Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
08.01.2014
0
1395
0

Тоғызқұмалақ ойыны

Казахстан, Южно-Казахстанская область,Сайрамский район

Школа-гимназия №1 им. Юсуфа Сареми

Учитель физкультуры

Ханходжаев Абрархан Ахрарханович

Тоғызқұмалақ ойыны

Сабақтың негізгі мақсаты :

1 .Оқушылардың қазақ халқының салт-дәстүріне, оның ішіндегі   тоғызқұмалақ ойынының сипаты мен мәні жайында түсініктерін әрі қарай дамыта отырып, шеберлік, білім, білік дағдыларын қалыптастыру

 2.Тәрбиелік : Оқушылардың ұлттық ойындарға деген көзқарастарын қалыптастырып, адамгершілікке, Отанды сүюге, салт-дәстүрлерімізді қадірлей,бағалай білуге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: Ұлттық ойындарымызға деген қызығушылығын дамыту, іздемпаздық, тапқырлық қасиеттерін қалыптастырып, ойлау қабілетін, дүниетанымын, қоғамдық көзқарасын дамыту, ой-санасын шынықтыру.

 Пайдаланатын құрал жабдықтапр:

 1. Ысқырық

 2. Тоғызқұмалақ тақтасы

 3. Интерактив тақта

Сабақтың барысы (5 минут)

1. Сәлемдесу  мемлекеттік тілде

2. Оқушыларды жаңа сабақпен таныстыру

3. Оқушыларға тоғызқұмалақ  ойыны туралы

    түсіндіру , спортқа деген қызығушылығын арттыру

      1. Жаңа сабақ. (20 минут )

       1. Тоғызқұмалақ ойынын интерактив тақтада

            презентация   арқылы көрсету, ереже-тәсілдерін үйрету.

       2. Құмалақтарды отауларға қай тәртіпте жүру жолдарын үйрету.     

       3. Отаулардағы құмалақтарды жұп қылып алуды үйрету.

       4. «Тұздық» алу тәсілін көрсету.

        5. «Атсырау» ережесін қай кезде болатынын үйрету.

         2. Жаңа сабақты пысықтау. ( 10 минут )

1. Оқушыларды бір-біріне қарама-қарсы отырғызып,

    тоғызқұмалақ ойнату.

2. Жаңа сабақта үйретілген және көрсетілген тәсілдерді

   ойын кезінде тәжірибеде қолдау.

3. Оқушылырдың түсінбеген жерлерін қайталап түсіндіру.

3. Сабақтың жарыс кезеңі: (5 минут)

Оқушыларды топтарға бөліп, дене шынықтыру және спорттық,  ұлттық, қозғалмалы ойындарға тиісті сұрақтар арқылы, олардың білім дәрежесін анықтау.

 Сұрақтар

                             «Сұңқар» тобы                                      

1. Тоғызқұмалақ қандай ойынға жатады?

2. Тоғызқұмалақ тақтасында қанша құмалақ бар?

3. Тоғызқұмалақ ойынын қанша адам ойнайды?

4. Жеңіл атлетиканың негізгі қанша түрі бар?

5. Волейбол ойынында қанша адам ойнайды?

6. Баскетбол ойынында «фолдың» қанша түрі бар?

7. Үлкен футболда қанша ойыншы ойнайды?

8. Ақ терек- көк терек ойыны қандай ойынға жатады?

9. Волейбол ойыны қандай ойынға жатады?

        10. Шашка тақтасында қанша қара тас болады?

 

                            «Тулпар» тобы                                     

 1. Тоғызқұмалақ тақтасында қанша қазандық болады?

2. Тоғызқұмалақ тақтасында қанша отау бар?

3. Тоғызқұмалақ ойынында «тұздық» қай отулардан алынбайды?

4. Ұзындыққа секіру спорттың қай түріне жатады?

5. Волейбол ойынында 8 адам ойнауға болама?

6. Мысық-тышқан ойыны спорттық ойынға жатады ма?

7. Шахмат тақтасында қанша қара, қанша ақ тас болады?

8. «Дамка» сөзі қай спорт түріне тиісті?

9. Асық, көкпар ойындары  қандай ойындарға жатады?

       10. Тоғызқұмалақ ойынын үш адам ойнауға болама?

  4. Қорытындылау: (3 минут)

Сабақ кезінде жиберілген қате-кемшіліктерге тоқталу,    сабаққа жақсы қатысып, ерекше көзге түскен оқушыларды бағалау.

5. Үйге тапсырма: (2 минут)

Жаңа сабақ бойынша ережелерді жетілдіру, 20 рет кеудені көтеру.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения