Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
17.01.2014
0
788
0

АВТОМОБИЛЬГЕ АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕКТЕР

Казахстан, Актюбинская область, г.Актобе

Дошкольная организация "Еркемай"

Воспитатель

Жунусова Амина Жолгасовна

АВТОМОБИЛЬГЕ АРНАЛҒАН  ДӨҢГЕЛЕКТЕР

Тәрбиеші топқа әдемі автомобиль моделін әкеледі. Машина педагогтың сұрақтары мен балалардың жауаптары  жәрдемімен зерттеледі.

-Ойыншық қалай аталады? Машинаның бөлшектерінің атауын айтыңдар.(Қорап,дөңгелектер,есіктер,терезелер.) Қораптың түсі қандай?Дөңгелектің ше? Машинаның ішінде (салонда) не бар?

Тағы да фарлар, терезе тазалагыштар, жүк салғыш бар.Машина –бұл қозғалыс  және жүк тасымалы құралы.

Тәрбиешінің үлгісін қарап көру

Тәрбиеші балаларға өз үлгісін көрсетеді.

-       Сендер қалай ойлайсыңдар, біз осындай автомильмен серуендей алар ма едік?Неге?(Жоқ, себебі оның дөңгелектері жоқ.) Шынында да, суретші дөңгелектерді салуды ұмытып кетіпті!                                                                                                                                                                                                  

Өз автомобильдеріңе мұқият қарап шығыңдар,тағы кімдікінде дөңгелек жоқ?Дөңгелектерешкімде де жоқпа? Олардың суретін салу керек! Келіңдер біздің моделімізге қарайық. Дөңгелектердің пішіні қандай? Олардың түсі қандай? Егер біз тым кішкентай немесе тым үлкен дөңгелектер салып қойсақ, онда оларды біз өзіміздің машинамызға орната аламыз ба? (алдын ала дайындалған қара түсті және қарама-қайшы көлемднгі қара түсті шеңберлер қойылады.)Ал егер біз бір үлкен,келесісі кішкентай дөңгелектер кигізсек ше?(Балалар дөңгелектер бірдей көлемде болуға тиіс деп жауап береді.)

Жұмысты орындау тәсілін көрсету

1.Қылқаламды қара түсті бояуға малып аламыз.

2.Дөңгелекке арналған ойықтың пішінін қайталап,сақина саламыз, сосын сақинаның екінші жартысын төменгі жағынан ұштары түйісетін етіп салып бітіреміз.

3. Екінші дөңгелекті саламыз.

4. Дөңгелектерді жиектерінен шықпай, бояймыз.

Жұмысты орындау тәсілін бекіту                                                                                             

Нені саламыз?Дөңгелектердің түсі қандай болады? Дөңгелектердің көлемі бірдей ме, әлде әртүрлі бола бере ме?

Суретті жоғарыдан төмен қарай саламыз. Алдымен сақина саламыз, сосын оны бояймыз.

Тәрбиеші үлгі бетімен құрғақ қылқаламды жүргізіп, дөңгелекті қалай салу керек екенін тағы бір рет көрсетеді.Балалар педагогтің  артынша қимылды ауада қайталап, есте қалдырып отырады.

Балалардың өз бетінше жұмыс істеуі

Балалардың  жұмыстарын талдау және көрмеге қою

Тәрбиеші балалардан олардың бүгін ненің суретін салуды ұйренгенін сұрайды. Дөңгелектің суретің суретін салу қиын ба, оңай ма?Неге?Балалар мен ата-аналар үшін автомобильдер көрмесі жасалады.

            Қосымша материал   

Жұмбақ

Қане,есепке кім тәуір?

Келе жатыр төрт бауыр

Тақтақ жолдың бойымен,

Аяқ  деуге болмайды,

Жұптарын және жазбайды,

Төртеуінің соңында

Екі іздін басқа қалмайды.

                          (Дөңгелек)

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения