Берикханов Биржан Берикханович
Должность:учитель математики
Группа:Посетители
Страна:Казахстан Алматинская область город Талдыкорган
Регион:не указан
12.01.2014
0
1860
18

МАТЕМАТИКАДАН ҚОЛДАНБАЛЫ КУРС : «МАТЕМАТИКА -2000» ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУГЕ ТИІМДІ ДАЙЫНДАУ

Казахстан, Талдыкорган

школа: № 23

учитель математики

Берикханов Биржан Берикханович

   Математикадан қолданбалы курс:

«Математика -2000»

Түсінік хат

Қоғамдық жүйедегі өзгерісттер талабына сай, мектепте білім берудің сапасын жаңа деңгейге көтеру бүгінгі күнде қазақстандық білім беру жүйесінің негізгі мақсаты болып табылады.

Қазіргі таңда мектеп бітірушілерді тестілеуден өткізу заман талабына сай жүргізіліп отырғаны белгілі. Осы орайда математика пәні міндетті пәндердің бірі болғандықтан оқушылардың даярлығы да стандарттан төмен болмауы тиіс. Бірақ оқушылардың қабілеттері мен математикалық білімдері әр түрлі деңгейде болатыны белгілі. Сондықтан математикадан берілетін тест тапсырмаларының мазмұны білім алуды жалғастыруға қажетті нақты математикалық білімді меңгеруді, интелектіні дамытуды, математикалық   іс – әрекетке тән және қоғамда толыққанды қызмет етуге қажетті ойлау сапасын қалыптастыруды тексеруге арналған.

Жоғары оқу орындарына қабылдау тапсырмалары қоғамдық – гуманитарлық  және жаратылыстану – математика бағыттарына арнайы құрастырылмаған. Гуманитарлық бағыттағы бағдарламадан шет қалса да, мектеп курсында кездеспейтін тақырыптар да бар. Осы тақырыптарды толық деңгейде меңгерту қосымша дайындықты талап етеді. Ұсынылып отырған әдістемелік жинақ осы олқылықтарды жою мақсатында құрастырылған. Қоғамдық – гуманитарлық бағыттағы бағдарламада қарастырылмаған және сағат аз бөлінген тақырыптарға да тапсырмалар жинақталған.

Бұл жинаққа 2000-2013 ж математикадан тест жинақтарынан тапсырмалар тақырыптар бойынша топтастырылды.

Кейбір тапсырмалардың шешу жолдары көрсетілген. Тригонометриялық өрнектерді ықшамдау тақырыбына 60 есептің шығару жолдары немесе есепті шешуге нұсқаулар берілді.

Әрбір тапсырманың жауаптары соңында жақша ішінде немесе қою шрифтімен көрсетілген. Бұл оқушының көріп есте сақтау қабілетін дамытуға бағыттайды.

 

Курстың мақсаты: Математика пәнінен Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге тиімді жолдармен дайындық жүргізу.

 

Курстың міндеттері:

  • Математика пәні бойынша білімдерін тереңдету және жүйелеу;
  • Әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, есептер шығарудағы практикалық іскерліктерін дамыту және оқу дағдыларының қалыптасуына жағдай жасау;
  • Логикалық және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту;
  • Өздіктеріннен білім алу және оны тест тапсырған тиімді пайдалана білу.

 

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар курсты оқу нәтижесінде мынаны білулері тиіс:

  • Арифметикалық амалдар орындай білу:
  • теңдеулерді және теңдеулер жүйесін шеше білу;
  • Теңдеулер құрастыруға арналған есептерін шығара білу;
  • теңсіздіктер және олардың жүйелерін шеше білу;
  • Триногометрия есептерін шеше білу;
  • Прогресссия есептерін шеше білу;
  • Функция, туынды, интегралды шеше білу;
  • Планметрия мен стереометрия есептерін шығара білу;
  • Векторлар және жазықтықтағы координаталар әдісін шығара білу.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения