Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
08.01.2014
0
2117
0

Екпін алып граната лақтыру тәсілі

Казахстан, Южно-Казахстанская область,Сайрамский район

Школа-гимназия №1 им. Юсуфа Сареми

Учитель физкультуры

Ханходжаев Абрархан Ахрарханович

Екпін алып граната лақтыру тәсілі

Сабақтың негізгі мақсаттары :

 1.Білім беру:  Оқушыларға  жеңіл атлетиканың бір бөлігі - граната лақтыру тұралы түсінік беру.

 2.Тәрбие:  Салауатты  өмір салтын қалыптастыру , оқушылардың төзімділігін арттыру, шыдамдылығын арттыру, отан қорғауға тәрбиелеу.

 3.Дамыту:  Әр түрлі жаңалықтардан пайдалана отырып, оқушылардың ой-пікірлерін, есте сақтау қабилеттерін, спортқа деген қызығушылығын арттыру. 

 Пайдаланатын құрал жабдықтапр:

 1. Ысқырық

 2. Уақыт өлшегіш

 3 . Байрақшалар

4.  Метр

 5. Граната

 Сабақтың барысы

 І. Ұйымдастыру бөлімі : ( 2 минут )

1. Оқушыларды сапқа тұрғызу

2. Сәлемдесу  мемлекеттік тілде

3. Жоқ оқушыларды белгілеу

4. Кезекшілер

5. Мәлімдеме қабылдау

 ІІ. Сабақтың алғашқы мотивациясы .( 3 минут )

Оқушыларға жеңіл атлетика тұралы  түсіндіру , спортқа деген қызығушылығын арттыру

 ІІІ. Дайындық бөлімі. ( 5 минут )

 А) Жеңіл жүгіріп денені қыздыру:

Б) Қозғалыстағы  жаттығулар  дайындығын  жасау : Алаң  бойынша  жүру, аяқтың  ұшымен  жүру , табанмен  жүру, аяқтың сыртымен  жүру , спорттық  жүріспен  жүру , жеңіл  жүгіру , денені  қыздыру , оң  және  сол  иықпен  жүгіру,  тізені  жоғары  көтеріп  жүгіру , аяқты ішке  және  сыртқа  бүгіп  жүгіру , биіктікке  секіру , жылдам  жүгіру , жай  жүгіру , тыныс  алу жаттығулары .

В) Бір  орында  тұрып  жасалынатын  жаттығулар : қол белде аяқ иық кеңдігінде басты 4-рет оңға, 4-рет солға айналдыру, қолды  иыққа  қойып  алға  4-рет  артқа 4-рет  айналдыру . Екі  қол  кеуденің  алдында  1-2 араларын  ашамыз  3-4оң жаққа  кеудені бұрыламыз ,1-2 араларын  ашамыз  3-4 сол  жаққа кеудені бурамыз . Екі  қолды  белге қойып, белді  оң  жаққа  4-рет , сол жаққа 4-рет  айналдырамыз .  Диірмен  жаттығуы  1-2 , 3-4 . Екі  қолды тізеге  қойып  тізені айналдырамыз . Аяқтың ұшын айналдырамыз . Оң  аяқпен  4-рет , сол аяқпен  4-рет  секіру . Отырып тұру 10-рет.

ІV. Жаңа сабақ. ( 18-20 минут )

          1. Граната лақтыру тәсілі  тұралы қысқаша мәлімет беру.

         2. Гранатаны дұрыс ұстауды  көрсету.     

            3. Граната лақтыру кезіндегі қол және аяқ әрекеттері

 

            4. Гранатаны  лақтыру уақытында қолдан шығу градусы     (45 градус)

        V. Жаңа сабақты пысықтау. ( 8-10 минут )

- оқушыларға граната лақтыру кезінде техника қауіпсіздік

   ережелерімен ескерту.

 - оқушыларға жаңа сабақ бойынша граната лақтыру

   ережесімен тәсілдерін  көрсету, үйрету.

 - барлық оқушыларға граната лақтыртыру.

       VІ. Сабақты қорытындылау. ( 3 минут )

-         оқушыларды сапқа тұрғызу

-         сабақ  барысында жіберілген кемшіліктерді қайтадан түсіндіріп, сабақты жақсы игерген оқушыларды бағалау

       VІІ. Үйге тапсырма. ( 2 минут )

        Өтілген тақырыпты қайталап, бір орында оңға, солға,

         артқа айналуды қайталау.

   Жеңіл атлетика

 Жеңіл атлетика, спорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке, командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді. Халықаралық әуесқойлық жеңіл атлетика федерациясы (ИААФ) 1912 жылы құрылған. Оған қазір 200-ге жуық ұлттық ассоциациялар біріккен. Олимпиялық ойындар 1896 жылдан (1-Олимпиялық ойын), дүниежүзілік чемпионат 1983 жылдан өткізіліп келеді. Жеңіл атлетика ойындары өте көнеден белгілі. Ол ежелгі Олимпия ойындарының бағдарламасына енген.

 Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс — Бүкілқазақстандық 1-спартакиада 1928 жылы Петропавл қаласында өтті. Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш рет КСРО-ның спорт шебері атағын Ш.Бекбаев алды (1943). Қазақстанның жеңіл атлеттері Олимпия ойындарында, дүниежүзілік чемпионаттар мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерді көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. Олар: Е.Кадяйкин, Ұ.Қосанов, Ә.Тұяқов, В.Савинков, Л.Кононова, С.Исабаев, Б.Күреңкеев, В.Муравьев, В.Савин, В.Солдатенко, Л.Микитенко, А.Бадранков, т.б. Қазақстандықтар арасында Олимпиялық ойындарға тұңғыш қатысқан спортшы Е.Кадяйкин болды. Тәуелсіз елімізге тұңғыш алтын медальді 2000 жылы Сиднейде (Австралия) өткен 27-Олимпиялық ойындарда кедергі арқылы жүгіруші О.Шишигина әкелді.

     Жеңіл атлетиканың тарихы ежелгі дүние дәуіріндегі халықтардың іс әрекетінен басталады. Табиғи қозғалыстар, яғни, жүру, тұру, секіру адам бұлшық еттерінің қозғалысы адамзат пайда болған дәуірден бастау алады. Мәліметтерге сүйенсек, жеңіл атлетикадан жарыс біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Бұл туралы Ежелгі Грек олимпиада ойындары туралы жазбаларда анық жазылған.

 Сол замандарда жарыс тек ұзын-сонар алаңда жүгіру жарысымен шектелген. Ерлер мен әйелдар арасындағы бәсеке жеке-жеке өткізіліпті.

 Гректер жұдырық түйістіретін спорт түрі мен күресті ауыр атлетикаға жатқызған. Бұрынғы атлеттердің жетістігі жүгіру шапшаңдығымен өлшенген. Бізге алғашқы олимпиадалық чемпиондардың Ежелгі Грекиядан шыққаны белгілі. Бұл шара біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Онда атлеттер тек жүгіру спорт түрінен бақ сынаған. Додаға 192 метрді бағындырған жалғыз атлет жеңімпаз аталған екен. Жеңіс тұғырынан көрінген азамат Элида қаласында жай ғана даяшы болған. Ал, жеңіл атлетика алғаш рет Англияда ұйымдастырылған. 1837 жылдары жарысқа түскендер 2 метр қашықтықта жүгірген. Оған қатысушылар Регби қаласындағы колледжде білім алып жатқан жастар болған. Итон, Оксфорд, Кембридж, Лондондағы оқу орындарында да спорттық жарыстан жиі өтіп тұрған.

 Кейіннен бағдарламаға қысқа қашықтықта жүгіру, ұзындықта және биіктіктен секіру сынды шарттар енгізіді. 1865 жылы Лондон атлетика клубы құрылды. Бұның негізінде тұңғыш рет жеңіл атлетикадан ел чемпионаты өтті.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения