Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
17.01.2014
0
2129
0

Ғарыш әлеміне саяхат

Казахстан, Актюбинская область, г.Актобе

Дошкольная организация "Еркемай"

Воспитатель

Жаканова Жадыра Нурланқызы

Ғарыш әлеміне саяхат 

Мақсаты: Сабақта балалардың ғаламшар туралы тиянақтауға,сандардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін кеңейту.Ғажайып арқылы балалар қиялдарын шыңдау.
Әдіс-тәсілі:сұрақ-жауап,әңгімелесу,ойын,үнтаспа,слайд,жұлдызшалар,ай,ғарышкерлердің суреті,проектор,құм терапиясы.
Сабақтың барысы:Амандасу.Үш тілде.(қазақша,орысша,ағылшынша)
Шаттық шеңбері:
Күннің көзі ашылды,
Көкке шуақ шашылды.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал,қанеки бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге.
Қонақтарға жүрек жылуын сыйлау.
Жұмбақ жасыру.
Күндіз бәрі қашады,
Түнде аспанды басады. (жұлдыз)
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады. (күн)
Тәрбиеші:Балалар жарайсыңдар.Бүгінгі сабағымыз «Ғарышқа саяхат».Балалар сендер саяхатқа барғанды ұнатасыңдар ма?
Тәрбиеші:Саяхатқа бармас бұрын мен сендерге ғарыш туралы түсінік беріп кетейін.Ғарышқа алғаш ұшқан Юрий Гагарин,Талғат Бегенлдинов,Тоқтар Әубәкіров.Зымыран айлағы еліміздің Байқоңыр қаласы.Ең алдымен ғарышқа ұшу үшін бізге зымыран қажет.Олай болса зымыран құрастырайық.
Геометриялық пішіндерден зымыран құрастыру.
Балалар көздерін жұмып,5 санына дейін тура және кері санау.
(Әуен қосылады зымыран дауысы)
Көздерін ашады,ғарышқа келеді.
Тосын сәт.Ғарыш әлемі туралы слайд көрсету.
Тәрбиеші:Балалар,қараңдаршы  қандай әдемі.Ғарыштың өздерінің сиқырлары бар екен.
Сол кезде жат планеталық адам кездеседі.Тәрбиеші және балалармен амандасады.

Жат планеталық адамның тапсырмаларын шешу арқылы көмектеседі.

1.Айдың тасырмасы. «Жұлдыздың бұрышын есеп шығару арқылы

табу»Санамақ айту.Таңбаларды айыра білу.
2.Жұлдыздың тапсырмасы. «Менің досымның атын атап»Балалар әріптерді тану арқылы дыбыстарды айыру.
Қосымша материал:
Қосылса дыбыс осылай,
Түрлі сөздер шығады.
Зейін қойып оқыған,
Бәрін түгел ұғады.
Дидактикалық ойын: «Үлкен кіші таңбасы»
Тәрбиеші:Балалалр жарайсыңдар тапсырманың бәрін орындадыңдар.
Өз бетімен жұмыс.Жұлдыздың жартысын салу.
Сергіту сәті: Интерактивті тақтамен орныдалды.
Тәрбиеші:Балалар ғарышқа  ұшқан жақсыма,жаманба?
Балалардың жауабы. Жақсы,өйткені көп қызықтарды көресің,және де ұшып келген соң танымал боласың.
Жаман.Өйткені өте қорқынышты.Басқа жатын жерде қалып қоямба деп ойлайсың немесе оның бәрі қиял сияқты.Ғарышқа ұшқан жақсы да,жаман да.
Тәрбиеші:Ғарышқа ұшқан алыс па,жақын ба?Алыс.Өйткені зымыранмен ұшасың.
Жақын.Егер көзімізді жұмып әуенмен көз алдамызға елестетсек.
Тәрбиеші:Жат планеталақпен қоштасамыз.Жат планеталық балалрға сыйлыққа жұлдыздар береді.
Құм терапиясы.Балалар қолтаңбаларын қалдырады.Қоштасады.
Шеңберге тұрып,зымыран дауысы естіледі.Тура және кері санап көздерін жұмып,топқп оралады.
Қорытындылау.
Жетекші сұрақтар:
-Балалар қайда саяхат жасадық?
-Сендерге ұнады ма?
-Кімдер ұшты ғарышқа?
-Ғарышта не көрдіңдер?
-Ғарыш туралы тақпақ білесіңдерма?
-Өскенде ғарышкер болғыларың келема?
Тәрбиеші:Балалр сендердің білімдеріңнің арқасында ғарышқа сапарымыз сәтті болды.Сендерге көп-көп рақмет.Бүгінгі сабағымыз қызықты болджы,өйткені біз бірігіп жұмыс жасадық.
Үш тілде қонақтармен қоштасу.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения