Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
18.01.2014
0
1182
0

Абылай ханның түсі

Казахстан, г. Астана

Школа гимназия № 22

Учитель казахского языка и литературы

Мутаирова Бакыткуль Кумаровна

Абылай ханның түсі

Мақсаттары:

Оқушылар білу керек:  тақырып  аясында  Абылай ханның өмірі, оның  тарихи  істері , қазақ  мемлекетінің  қалыптасуына   қосқан үлесі, ерлігі  туралы біледі, ол туралы кеңінен мағлұмат алады, оны меңгереді. Сонымен қатар грамматикадан өткенді жаңғыртады, бекітеді.

Оқушылар жасай білу керек: Мәтін негізінде  алған білімдерін  практикалық жолмен көрсету, оған байланысты қойылған сұрақтарға еркін жауап бере  алу,талдау, баяндау.

Білімділік: ХҮІІІ ғасырдың  тарихи тұлғасы  Абылайдың  өмірі мен  тарихи ерлігі, қызметі  туралы  таныстыруды жалғастыра отырып, грамматикадан өткенді  қайталайды , пысықтайды.

 Дамытушылық:  ойлау қабілеттерін, есте сақтау, топтастыру  қабілеттерін   дамыту,  жетілдіру, өз пікірлерін  айтуға,  дәлелдей білуге  дағдыландыру,  сөйлеу мәнерін  қалыптастыру, 

Тәрбиелік  Өз Отанының тарихын  білуге, мақтан етуге, құрметпен қарауға  тәрбиелеу. Өзіндік  азаматтық  санасын  қалыптастыру, білімділікке, ізденімпаздыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі:  дәстүрлі емес,сын тұрғыдан ойлауды дамыту сабағы.

Сабақта пайдаланатын әдістер:     сұрақ-жауап,  өз  бетімен жұмыс,  дөңгелек үстел әдісі, үш кезеңдік сабақ, топтастыру, көрнекілік- түсіндірмелі,   топтық, баяндау,  жартылай  ізденіс.

Сабақтың жабдықталуы:

көрнекілік құралдар:  бейне фильмнен үзінді, Абылайдың суреттері, буклет

үлестірмелі материалдар:     таратпа   мәтіндер,  оқулық,  тестер,     

оқытудың техникалық құралдары:  теледидар, компьютер

Пәнаралық байланыс:  тарих, қазақ  әдебиеті, саз, информатика    

Әдебиет      «Қазақ  тілі» 10 сынып                 

Сабақтың барысы: оқушылар үш топ болып отырады 

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу ( сабаққа  психологиялық  жылы  жағдай жасау)

ә) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабаққа бейімдеу.

 Сабақ  ережелеріне  тоқталу: 

- Қысқа да нұсқа сөйле!      - Өзің сөйлеген соң сөз ретін басқаға бер!

- Басқанын пікірін  сыйла!

ІІ. Үй  тапсырмасын  сұрау:

1.Мәтінді  мазмұндау, сөздікті  сұрау

2. Жаттығу  орындалуын  тексеру, өзара сұрақ-жауап

3. Қорытындылау, бағалау.

ІІІ. а) - Тарихи тұлғалар дегеніміз  кімдер? / Хат тыңдалады/

      «Менің атым- Бұқар жыру.  Айтқалы отырған адамым  менімен бір   ғасырдаөмір сүрді,  менің замандасым. Ол  өз заманының  әйгілі адамы болған,  оның ісі  қазақ халқының  өмірінде елеулі із  қалдырды. Ал мен болсам, осы адамның кеңесшісі болдым.... б)Сабақтың тақырыбын,  мақсатын, мазмұнын  хабарлау/

Саз естіледі:  «Көшпенділер»  фильмнен үзінді /  

Сабақ  айдарымен жұмыс : «Алысқа көз тастаған, Болашақты бағамдай.

                          Халқын алға бастаған   Қазақ  ханы Абылай!»

В) «Қызығушылықты ояту»  кезеңі: 

- Абылай хан  туралы  не білемізОның тарихи істері,ерлігі жайында /озық тапсырма/

   «Дөңгелек үстел» әдісі: 2 айналым жүреді, топта білгендерін  бірінен кейін бірі жазады, бір сөйлемнен , топ ішінде талқылайды, спикер топ атынан сөйлейді.

ІҮ.  Мағынаны ажырату:

 Осы кезеңнің  мақсаты мен мазмұнын айту:

 Мәтінмен жұмыс: 

а)  Әр топ  өз мәтіні бойынша  жұмыс жасайды.  Түсініп оқиды, мазмұнын меңгереді.

Білемін –Ү                          Бүгін  білдім -+

       белгілерін   қойып кестенің бірінші бағанын толтырады, топта талқылайды. Өзара талқылайды. Қысқа жоба жасайды. Басқаларға айтып беруге  дайындалады. 

б)  Өз пікірлерін, топ жобасын   қорғайды./спикер, топ мүшелері/ Оны жариялайды/ тақта басында/ 

в) Грамматикалық  тапсырмаларды орындау / талдау, сұрақтар құрастыру/, фонетикалық талдау, септеу/

Ү.Ой- толғаныс:

А) Оқулықпен жұмыс / диалог құрастырады, өзара сұрақ-жауап/

Ә) «Топтастыру», тұжырым жасау  /Абылай хан  суреті   тақтада/

Б) кестенің екінші бағанын толтырады /+- бүгін білдім/

 Б)  Тестілеу  - 4 нұсқалы тестпен жұмыс /5 минут/

ҮІ.  Оқушылардың білімін бағалау,  мадақтау

ҮІІ. Үйге  тапсырма  беру:   диалог  құрастыру , презентация дайындау

Рефлексия:

- Мен өзімді сабақта қалай сезіндім           -Кімнің жауабы маған  ұнады, неліктен?

- Бүгінгі Қазақстанда Абылай   хан сияқты   адамдар бар ма? Олар кімдер?

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения