3; -8х=2; -5х=10; 2х=-5; -х=8.
3) Өрнекті ықшамда:
х+х; а-а; 0-а; в*в*в; х-0; х:х; х*х; а-0; в+в+в; х+0; с*0; х:0.
4) Жақшаларды аш:
- (а+в+с); (х+у)-х; ( с+5,4)-( 4,9 + с); ( а-в) + ( -а +в).
III.Сабақтың тақырыбымен таныстыру.

«Іздеген жетер мұратқа»                                                         Слайд №3                                                                                      
Берілген кестені оқушылармен бірге толтыру.                         

«Б» Білемін
«Б» Білгім келеді
«Ү» Үйрендім
Білгім келеді: оқушылар оқулықтың 4.4 параграфын ашып, мұқият оқып кестенің екінші бағанын толтырады.
IV. Берілген тақырып бойынша жұмыс .
«Еске түсір, орында»       
                                                         Слайд №4

1.Тақтада жұмыс: Жақшаларды ашу:                                      
6 (а-в-с) =
9 ( -х+у) =
-5 ( 3m +k-n) =
3 ( 2х +6у) =
Мұғалім: жақшаларды ашуда көбейтудің қандай қасиеттері қолданылады?
2. 5а-9a + 4а -11а.                                                                          Слайд №5
Мұғалім: Қосылғыштарға назар аударамыз. Олардың ұқсас элементтері қандай? ( бірдей әріп бөліктері)
Қалай оларды ажыратуға болады? ( коэффициенттерімен)
Мұғалім: оқулықтан тек қана коэффициенттерімен ажыратылатын әріп бөліктері бірей қосылғыштарды қалай атайтынымызды оқиық. ( оқушылар жауап берді)
 3.Тапсырма:  «Дұрыс орналастыр»                                           Слайд №6

 Мұғалім: Ұқсас қосылғыштар немен ажыратылады?

V. Сергіту сәті: « Мақалдың мағынасын түсіндір»                  Слайд №7
     ( Әр топқа жеке мақалдардың мағынасын түсіндіру ұсынылады)
1. Жеті рет өлшеп, бір рет кес;
2. Айла алтау, ақыл жетеу.
     «Ұқсас қосылғыштарды біріктіру»                                         Слайд №8                                                     

Мұғалім: Ендігі кезекте ұқсас қосылғыштарды біріктіруді үйренеміз, ол үшін ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмімен жұмыс жасаймыз.
(оқулықпен жұмыс)                              

«Еске сақта!»                                                                                   Слайд №9

Ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмі                           

Ұқсас қосылғыштарды біріктіру үшін:
1. Олардың коэффициенттерін қосу керек;
2. Алынған нәтижені ортақ әріп бөлікке көбейту керек.
Мұғалім: ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмін бекітейік.

4.«Біліміңді байқап көр»                                                                 Слайд №10

№779 есеп  

5. «Жұмыла көтерген –жүк жеңіл»                                             Слайд №11

 Топпен жұмыс :

 (Әр топқа жеке-жеке тапсырмалар беріледі).

 I топ. №780,№782,1-3 тапсырмалар.
II топ. №780, №782, 1-3 тапсырмалар.
6. «Артық болмас білгенің»                                                           Слайд №12
Мұғалім: Енді өтілген теориялық материалды бекітеміз, ол үшін Блум Таксономиясын қолданамыз.
1. Білім: жақшаларды аш ( а-в) – (а +в); жақшаларды ашу алгоритмі.
2. Түсіну: ұқсас қосылғыштарды біріктір: 2а -6а + 8а –а -5в +4;
3. Қолдану: ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмі не үшін қажет?
4. Талдау: көбейтудің үлестірімділік қасиеті ұқсас мүшелерді біріктіруде қажет пе?
5. Синтез: а-ның кез келген мәнінде 5(7а- 2)- 7(5а + 2)
өрнегі  -24 -ке тең болатынын дәлелде.
6. Бағалау: ұқсас қосылғыштарды біріктіру өрнектердің мәнін табуда қажет пе?

VI. Рефлексия                                                                          

   «Білгенге-маржан»                                                                      Слайд №13

(кесте бойынша)

«Б»- Білемін
Оң және теріс сандарға амалдар қолдану; жақшаларды ашу; өрнектегі сандық коэффициентті анықтау;
көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолдана білу.
«Б»- Білгім келеді
Көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдаланып жақшаларды ашу; ұқсас қосылғыштар;
ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмін;
бос мүше.
«Ү»- Үйрендім
Көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолданып жақшаларды ашу; ұқсас қосылғыштар; бос мүше;
ұқсас қосылғыштарды біріктіру алгоритмін.
Біздің бүгінгі сабағымыз сіздерде қандай әсер қалдырды? Не себепті?

VII.Үйге тапсырма.                                    

 «Өздігінен еңбек-білім мұратына жеткізбек»                         Слайд №14                                                    

п 4.4,   №781, №790

VIII. Бағалау.
Сабағымызды аяқтай келе, сабақ барысында белсенділік танытқан оқушыларға рахмет. Сау болыңыздар !

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения