Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
05.12.2013
0
1232
1

"Дауысты дыбыстар туралы түсінік беру"

Казахстан, г. Павлодар

ГУ  "Средняя общеобразовательная школа №27"

Учитель казахского языка

Толеуова А.А.

"Дауысты  дыбыстар туралы түсінік беру"

Сабақтың  дамытушылық мақсаты:  дұрыс, анық сөйлеуге жаттықтыру.

Сабақтың  тәрбиелік мақсаты:  оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыра отырып ұқыптылыққа, білімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың  типі:  білік пен дағдыны қалыптастыру .

Сабақтың әдісі:  сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, жаттығу орындау, ойлау, дәлелдеу.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдттар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру  кезеңі:  Оқушылармен амандасып,  түгендеп, сабаққа даярлау. Екі топқа бөлу

ІІ. Үй тапсырмасынтексеру:

1. 239-жаттығуды шарты бойынша орындау

2.Басқа тілдердегі  әліпбидегі әріптердің санын біліп келу (Сұрақ-жауап әдісі)

ІІІ.Жаңа сабақ:

1. топ Бастауыш сыныпта  алған білімдерін еске түсіріп, оқулықтағы ереже арқылы толықтырып жаңа сабақты өздігімен меңгеру. Қорытындысы ретінде мынадай  кестені толтыру

 2 топ. Бастауыш сыныпта  алған білімдерін еске түсіріп, оқулықтағы ереже, Б.Ш. Кәтен- баева «Қазақ тілі оқулығына әдістемелік нұсқау», М.Ә.Қараев «Қазақ тілі», Б.Қ.Қапасова  «Оқушы анықтамасы»  қосымша әдебиеттерден іздену арқылы толықтырып жаңа сабақты өздігімен меңгеру. Қорытындысы ретінде мынадай  кестені толтырып, топтар бір-біріне түсіндіреді.

  Тапсырма: 1 топ. Дауысты дыбыстан басталатын сыныптағы оқушылардың  есімін дәптерлеріне жазу. Ол дыбыстарға сипаттама беру

Үлгі:     Әлия -   ә -дауысты дыбыс, жіңішке

2. топ. Дауысты дыбыстардан басталатын өзен-көлдердің аттарын жазыңдар. Ол дыбыстарға сипаттама беру.

Үлгі: Алакөл – а –дауысты дыбыс,жуан

 Тапсырма:

1топ: «Мұғалім» сөзіне фонетикалық талдау жасау. Бұл қай тілден енген сөз.

2 топ:  «Жарлық»  сөзіне фонетикалық талдау жасау. Бұл қай тілден енген сөз.

Тапсырма:  2 топқа да

Бірыңғай дауыстылардан басталатын мақал-мәтелдер жазамыз. Қай топ, тез және көп мақал- мәтел жазып айтады.

Мысалы: Ырыс алды – ынтымақ.

ІҮ.Бекіту.  Сұрақтарға жауап беру

1.Фонетика дегеніміз не?

2.Монофтонг дыбыстар қандай?

3.Дифтонг дыбыстарды ата

4.Дауысты дыбыстарды айтқанда ауа өкпеден қалай шығады?

5.Дауысты дыбыстардың саны қанша?

Ү. Үй тапсырмасы: Әдебиеттен тек қана дауысты дыбыстан басталатын  өлең шумақтарын жазып келу.

ҮІ. Бағалау: топ басшылары бағалайды.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения