Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
09.11.2013
0
1829
0

"Жүрек-қантамырлар жүйесінің аурулары және олардың алдың алу"

Казахстан, Актюбинская область, Мугалжарский район

Основная школа им.В.И.Ленина 

Учитель биологии

Дузмагамбетова Дина Абылазиевна

"Жүрек-қантамырлар жүйесінің аурулары және олардың алдың алу"

Практикалық жұмыс ( I көмек көрсету )

Сабақтың мақсаты:

 Білімділік: Қан кеткенде, қан кету түрлерін ажырата білуге, анатомиялық физиологиялық түсініктерін қалыптастыру және олардың алдын алуға үйрету денсаулықты сақтауға және жүрек қан тамырлары ауруларының алдын-алуда жүректі жаттықтырудың маңызын көрсету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін синтездеу қорытындылау, нақтылау, дәлелдеу қасиетін дамыту. Жүйке жүйесінің қызметін үйрету.

Тәрбиелік: Оқушылардың қауіпсіздік техникасын және өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыру. Өзінің денсаулыған сақтауда жинақылыққа зейінділікке үйрету. Санитарлық гигиеналық дағдыларға тәрбиелеу. Салауатты өмір сүруге үйрету. Денесін жетілдіруге үйрету.

Көрнекіліші: “Жүрек” муляж, тонометр, жгут, иод, дәке,кестелер,суреттер.

Сабақтың типі: Практикалық сабақ.

Түрі: Қорытындылау сабағы

Әдістемелік шещім: Сұраққа жауап практика жұмыс ретінде өкенді қайталай отырып , қан тамыр ауруларына көмек көрсету.

 Сабақтың барысы:

I ) Ұжымдастыру кезеңі.

II ) Мұғалімнің сөзі.

III ) Жұмыстың барысы

   1) 2 оқушыға 1 тапсырма берілді барлығы 12 тапсырма

   2) Өз әрекеттерін есеп беру тапсырмасын нұсқау ретінде тақырып соңындағы нұсқауды алады.

1.Саусақтың басын аздап кесіп алғандағы көрініс!

Сұрақ :

1)қандай тамыр   

2)түсі    

3)ағу жылдамдығы   

4 )алғашқы көмек

 2.    Кәрі жілік сүегінің тұсында лықылдап қан ағып жатыр.

Сұрақ : 

1) Қандай тамыр? 

2)түсі қандай , неге?

3.     Уйде досың екеуің компьютермен көп ойнадыңдар бір мезгілде біреуіңнің    мұрыңдарыңнан қан кетті

Сұрақ :

1)Қандай тамыр

2) неге олай деп ойлайсың 

3) Алғашқы көмек 

4.Бір таныс ер бала болар болмас қолын кесіп алды сендер қанша жақсы алғашқы көмек көрсетсендер де қан тоқтамайды. Сен не болды деп ойлайсың? Қандай ауру болуы мүмкін алғашқы көмек кітаптан қарауыңа болат!

 5. Сенің ағаң үйленгелі жүр. Сендерден былай деп сұрайды, осы үйленейін деп жатырған жастар бір бірінің қандары жайында білу керек екен неге білесіңдерме? Сен не деп жауап қайтарасың?

6. Жүректің бұлшық етінің жұмысы мен жағдайын бүкіл әрекетін көрсететің қандай аппарат? Одан не көріп тұрсың

7. Неге жүрекке жасанды үгу(массаж) жасағанда 2 рет жүрек тұсын қатты үгіп 1 рет аузына үрлейді.

 8.Бұғана сүйегі тұсында қан фонтанша атқылап жатыр сұрақ.

1)қандай тамыр

2) неге олай деп оилайсың

3) 1 көмек

 9.ауырып тұрған адамның тамыр соғысын есептеп бер.

10.Ата-ана жиналысынан келген мамаң желкесі тартып, жүрегі айнып , басы аурып жатып қалды

1)сенің ойың , неге?

       1 көмек

11.30% қанын жоғалтқан адамға , егер сен дәрігер болсаң не істер едің.

         Жасар ісіңді ретімен айт.

 12. ортан жіліктің орта маңынан қан фонтанша атқылап жатыр.

      1) қандай тамыр , неге олай оилайсың

      2 ) 1 көмек

 IV) Сергіту сәті.

Шарты: Артериядан қан кету болса --- сол қолды көтер.

              Венадан қан кету болса—оң қолыңды көтер.

              Капелярдан қан кету болса—денеңді бұр.

Ал қызыл қан ағады                А сол

Қою қызыл қан ағады             В оң

Қан шапшып ағады                 А сол

Жарақаттаған жердің айналып қанайды             К

Жгут салу қажет емес  

Терәнәң беткі қабатты жарқатанса                      К

Тамырдың лүпілін анықтап қатты басу керек            А сол

V ) Менің жүрегімнің жағдайы ( тест)

Ия-2балл, жоқ-0, 1-анда-санда

1.Cіздің кеудеңіздің жүрек тұсында жайсыз сезімдер бола ма?

2.Артық күш түсіргендежүрек тұсы ауыра ма?

3.Тез жүргенде, сатымен жоғары көтерілгенде алқынасызба?

4.Жүрек жиі соғатын кездер көп бола ма?

5.Кешкісін аяқ ісіне ме?

6.Тыныштық кезде жүрек тұсы, кеуденің арты қысып ауыратын кез бола ма?

7.Бала кезде ангинамен жиі ауырдың ба?

8.Жүрек тұсы шаншып, сыздапауыратын кез бола ма?

9.А/Қ көтерілетін кез бола ма?

10.Психологиялық салмақтан кейін жүрегіңізде жайсыз сезім бола ма?

  0-5 балл. Сізде шағым болмаса-алыпты жағдай жақсы!

  0-10 балл. Жүрекке салмақ түсіп жүр-Күтім керек!

   10 одан жоғары болса және шағымыңыз болса. Сізге өзгеріс керек және дәрігерге қаралыңыз!

VI) Бағалау

Қорытынды: Жүректі жас кезіңде шынықтыр

                       Орта жаста- қорғап жүр.

                       Үлкейгенде -емдеп жүр.

Ағзаны үнемі шынықтырып, таңертең жаттығу жасап, спортпен айналысып, серуендеп, ақыл-ой еңбегін дене еңбегімен кезектестіру керек.

Уйге 40. I қатар темекінің жүректі улауы

               II қатар Алкогольдің жүрекке әсері

               III қатар  Аз қимылдың жүрекке тигізері

                                                                               (Мәнжазба)

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения