Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
07.11.2013
0
1069
0

"Әдебиет сабағында жеке тұлғаның рухани- адамгершілігін қалыптастырудың педагогикалық негіздері"

Казахстан, Кызылординская область, Аральский район, ауыл Аралкум

Средняя школа № 61

Учительница казахского языка и литературы

Ералиева Акнур Нуралыкызы 

"Әдебиет сабағында жеке тұлғаның рухани- адамгершілігін қалыптастырудың педагогикалық негіздері"

«Көпшілікті адамшылыққа тәрбиелеу

  үшін алдымен жас буынды

  тәрбиелеу керек»

М.Әуезов.

           Мектеп-болашақты қалыптастыратын алтын орда. Ал,болашақтың кілті-жас ұрпақта екендігі бәрімізге аян.Мұғалім-әр баланың жанын түсінуші,әрі оны жеке тұлға етіп,қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі,олай болса,ол күнбе-күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұнды істер атқаруы тиіс.Ал, оқыту- екі жақты процесс екені бәрімізге белгілі. Онда мұғаліммен оқушының өзара ынтымақтастық іс- әрекеті жүзеге асады. Яғни бұл- сабақ беру және оқу процесі. Осы процесте оқушылардың ақыл- ойы, танымы, білігі мен дағдысы қалыптаса отырып, әр оқушының жеке тұлға ретінде жан- жақты дамуы жүзеге асырылады. Оқыту процесі өзіне тән төмендегідей міндеттерді,талаптарды атқаруы тиіс.

    Яғни, оқытудың білім беру қызметі оқушыны біліммен қамтамасыз етеді, оны өз бетімен білім алуға, білік пен дағдыны игеруге даярлайды. Қазіргі педагог ғылымдардың пікірінше [П.Н.Пидкасистый, Т.А.Ильина, Р.М.Қоянбаев, Педагогика.-Астана,1998,И.П.Подласый. Педагогика. М.,1999-135 б.]білімді толық игеру үшін мынадай талаптар ескерілуі керек. Олар:

-         білімнің толықтылығы;

-         білімнің жүйілілігі, үйлесімділігі,пәнаралық байланыстылығы;

-         білімнің ұғымдылығы;

-         білімнің тәрбиелік сипаты;

-         білімнің әрекеттілігі,тапсырма орындау,пікірлесу;

     Бұл талаптардың ішінде біз жеке тұлғаның рухани- адамгершілігін дамыта оқытуда білімнің тәрбиелік сипатын басты нысанаға алдық. Демек, оқытудың білім беру функциясы ғылым негіздерін, білік пен дағдыны игерту үшін бойына жалпыазаматтық құндылықтарды жинақтаған білімді адам дайындауға бағытталуы тиіс. Өйткені жеке тұлғаның рухани- адамгершілігін қалыптастыруда  оның тәрбиелік функциясы негізгі рөл атқарады.

     Тәрбиелей отырып оқыту білімнің оқушы сеніміне айналуын сипаттайды және олардың сезімдерін оятып, мінез- құлықтарына ықпал етеді. Сөйтіп тәрбие мен оқыту процестері бірте –бірте өзін- өзі тәрбиелеу және өз бетімен білім алу процестеріне ұласады.

     Оқыту дамыта және тәрбиелей отырып, жеке тұлғаның таным қабілетін мақсатқа сәйкес жетілдіреді және ішкі мүмкіндіктерін жарыққа шығарады. Демек, жеке тұлғаның рухани- адамгершілігін дамыта отырып оқыту-бұл оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып ,ішкі сезімдеріне әсер ету арқылы таным  іс-әрекеттерін барынша дамыту. Сонымен қатар өзін өзгемен салыстыра отырып , өз бетімен жаңа білімді іздеп және оны қабілетіне қарай еркін игеруге үйрету,өзін-өзі тәрбиеленуіне басшылық жасау.

     Мұғалім мен оқушының сезімдік қарым-қатынасының да жеке тұлғаның рухани-адамгершілігінің дамуында ерекше мәні бар. Оқушылардың көңіл- күйіне қарай ұйымдастырылған сабақта ғана оң нәтижеге қол жеткізуге болады. Мұғалім мен оқушы арасында өзара сыйласымдық қатынас жеке тұлғаның рухани дамуына ықпал ететін жағымды эмоцияның орнауына жол ашады. Ал сабақ барысында жағымды эмоция құру шығармашылық жұмыстардың нәтижесінде жүзеге асады.

Мәселен, мектепте қазақ әдебиетін оқыту бағдарламасындағы шығармашылық жұмыстарының төмендегі формаларын басшылыққа алдым:

А) Батырлар, ғашықтық жырларын,әңгімелерді сахнаға айналдыра білу;

Ә) Бір әңгіме ұқсас екінші әңгімені ойдан шығарып айта білу;

Б)  Әңгіме,ертегі құрау,басталған әңгімені толық аяқтау;

     Ахмет Байтұрсынов: «Әдіссіз білім- мәнсіз білім» демекші[Баулу мектеп/ Жаңа мектеп журналы,№1, тамыз 1925ж] әдіс- тәсілің нақты болса оқыту процесі ұғымды болады. Демек,оқыту жұмысының нәтижелі болуы және оқыту әдістерін қолайлы етіп таңдап ала білу мұғалімге байланысты.Жеке тұлғаның рухани- адамгершілігін дамыта оқыту алуан түрлі іс- әрекет барысында жүзеге асады.

Мысалы, өнегелі адамдардың, ғалымдардың өмірі мен шығармашылығын, адамгершілік әрекеттерін талдау тұлға бойындағы рухани- адамгершілік қасиеттерін дамытуға игі ықпал етеді. Мысалы,Абай Құнанбайұлының шығармашылық,ағартушылық тағылымы шексіз.Ақынның кез келген лирикасы оқуға шақыру,еңбекке тәрбиелеу,теріс қылықтан аулақ болуға(надандық,еріншектік,залымдық)үндейді.Мұхтар Әуезовтің «Қараш- қараш» оқиғасын оқығанда ондағы кейіпкерлерге (Бақтығұл, Тектіғұл) мінездеме беріп,салыстыру жақсы,жаман қасиеттерін оқушы бойына сіңіре білу. Әдебиеттің басты міндеті оқушының сезіміне әсер ету, сол арқылы жақсылыққа, мінезге баулу, өмірдің сырын аңғарту. Сол тәжірибеде оқушыға жаманның атын атап, түсін түстеп көрсетпей- ақ, кез- келген жағдайдың жақсы жақтарын ғана қабылдауға үйретуді ,үлгі етуді мақсат ету басты міндет.Ал, «Көксерек» әңгімесінде табиғат пен адам арасындағы байланыс,адам баласының қоршаған ортаға үстемдік әрекеттерін ашу мақсатында, жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуына әсер ететін рухани-адамгершілік қасиеттерін шыңдайды,табиғатқа жауапкершілікпен қарауға үйретеді.Жүрегін ән тербеген сал-серілеріміздің ,мәселен Ақан сері  әндерін оқыту мен үнтаспадан тыңдату арқылы,оқушыны  оқиғалар негізінде өнерді бағалай білуге,таланттарды қадірлеуге,ән өнерін сүйіп, құрметтеуге тәрбиелейді. Ал,енді

жеке тұлғаның рухани- адамгершілігін дамыта оқытудың ұстанымдарына тоқталайық.

     Олардың ішіндегі негізгісі- оқыту процесінің мақсаттылық ұстанымы. Бұнда әр сабаққа даярлық ең алдымен оның мақсатын айқындайды. Себебі, оқыту формалары, мазмұны, әдістері олардың мақсаттарына байланысты. Сондықтан тәжірибе барысында сабақ мақсаты жеке тұлғаның рухани- адамгершілігін дамытуға арналған бағыттармен белгіленеді.

     Ал оқытудың ғылымилық ұстанымы табиғат, қоғам, мәдениет, ойлау дамуының заңдылықтарын білуді талап етеді. Талаптары:

1.Мәтін мазмұнының танымдық жағына көп көңіл аудару;

2. мәтінді талдауда мұғалім қазақ тілінің заңдылықтарымен тілдік ұғымдарды мысалдар арқылы дәлелдеп отыру;

3. Алынған материалдарды игертуде оқушының жас және жеке ерекшеліктері міндетті түрде ескерілу;

     Түсініктілік ұстанымы. Бұл ұстаным жеке тұлғаның рухани- адамгершілігін дамыта оқытуды оқушылардың дайындық деңгейіне сай, олардың өзіндік тұжырым жасауға, пікірін туғызатындай жағдайда ұйымдастыруды талап етеді. Түсініктілік ұстанымын жүзеге асыру үшін төмендегі бағыттар басшылыққа алынады:

-         жеңілден қиынға көшу;

-         қарапайымнан күрделіге көшу;

-         белгіліден белгісізге көшу;

     Жүйелік пен бірізділік ұстанымы жеке тұлғаның рухани- адамгершілігін дамыта оқу процесінде оқушыларды үнемі өз бетімен жұмыс істеуге, сонымен бірге олардың білімін жүйелі түрде тексеріп, есебін алып отыруға, оларды күнделікті сабақтарға жауапкершілікпен қарауға үйретеді.

     Саналылық пен белсенділік ұстанымы әдебиет сабағында берілген материал мазмұнын құрғақ жаттамай, саналы түрде меңгеруін, оның мазмұнын өмір шындығымен байланыстыра отырып, мәнің түсіне білуін талап етеді. Білім мазмұнын саналылықпен игеруде оқушының белсенділігі артып жеке қабілеті ашылады.

     Көрнекілік ұстанымы әдебиет сабақтарындағы ең қажетті құрал. Жеке тұлғаның рухани -адамгершілігін дамытуда оның рөлі зор. Көрнекілік ұстанымының бағыттары мынадай:

а) түрлі тақырыптағы картиналар, сюжетті суреттер;

ә) оқушыларды өздері салған суреттері бойынша сөйлету;

б) гербарий жасауға үйрету;

в) техникалық түрлі құралдарды қолдану;

Бұл тәсілдер тәжірибеде жақсы нәтиже берді.

    Өмірмен байланыстыру ұстанымы өзбетімен өмір сүруге икемді, өзіндік көзқарасы қалыптасқан, жан- жақты жетілген азамат тәрбиелеу.

    Сонымен, жұмыс барысында бірқатар ғалымдардың [С. Жиенбаев.Бастауыш мектепте кітап оқыту методикасы.-А,1939ж.65 бет, Қ.Жұбанов.Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.Алматы,1966,-298 бет, М.Жұмабаев.Педагогика.-Алматы:Ана тілі,1992-135-152 бет]тіл дамыту жөніндегі пікірлеріне сүйене отырып,әдебиет сабағында жеке тұлғаның  рухани-адамгершілігін дамыта оқыту үшін ең алдымен,төмендегідей талаптарды орындау қажет деп есептеймін.Олар:                

-         сөздің мәніне көңіл аудару;

-         сөйлеу тілінің мәдениетін көтеруге ықпал ету;

-         көркем сөздерді пайдалана отырып, байланыстыра сөйлеуге үйрету;

-         ойын әсерлі жеткізуге дағдыландыру;

-         жазбаша дұрыс, сауатты жазуға үйрету;

-         мәнерлі оқуға, өлең -тақпақтарды нақ ышына келтіріп оқуға, жаттап алуға жаттықтыру;

-         мәтін мазмұнын эмоциялық күйде жеткізе білуге үйрету;

-         мәтін мазмұны бойынша оқушының өзіндік көзқарасын білдіруіне аса көңіл бөлу; 

Осы ұстанымды ұстана отырып оқыту кез келген мұғалімнің сабағын әсерлі,тартымды етеді.Қазіргі мұғалім тек өз ісінің шебері ғана болып қоймай,уақыттың мағынасын,қоғам өзгерісін терең сезінуі керек.Себебі мемлекет абыройы бүгінгі жас ұрпақтың білімділігіне байланысты.Сөзімді қорытындылай келе,жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамытуда қарастырылған осы ұстаным мен міндеттер оқушы тәрбиесі мен жалпы дамуының келешегінің алғышарты болып табылады.

     Пайдаланылған әдебиеттер:

1. А.Байтұрсынов. Мектеп керектері.Тіл тағылымы-Алматы: Ана тілі,1992.-446 б.

2. М.Жұмабаев. Педагогика.-А,Ана тілі,1992 ж,160 б.

3. Қ.Жұбанов. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.-А,1966ж 298 б.

4. Ж.Қоянбаев. Педагогика. –Астана, 1998ж-253 бет.

5. Мектеп оқулығы. 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения