Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
06.12.2013
2
2180
0

"Шетел тілін ертен жастан оқытудың ерекшеліктері"

Казахстан, Жамбылская область,Т.Рыскуловский район,с. Кулан

Детский юношеский центр "Казахстан"

Учитель английского языка

Каландарова Райхан Азатовна 

"Шетел тілін ертен жастан оқытудың ерекшеліктері"

Қазақстан Республикасының білім туралы Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп атап көрсетілген.

     Олай болса, бүгінгі тәрбиеленуші ұрпақтың болашағы жарқын, жан-жақты терең біліммен қаруланған, мәдениетті де құзыретті болуы үшін жағдай жасау керек. Жоғары мәдениетті жастарды тәрбиелеуді бірінші орынға қоятын қоғам ғана өз дамуында жоғарғы сатыға көтеріледі.

       XXI ғасырдың талабы мәдени деңгейі жоғары маман даярлап шығару болып табылады, олай болатын болса, жоғары мәдениетті маманның: жалпы, кәсіби, әдіснамалық, кәсіби-этикалық, ақпараттық, тілдік, саяси, психологиялық-педагогикалық, көркемдік эстетикалық  мәдениеті болуға шарт

     Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды, жас ұрпаққа саналы, мән- мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру- бүгінгі күннің талабы.

     Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуінде  ағылшын тілін меңгерту-басты міндеттердің бірі болып отыр.

    Мектептегі басты тұлға-мұғалім, осы мұғалімнің алдында тұрған басты мақсат- рухани жан дүниесі бай, жан-жақты дамыған, білімді тұлғаны қалыптастыру.

   Американ ғалым философы Дейл Карнеги «Ең бірінші адам бойындағы қажеттілікті туғыза білу керек. Ондай іс қолынан келетін адам бүкіл әлемді мойындата алады» деген екен. Шет тілін,оның ішінде ағылшын тілін білу-заман талабы. Баланың тілді оңай меңгеруі үшін үлкен ынта, зейін, талап оқушының тілге деген бейімділігі қызығушылығы керек. Содан кейін ғана оқушының ойын дамыту міндеті келеді.

     Ерте жастан шетел тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін, оқушылардың  қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ересектеулеу балаларға  қарағанда,олардың  есте сақтау қабілеті де жоғары.

    «Ойын-бала қанының азығы» деп С. Торайғыров айтқандай, бастапқы этапта шетел тілін оқытудағы бір негізгі аспект ол – ойын элементтерін тиімді пайдалану болып табылады. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан әр сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолдануға болатынын сабақтың мазмұнына, мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдау керек. Ойын арқылы баланың өтіп жатқан тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергендігі байқалады

    Ойын үстінде сөйлемейтін, нашар оқитын оқушының өзі өзін жан-жақты көрсеткісі келіп, сыныптастарымен, ұстазымен қарым-қатынасын жақсартады, сөйлеу дағдысын байқатады. Ойын баланың жеке ерекшелік  қасиеттерінің дамуына, ішкі жан дүниесінің жаңаруына, пәнге деген қызығушылығын оятады. Ойын оқушының байқампаздығын жетілдіреді, тілді білуге деген құмарлығын арттырады. Осыдан да ойын араласқан сабақтың жаңа түрін ойлап табу мұғалім шығармашылығын талап етеді.

   Ойындар оқушының жеке тұлғасын қалыптастырып ынтымаққа, бірлікке баулиды. Баланы оқыту, балаға берілетін білімнің сапасын арттыру, сабақтың жаңа заманға сай жаңаша сипатын күшейте түсу, оқушының пәнге сүйіспеншілігін дамыту әр пән мұғалімінің біліміне, ізденімпаздығы мен шеберлігіне байланысты. 

    Шет тілін ерте жастан оқытудың тиімділігі оқушылардың пәнге деген қызығушылығымен бірге    олардың сабаққа түгел атсалысатындығы, бәсекеге қабілеттілігі, бір-бірінен қалғысы келмей емін-еркін, сөздерді қайта-қайта айтуда бір-біріне ықпалдарының әсер етуі жақсы нәтижелерге жетелейді.
 

Комментарии пользователей /2/
kartaeva_maira@mail.ru | 16 апреля 2014 18:34
I need this theme becouse of my project lesson
naziko-93-93@mail.ru | 4 мая 2014 16:09
12 жаска дейинги окушыларна шет тилин окытудын катысымдык багытталган ерекшеликтери
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения