Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
18.11.2013
0
1372
1

"Жалпы физикалық дайындық"

Казахстан, Актюбинская область, Мугалжарский район, г. Кандыагаш

Школа-гимназия №3

Учитель физической культуры

Бакиев Бериккали Закариевич

"Жалпы физикалық  дайындық"

Әрбір  сабақты  шығармашылықпен  өткізіп,  оқушылардың қимыл-қозғалыс  қасиеттерін дамыту, күш,  жігер қабілеттерін  арттыру,  ер  балаларды өз Отаның  қорғауға дайындау дене тәрбиесі пәнінің  негізгі  мақсаттарының бірі. Осы  орайда  оқушылардың  жалпы  физикалық  дайындығын дамыта  отырып,  ауданымыздағы тірек спорт түрі  болып  саналатын пауэрлифтинг  спортын  оқушылар арасында насихаттаудың  маңызы зор. Көпжылдық  спорттық бағдар  беру жұмыстарының  нәтижесінде мектеп оқушылары  арасынан 1 - Халықаралық   дәрежедегі  спорт шебері,  5 -  Қазақстан  Республикасының  спорт  шебері, 7 -  Қазақстан  Республикасының   спорт  шеберіне үміткер  атанды.

           Пауэрлифтинг  спортын  оқушылар арасында насихаттау мақсатында 11 сыныптың ер балалар тобымен өткізілген «Жалпы физикалық  дайындық» тақырыбындағысабақ  жоспарын ұсынамын. 

 Бауыржандай қатал бол,

 Отаныңа адал бол.

Білек күшін дамытып,

Ел  қорғайтын  адам бол!

         Сабақтың    мақсаты  мен  міндеттері:

1. Оқушылардың күш  қабілетін   және  бұлшық еттерінің  төзімділігін жетілдіру.  Пауэрлифтинг спортының   элементтерімен  таныстыру.

 2. Секіру  және  икемділік  қасиеттерін  дамыту. 

 3. Күшті  арттыруға арналған  жаттығуларды  пайдалана отырып,   жасөспірімдерді  Қазақстан Қарулы  күштер  қатарына  дайындау. Геркулес  сабақтарының арнайы  жаттығуларын   және  оқушылар  арасында  салауатты  өмір  салтын насихаттау.

          Сабақтың  жабдығы: зілтемір, қос сырық,  керме, қолданбалы  алақан (лапа), зілтемірге арналған  жабдықтар және  төсеніш.  

 

Сабақ бөлімі

Сабақ мазмұны

Мөлшері

Ұсыныстар

 

Кіріспе - дайындық  бөлімі

Кіріспе  сөз

Кең  байтақ қазақ жерін  қорғап  қалуда  Қаракерей  Қабанбай,  Қанжығалы  Бөгенбай,  Шапырашты  Наурызбай  т.б.  ерен  ерліктері  бар  батыр  бабаларымыз  бүгінгі  ұрпаққа  өшпес  өнеге.  Бабалар  аманатына адал  болу,  қасиетті  жерді  қорғап  қалу  сіздердің  алдарыңдағы  азаматтық борыш.

 

1 мин

 

Бір  қатарға  сапталу,  сәлемдесу,  сабақ  мақсатымен  таныстыру.

 

2 мин

 

 

 

 

 

Спорттық  киімге  көңіл аудару.

Саптық  жаттығулар:  оңға,  солға,  артқа  бұрылулар.

Жүрісті  сол аяқпен   бастау.

Жүріс түрлері:  саптық,  жорықтық,  спорттық  және  жәй  жүріс.

2 мин

Аяқты  бірдей алу.

Жеңіл  жүгіріс,  тыныс алу  жаттығулары.

 

Жалпы  дамыту,  дене  қыздыру  жаттығулары:

1)    қолды  жоғары көтеріп,  аяқтың  ұшымен жүру;

2)    қолды  белге  қойып,  өкшемен  жүру;

3)    аяқтың  сыртымен,  ішімен  жүру.

4 мин

Ара  қашықтықты  сақтау.

Жүгіру түрлері:

а) оң (сол) бүйірімен  тіркеме адыммен;

б) артқа  қарап  жүгіру;

в) тізені  көтеріп жүгіру;

г) аяқты  артқа  сермеп жүгіру;

д) аяқты  жанға  сермеп жүгіру.

 

Денені тік  ұстау

 

Қозғалыстағы  жаттығулар.

1-жаттығу:

  1. Б.қ.  оң қол  жоғары,  сол  қол  төмен;
  2. Керісінше;

2- жаттығу:

Қол кеуденің  алдында.

Қолды  кейін  серпу.

 

 

3 мин

 

Денені  тік  ұстап, қолды  түзу ұстау.

Негізгі  бөлім

 

 І.  «Айналмалы  жаттығу»  әдісі

         Оқушыларды   төрт топқа бөлу

2

Зілтемір

 

     13

Керме                                         Қос сырық 

 


4

Зілтемір

 

1-бекет тапсырмалары.

  1. Кермеге  тартылу.
  2. Кермеде күшпен тірек  қалпына шығу.

2-бекет тапсырмалары.

    Зілтемірді  жатқан  қалпында сыға көтеру

(50-70 кг).

3-бекет тапсырмалары. 

  1. Қос сырықта  тірелген қалыпта қолды  бүгіп-жазу.
  2. Қолтықпен  тіреліп,  серпілу  арқылы тірек қалпына  келу,  аяқты арыс үстіне  екі  бағытта жіберу,  қолды алға  ұстап,  иықпен тіреліп,  денені жоғары тіке  көтеру.

4-бекет тапсырмалары.

Зілтемірді иыққа салып,  отырып-тұру (70-100 кг).

Бір  лекке сапқа тұру.

 

ІІ. Шығыс  жекпе-жегі элементтері.

Мұғалімнің  тапсырмасымен  қолданбалы  алақанды (лапа) тебу.

а) бел  тұсында;

б) бас  тұсында;

в) бастан  жоғары  секіріп тебу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 мин

 

 

6 мин

 

 

6 мин

 

 

 

 

 

 

 

6 мин

 

 

 

 

6 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Денені тік ұстау.

 

 

Қауіпсіздік  ережесін сақтау.

Сақтандыру  шараларын орындау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ыңғайлы аяқты  пайдалану

Қорытынды бөлім.

 

 

Сапта жүріп  тыныс алу  жаттығулары.

 

Үй тапсырмасы.

 

Сабақты қорытындылау. 

 

3 мин

 

 


Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения