Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
07.11.2013
0
1710
3

"Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары"





Казахстан, Актюбинская область, Мугалжарский район, г. Кандыагаш

Школа-гимназия №3

Учитель химии

Ибраева Г.С.

"Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары"

Сабақтың мақсаты : бейорганикалық қосылыстардың кластары  бойынша алған алғашқы білімдерін қайталау,жүйелеу,қорытындылау

 Сабақтың міндеттері :

                                     1) Бейорганикалық қосылыстар туралы білімдерін пайдалана отырып,химиялық реакцияларды жаза білу,әр түрлі сан есептер шығару дағдыларын, логикалық және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту;

                                     2) Оқушылардың танымдық белсенділіктерін  арттыра отырып,жеке,жұптасып,шағын топта жұмыс істеуге дағдандыру,ойлау қабілеттерін дамыта отырып,шығармашылыққа,іздемпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : проблемалық ізденіс сабақ

Сабақтың формасы : «саяхатшылар клубы» .

Пед.технология : ТРИЗ,АҚТ

Құрал-жабдықтар: мультимедиялық презентация,видеофильм «Приключения капельки воды», әр экспедицияға ұлестірме тапсырмалар.

                            Сабақ барысы.

             І. Ұйымдастыру бөлімі.Мақсат қою.

             ІІ.Білімдерін пысықтау.

ІІ. «Саяхатшылар клубы

Дидактикалық ойынның мақсатың қою :

Балалар,араларыңызда саяхатқа шығуды ұнататындарың бар ма?басқа елдерге саяхаттауды армандайтындар барма?Кім алғаш материк ашушы болғысы келеді ?Мұның барлығы біздің бұгінгі сабағымызда мүмкін нәрселер.

Бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ,ол саяхат түрінде өтеді. Саяхат барысында біз тіпті «7 материкті» ашамыз.ол материкті елдерге,штаттарға бөлеміз,Әр елдің елтаңбасын ойлап табамыз.Қысқасы,біз бұл материктің жұмбағын шешеміз.

Сонымен, «саяхатшылар клубына » қош келдіңіздер!

«Саяхатшылар клубына» «жаңадан  7-ші материк» табылды деген ақпарат түсті. Ол бір-бірімен бұгазы  арқылы бөлінген төрт мемлекеттің қосындысынан тұрады.

Бізге осы материктің жұмбағын шешу үшін экспедиция даярлау қажет.

Саяхатқа шығуға дайындықтарыңды тексеру мақсатында мен сендерге «мозаика» тапсырмасын орындауға беремін.

Шығармашылық тапсырма №1 «мозаика» .

1-ші экспедиция:

Бейорганикалық заттардың формулалары берілген,кластарға бөліңдер:   Na2O,  KOH ,CaCl2, LiOH,.Fe(OH)2, AlCl3,  CaO, HCl, H2SO4, MgSO4, Al(OH)3, Al2O3 ,Ca(NO3)2, HNO3 ,HBr

 

Оксидтер

Негіздер

Қышқылдар

Тұздар

 

 

 

 

 2-ші экспедиция:

Бейорганикалық заттардың формулалары берілген,кластарға бөліңдер:

BaSO4, CaO,H2CO3, BaO, Ғе2О3, HCl,   Na2O,Ba(OH)2, MgS, K2O, Na2SO3, N2O3, Cr2S3, HNO3, HBr

Оксидтер

Негіздер

Қышқылдар

Тұздар

 

 

 

 

Сонымен,экспедициялар саяхатқа қажет барлық біліммен қаруланған.

Біздің міндетіміз-бұл «материктің» жұмбағын шешу. Бұл материкте кімдер тіршілік етеді? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін біз келесі тапсырманы орындаймыз.

Бұл тапсырманы орындай отырып елдерге ат беріп,елтаңбасын ойлап тауып,қажет болса елдерді штаттарға бөліңдер.

Шығармашылық тапсырма №2.

Массалық ұлестері бойынша заттын молекулалық формуласын табыңдар.

1-ші экспедиция:

1.w (Ғе) – 51,9 %                               2. w (Na) – 42.1 %

   W (О) -45,3 %                                     W (О) -39 %

   W (Н) -2,8 %                                          W (Р) -18.9 %

_______________                                  ______________

         Fe хOу Hz -?                                                       Naх PуOz- ?

2-ші экспедиция:

1. w (Н) – 2,0 %                                            2. w (С) – 42,8 %

   W (S) - 32.7 %                                              w (О) – 57,2 %

   W (О) - 65,3 %

_________________                               ----------------------

Н хSу Оz -?                                                                          СхОу-?

Көріп тұрғанымыздай бұл материктің географиялық орналасуы өте жайлы. Екі мұхитпен шектескен.Сондықтан бұл мемлекеттердің мұхит арқылы басқа елдермен сауда-саттық байланыс орнатуда мүмкіндіктері мол.

Қанеки,балалар,бұл елдер қай елдермен сауда байланысын орната алады: мұны білу үшін келесі тапсырманы орындайық.

Шығармашылық тапсырма №3.

1-ші экспедиция :

Химиялық реакция теңдеулерін аяқтап,теңестіріп,реакция типін анықтаңдар.

 а) ... + ... = NaCl + Н2

  б) ... + ... = CaSO4 + H2O

  в) К2 СО 3 + Н 2 à             

 г) Н3РО 4 + КОН  à

 д)Аl 2О 3 + НСl à

  е)CuCI2 + NaOH à

   ж)NaCI + AgNO3 à

              2-ші экспедиция :

Химиялық реакция теңдеулерін аяқтап,теңестіріп,реакция типін анықтаңдар.

a) ... + ... = MgCl2 + H2;

б) ... + ... = Zn(NO3)2 + H2O

в)Мg  + Н S О 4       à

г)Zn +   Н   3                   Р   О 4            à

 д)С    u   +   Н 2   S О  à

е)С u О  +   Н  S О 4  à

 ж)ZnСI2 + Н S О 4   à

Біз –бірімен бұғаз арқылы бөлінген аралдар екенің аштық.Енді өзара байланыс орната ала ма? Оны анықтау үшін келесі генетикалық байланысты шығару арқылы білетін боламыз.

«Генетика» деген сөздің мағынасын биология пәнінен білесіндер.

Генетика – гректің «генезиз» «шығу тегі» сөзінің негізінде алынған,

Заттардың жеке кластарының өзара байланысы арқылы бір-біріне айналуы генетикалық тектік байланыс деп аталады.

1-ші экспедиция :

Берілген заттардың тізімінен генетикалық байланыс құрыңдар.Химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар.

Nа ,  ВаSО4,  SО2,  Ва,  КСI,  РЬО,  ZnSО4,   Ва(ОН)2,  СО2,  ВаО.

 2-ші экспедиция :

Берілген заттардың тізімінен генетикалық байланыс құрыңдар.Химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар.

 Р2О5, Н2О, Н3РО4, МgO, К,Р, Са3(РО4)2, ВаО, SО2, ZnSО4.

 

Айналуларды жүзеге асырыңдар.Тиісті химиялық реакциялардың теңдеулерін жазыңдар. Егерде бастапқы заттың массасы 10 грамм болса,түзілген заттардың массаларын есептеңдер.

Біздің экспедициялар алдарына қойған мақсатқа жетіп, «7-ші Химиялық» материкті ашып,елге оралды.жарайсыңдар!

Соңғы тапсырмамыз-өздеріңмен бірге алып келген жаңалықтарыңа жарнама жасаңдар.

Шығармашылық тапсырма №4 шығармашылық жоба құру.

1-ші экспедиция -«Қышқылдар адам өмірінде,табиғатта».

2-ші экспедиция- «Оксидтер адам өмірінде,табиғатта».

 ІҮ.Сабақты қорытындылау.

Ү.Үйге тапсырма.

ҮІ. Рефлексия.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения