Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
09.12.2013
0
2536
0

«Менің атым - Қожа» Бердібек Соқпақбаев.

Казахстан, Актюбинская область, Мартукский район

Мартукская средняя школа №1

Учитель казахского языка и литературы

Абдуллина Бакытгул Аманжоловна

«Менің атым - Қожа» Бердібек Соқпақбаев.

Сабақтың мақсаты: Танымал балалар жазушысы Б.Соқпақбаев туралы түсінің беру, өмір жолы мен шығармашылығы туралы айту, әңгімені талдау.

Оқушылардың тілін, ойлау қабілетін, дүниетанымын дамыту.

Балалардың тілге, әдебиетке деген қызығушылығын оятуға ықпал ету.

Сабақтың түрі: бекіту сабағы.

Әдіс-тәсілдер: мәнерлеп оқу, баяндау, сұрақ-жауап, ой толғау, кейіпкер бейнесін талдау.

Көрнекілігі: компьютер, жазушы портреті, жазушы шығармаларынан кітап көрмесі.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру: Сәлеметсіздер ме? Сабағымызды бастаймыз.

2.Өткен сабақта біз қай жазушымен таныстық? Дұрыс. Б.Соқпақбаевпен. Енді осы берілген тірек сызба арқылы Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерімізді тиянақтаймыз.

қосымша әдебиет қолдану)

3.-Б.Соқпақбаев қай жылы, қай жерде дүниеге келген?

-Оның еңбек жолы қандай болған? (өмір жолдарынан  суреттер көрсету)

-Оның шығармаларын атаңдар? (кітап көрмесін көрсету)

-Біз оның қандай шығармаларымен таныстық? (Мәтінді пайдалану).

-Әңгіме не туралы?

-Қандай кино түсірілді? Фильмнен үзінді көрмес бұрын, айтыңдаршы балалар осы киноны көрдіңдер ме? Қысқаша мазмұнын кім айтады? Оқушылар фильмнен түсінгендерін айтады. (слайд және фильмнен үзінді көрсету).

-Бұл әңгіменің бас кейіпкері кім?

-Лирикалық кейіпкер қалайша  «Қожа» деп атанған?(үзінді оқыту)

-«Қара қожа» деп қалай атанған?

-Оны мазақтап қалай атайды?

-Оның фамилиясы кім?

-Қожаның қандай бала екенін айтып, мінездеме беріңдер.

-Бұл әңгіменің басқа кейіпкерлерін атаңдар?

-Ал, Жантас оның кластасы қандай бала? Мінездеме беріңдер.

4.Енді балалар, төртінші тараудағы «Лагерьге жолдама» үзіндісінен сахналық қойылым жасайық. (оқушылар өз сөздерімен үзіндіден қойылым көрсетеді).

 -Балалар үйде Қожа сияқты өздеріңе есеп беріп көріңдер. Егерде тәртіптеріңде олқылық болса  өз тәртіптеріңді түзету үшін өздерің түзеуге қаулы қабылдаңдар.

5.Үйге тапсырма: Қожа туралы шағын шығарма.

6.Баға қою.

7.Сабақты қорыту.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения