Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
03.12.2013
0
1438
0

«ЖЕМІСТЕР ДҮКЕНІНДЕ»

Казахстан, г. Павлодар

Средняя общеобразовательная школа-гимназия № 9

Учитель казахского языка и литературы

Аубакирова Зауреш Гимадитденовна

«ЖЕМІСТЕР ДҮКЕНІНДЕ»

Сабақтың мақсаты: Жемістер, «Жемістер дүкенінде» туралы түсініктерін, сөйлеу қабілеттерін жетілдіру.

Міндеттері:

  1. Тақырып бойынша жаңа сөздерді меңгерту, сөздерді дұрыс қолдана білу, ауызша сөйлеуге жаттықтыру.
  2. Сөздік қорын молайту, тілін жаттықтырып, дұрыс сөйлеуге дағдыландыру. Ойлау, есте сақтау қабілетттерін дамыту.
  3. Оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын  арттыру

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың формасы: жалпы, жұппен.

Көрнекілік: сурет, слайд, бейнесұрақ, бейнемәтін.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу, ойын, интербелсенді тақтамен жұмыс.

Сабақтың барысы:

 І.Ұйымдастыру кезеңі:

1. Психологиялық дайындық. Сабақты бастамас бұрын, оқушыларды ұйымдастырып, психологиялық дайындық жүргізіп, көңілдендіріп алу.

Мысалы:  Күн шығады әнімен.

                   Қайырлы күн!

                   Теңізде толқын толқиды.

                   Қайырлы күн!

                   Көтерілді ақ бидай, құстар самғап ән салды.

                   Балаларым, айтындаршы

                   Қайырлы күн!

                   Қайырлы күн, көк Аспан!

                   Қайырлы күн, Жер-АНА!

                   Қайырлы күн, достарым!

2. Кезекшілермен сөйлесу.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар!

- Қазір қандай сабақ?

 - Қазір нешінші жыл?

 - Қазір қандай жыл мезгілі?

 - Аптаның қай күні?

 - Үйге қандай тапсырма берілді?

ІІ. Үй жұмысын тексеру: көкөністер тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап беру.

Интербелсенді тақтамен жұмыс.Бейнесұрақты тыңдап, оқушылар кезекпен жауап береді.

1. Қандай көкөністерді білесің? ( қияр, қызынақ, пияз, орамжапырақ, сәбіз, т.б.)

2. Көкөністер қайда өседі? (Көкөністер бақшада өседі)

3. Көкөністердің түстері қандай? ( қызыл, сары, қоңыр, жасыл, қызғылт сары )

4. Көкөністер жылдың қай мезгілінде піседі? (Көкөністер жылдың күз мезгілінде піседі)

5. Көкөністерді жылдың қай мезгілінде жинаймыз? (Көкөністерді жылдың күз мезгілінде жинаймыз)

ІІІ. Жаңа сабақ.  Қызығушылықты ояту:

- Балалар, мына суретке назар аударыңдар, суретте не бейнеленген? ( жемістер)

-Дұрыс, жемістер.

- Ал, біз жемістерді қайдан аламыз? (дүкеннен)

-Дұрыс, дүкеннен.

- Қандай дүкеннен сатып аламыз? (жеміс дүкенінен)

- Дұрыс, жеміс дүкеннен.

- Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы « Жемістер дүкенінде». Бүгін сабақта біз жаңа сөз үйренеміз, мәтінмен, диалогпен  жұмыс істейміз, түрлі тапсырмалар орындаймыз.

- Ал енді дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді, тақырыбымызды жазайық.(слайд)

- Балалар, тақтаға назар аударайық. Мен жаңа сөздерді оқимын, сендер қайталаңдар. (Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сөздерді қайталайды)

1. Жаңа сөздер: алхоры, анар, шабдалы, өрік, қарақат, құлпынай, таңқурай, бақта өседі, дәмді, тәтті, неше теңге?

2. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрау. Сызықтардың көмегімен өзара байланысты сөздерді тап. (слайд)

 ( алхоры өседі, қызыл анар, шабдалы сатып аламын, өрік ұнайды,, дәмді құлпынай, таңқурай өседі, неше кг?)

3.  Мәтінмен жұмыс. Бейнемәтінді тыңдау. (бейне, 2 рет көрсетіледі)

- Мәтінде не туралы айтылды ? (Жеміс дүкені туралы айтылды)

- Кімнің анасы сатушы? (Аянның анасы сатушы)

- Сатушы не сатады? (Сатушы жемістер сатады)

- Әже не сатып алды? (Әже алхоры, жүзім сатып алды)

- Мен не сатып алдым? (Мен алмұрт сатып алдым)

- Алмұрт неше теңге тұрады? (алмұрт 350 теңге тұрады)

4. Керекті сөздер арқылы сөйлемдерді толықтыр. (слайд)

5. Диалогпен жұмыс. Карточкаларды тарату. Балалар 1-2 рет оқиды.

Диалогты жалғастыр. Жұппен жұмыс. (слайд)

ІҮ. Сергіту сәті: «Күзгі жапырақ»

- Балалар, көкөністер мен жемістер қай жыл мезгілінде піседі? (күзде)       

- Ендеше күзге  арнап ән орындайық.

Ү. Сабақты бекіту.

1. Дәптермен жұмыс. Карточкаларды тарату.

  - Ал енді дәптерлеріңді ашып, жаттығу орындайық. Көптік жалғауды қайталаймыз. (слайд)

- Қандай көптік жалғау білесіңдер? (-лар,-лер; -дар, -дер;-тар,-тер)

- Лар,-тар,-дар жалғаулары қай сөздерге жалғанады? (жуан сөздерге жалғанады)

- Лер, -тер, -дер жалғаулары қай сөздерге жалғанады? (жіңішке сөздерге жалғанады)

Алма + лар / лер, анар + лар / лер , шие + лар / лер , алхоры + лар / лер, алмұрт+ тар / тер , қарақат+ тар / тер , өрік + тар / тер .

2.  «Адасқан әріптер ойыны». Дыбыстарды тіркестіріп сөз жасаңдар. (слайд)

ҮІ. Рефлексия.  Cурет бойынша әңгімелеу. Мұғалім сұрақ қояды, оқушылар жауап береді. Одан кейін әр оқушы сұрақтар арқылы әңгімелейді.

-          Бұл не?

-          Дүкенде не бар?

-          Кім жеміс сатады?

-          Сен қандай жеміс сатып алдың?

-          Саған қандай жеміс ұнайды?

VIІ. Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.  Әр оқушы өз фишкаларын санап, бағасын айтады.

 VIІІ. Үй тапсырмасы: жаңа сөздерді жаттау және сурет бойынша әңгіме дайындау.

Х. Қорытынды.

- Сабақтың тақырыбы қандай болды?

- Қандай жаңа сөз үйрендіңдер?

- Сабақ ұнады ма?

                                                                 ***************

 Күтілетін  нәтиже:

 Нені біледі?                            Оқушылар мәтін мазмұнын, сұрақтарын түсінеді.                                                                                                                        

                                          Сұраққа жауап береді, әңгімелеп береді.

 Қандай түсініктер игереді?   Жемістердің атаулары.

 Меңгерген дағдылары мен іскерліктері? Жаңа сөздердің мәнін түсінеді, сұрақтарға жауап береді, тақырып бойынша әңгімелейді, диалог құрастырады.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения