Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
17.01.2014
0
1345
0

Білім беру саласы: «Қатынас»

Казахстан, Актюбинская область, г.Актобе

Дошкольная организация "Еркемай"

Воспитатель

Курмангалиева Рыстыгул Базаркуловна

Білім беру саласы: «Қатынас»

Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту.

Мақсаты: 1.Балаларды өз Отанын сүюге,Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздердің нышандарының қойылуы себебі жайында толық мәлімет беру, отаншылдыққа тәрбиелеу.

2. Балалардың сөзік қорын молайту, байланыстыра сөйлеуді қалыптастыру, есте сақтау қабілетін дамыту, көңіл-күйлерін көтеру.

3. Балалардың халқына, ұлтына деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін тәрбиелеу. Туған жеріне, табиғатқа қамқорлықпен, құрметпен қарауға баулу, ою-өрнек  жапсыруға үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: ҚР рәміздері, қазақтың ою-өрнектері, торсық.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Билингивальді компонент: Отан-Родина

                                              Ту-Флаг

                                              Елтаңба-Герб

                                              Гимн-Гимн

                                              Ою-өрнек- орнамент

Ұйымдастырушылық-ізденушілік.

Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық сәт.

-      Кәне балалар,сәлемдесіп алайықшы.

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты,

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз,

Қайырлы таң ,балалар,

Қайырлы таң ,қонақтар!

-      Ал, енді балалар, бір-бірімізге тілектер тілейік .

Балалар бір-біріне жүрек жылуын сыйлап, сабағамызды бастадық.

-      Балалар , бүгінгі тіл дамыту сабағының  тақырыбы: « Байтақ елім- Ұлы Отан». Балалар, айтыңдаршы Отан дегеніміз не?Иә, Бұл біз тұратын жер, туған үйлеріміз, халқымыз.

-      Біздің Отанымыз-Қазақстан.

-      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері тудың авторы Ш.Ниязбеков.

-      Тудың көгілдір түсі бұлтсыз ашық аспанды, бейбітшілікті білдіреді. Бүркіт тәуелсіздіктің белгісі. Ою-өрнек – халықтың көркемдік талғамын білдіреді.

-      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының авторлары: Ш.Уалиханов, Ж.Мәлібеков.

-      Шаңырақ- ошақтың амандығын білдіреді. Тұлпар- батырлық, қажырлық нышаны. Жұлдыз-жарықты білдіреді.

Гимннің авторлары:

Сөзді жазғандар: Н.Ә:Назарбаев,Ж.Нәжмединов.

Әнін жазған: Ш.Қалдаяқов.

Гимн салтанатты жиындарда, мемлекеттік іс-шараларды айтылады.

-      Балалар, кім Отан туралы мақал-мәтелдер біледі?

Тосын сәт.

( Әскер кіріп, хат береді. Қоштасып, Отанын қорғауға кетеді.)

«Ойлан,тап»ойыны.

Шарты: Сұрақтарға жауап беру арқылы ұлттыұ бұйымды (торсықты) жинау.

Сергіту сәті.

                     Кел балалар, кел бері

                     Қыздырайық денені.

                     Орнымызда тұрып-ақ,

                     Жүгірейік бір уақ.

                     Бір-екі-үш

                     Бір-екі-үш!

                     Екпіндей түс.

                     Аяқты оңға созайық,

                     Тік көтеріп қозғайық.

                     Оңға, солға қарайық

                     Орнымызды табайық!

Балалар орындарына отырады.

-      Балалар, ою-өрнектердің сан түрлісінің бірі «Қошқар мүйіз» оюын

жапсырайық. (Ою жапсыру сәтінде үнтаспадан әуен қойылады.)

Қорытынды.

«Байтақ елім –Ұлы Отан» тақырыбында  өзіміздің еліміз Қазақстан туралы білдік. Қазақстан Республикасының  мемлекеттік рәміздерімен таныстық. Сабағымыздың соңында Отанымызға қандай тілектер айтар едіңіздер.

   Балалар:

-       Отанымыз  тыныш болсын!

-       Аспанымыз ашық болсын!

-       Соғыс болмасын!

-      Туымыз биікте желбіреп тұрсын!

-       Қазақстан Республикасы жасара берсін!

-       Күніміз Жарқырап тұрсын!

-       Бейбітшілік болсын!

Рефлекстік түзету.

Балалар  «Қошқар мүйіз» оюын өздері қиып жапсыра біледі.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Қазақстан Республикасының рәміздерін.

Болу керек:  Балалардың халқына, ұлтына  деген сүйіспеншілігі.

Үйрену керек: Отан туралы мақал-мәтелдерді. 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения