Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
30.11.2013
1
2482
0

"Сан есімге арналған қорытынды сабақ"

Казахстан, г. Павлодар

ГУ  "Средняя общеобразовательная школа №27"

Учитель казахского языка

Саликова Ш.С.

"Сан есімге арналған қорытынды сабақ"

Сан есімді, сан есімнің мағыналық топтарын тақырыптарын өтіп болғаннан кейін оқушылардың бұл тақырыптарды қаншалықты меңгергенін байқау үшін сайыс сабағын өту мақсатым: 1.білімділік – «Сан есім» туралы білімдерін қорытындау; 2.дамытушылық – оқушылардың қабылдауын байқау осы тақырыпты жан-жақты дамыту, оқушы біліктілігін арттыру; 3.-тәрбиелік - жұмбақтар, мақал – мәтел арқылы оқушылардың сезіміне әсер етіп, әдет – ғұрып, салт – дәстүрлерді таныту, дарыту.

Сабақтың әдістері: сұрақ – жауап, ой жинақтау, оқулықпен, суретпен  жұмыс, сергіту сәті, қайталау.

Сабақтың корнекілігі: интерактивті тақта, карточкалар, оқулық, суреттер. «даналық ағашы».

Сабақтың түрі: қорытынды ойын сайыс сабағы.

 Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Түгендеу                            (2 мин)

2. Үй тапсырмасы: «Сан есімді қайталау»  (Сұрақ-жауап)     (3 мин)

3. Мотивация кезеңі:                                                                      (3 мин)

Жаңа сабақ: Қорытынды сабақ: «Сан есім»

Сынып екі топқа бөлінеді. Екі топтың аты «Сан есімге» байланысты қойылған.

«Ондық» «Жүздік». Сайыс 7 тапсырмадан тұрады, дұрыс жауапқа әр оқушыға жұлдызша беріледі, көп жұлдызша жинап алған топ жеңімпаз.

             1-тапсырма (Мақал – мәтел сайысы). Оқушылар бір-біріне сұрақ қояды, жауабы        міндетті түрде мақал-мәтелмен берілуі керек. (5 мин)

1. Ер неше рет өледі, қорқақ неше рет өледі?

2. Неше атасын білмеген жетесіз?

3. Неше рет піш, неше рет кес?

4. Жігітке неше өнер аз?

5. Неше сомың болғанша, неше досың болсын?

6. Неше досың аз, неше дұшпаның көп?

7.Неше қайғы, неше борышты өтемейді?

             2-тапсырма (Жұмбақ сайысы).  Екі топ бір – біріне сан есімге байланысты жұмбақ қояды.                                                            (5 мин)

            3-тапсырма (Тіл дамыту сайысы). Тақтада берілген сандарды сөзбен айту.                                                                                                 (4 мин)

12 часов 30 минут; 9 часов 10 минут; 15 часов 45 минут; 11 часов 45 минут;

17 часов 05 минут; 14 часов 15 минут; 16 часов 40 минут; 20 часов 30 минут.

           4-тапсырма ( «Қай күн?» ойыны).  Оқушылары  шығып, шеңберге тұрады, ортада мұғалім қолына доп алып әр оқушыға сұрақ қойып допты лақтырады, қай баланың қолына доп түссе, сол бала сұраққа жауап береді.

Сұрақтар:                                                                                         (5 мин)

  1. Бір ғасырда неше жыл бар?
  2. Бір жылда неше ай бар?
  3. Бір айда неше күн бар?
  4. Бір тәулікте неше сағат бар?
  5. Бір сағатта неше апта
  6. Бір аптада неше күн бар?
  7. Аптаның бірінші күні қай күн?
  8. Аптаның бесінші күні қай күн?
  9. Сен қай күні демаласың?
  10. Сен нешінші сыныпта оқисың?
  11. Отбасыңда неше адам бар?
  12. Бүгін сәуірдің нешесі?

 5-тапсырма (Санамақ). Санамақ оқып сан есімдерді тауып ауызша айту, мағынасы мен құрамына қарай талдау.                 (3 мин)

 Санамақ.

Бір дегенің-білім,

Білім-жарық күнің.

Екі дегенің-еңбек,

Еңбек бәрін жеңбек.

Үш дегенің-үміт,

Уайымсыз жігіт.

 6-тапсырма. Тақтада бір бағанда сан есімдер, екінші бағанда сан есімдердің анықамасы берілген. Бағыт арқылы жұптастыру.

                                                                                             (3 мин)

Сексен                                   дара, реттік сан есім

Алтау                                    күрделі, реттік сан есім

Екінші                                  бөлшектік сан есім

Елу шақты                           дара, есептік сан есім

Он сегізінші                        болжалдық сан есім

Отыз бір                               жинақтық сан есім

Екі бүтін оннан бір             күрделі, есептік сан есім

 7-тапсырма (Суретпен жұмыс) Сан есімдерді қатыстырып әңгіме құру.                                                                                    (5-мин)

 4. Бекіту.                                                                                      (5 мин)

«ДАНАЛЫҚ АҒАШЫ» ойыны.

Ағашта сабақ бойынша сұрақтар ілініп тұрады. Оқушылар бір-бірден алып, сұрақтарға жауап берулері керек.

 5. Бағалау.                                                                                  (1 мин)

Ең көп жұлдызша алған топты құттықтап, оқушыларды бағалаймыз.

 6. Үй жұмысын беру.                                                                (1 мин)

Өткен санамақты жаттау, сан есімді қайталау.

7. Оқушылармен қоштасу.

Комментарии пользователей /1/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения