Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
12.09.2013
0
1475
0

«Жер – Ана жыламасын»

Казахстан,г. Кызылорда

Средняя школа №198

Учитель казахского языка и литературы

Исаева Гульнара Ибадулаевна

«Жер – Ана  жыламасын»

 Сабақтың мақсаты:

Білімділік; а) Мәтінді түсіне, мәнерлей оқи отырып, сөз тіркестерін ажырату. Мәтіннің тақырыбын ашу, мазмұнын есте сақтау.

ә) Әңгімелесу, сұрак - жауап арқылы тіл дамыту, өз ойын

жеткізу, сұрақтарға epкін  жауап беру,

б) Тілдік материалдарды меңгеру, синоним, антонимдерді мәтіннен табу. Баяндауышты қайталау арқылы өткен сабақты бекіту

Дамытушылық: Мәтінді қазақ тілінде еркін мазмұндауды дамыту,

сөздік қорын молайту, ойлау шеберлігін дамыту, сөйлеу,

                         жазу мәдениетін дамыту.

 Тәрбиелік: Туған елін, жерін суюге, қорғап, сақтай білүге тәрбиелеу.

                        Елжандылық, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Ақын, жазушылар

                        шығармаларын оқып, үлгі тұтуға, ана тілін ардақтауға, сөз енеріне

                        сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.

 Сабақтың типі:     Жаңа материалдармен таныстыру.

 Көрнекілік құрал - жабдық:   Интерактивті тақта, суреттер, ассоциация,

                               сөзжұмбақ, ақын өлеңі.

Пәнаралык байланыс:          Әдебиет, тарих, география.

 Сабақтың әдісі:   Модульды оқыту, интерактивті, коммуникативті

оқыту, оқу, сөйлеу, жазу, тыңдау.

Сабақтың барысы:  1. Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу, түгелдеу,

оқушылар назарын, ықыласын сабаққа аудару)

2. Сабақты сөйлесуден бастаймыз.

-         Балалар, бүгін қай күн?

-         Аптаның нешінші күні?

-         Қазіip қай ай?

-         Жылдың қай мезгілі?

-         Күзде ауа - райы қандай болады?

-         Табиғатта қандай өзгерістер болады?

-         Ағаштардың  жапырақтары қандай түске енеді?

-         Аңдар, құстар, жан - жануарлар не істейді?

-         Адамдар не істейді?

Үй тапсырмасын тексеру:  Үйге баяндауыштың ережесін жаттап келу,

4,1.5 - жаттығуды жазып келу

  Үй тапсырмасын сұрақтар қою арқылы тексеру, ассоциация құру. 

  1. Баяндауыштың сұрактары қандай?
  2. Баяндауыш нені білдіреді?
  3. Сөйлемнің кандай мүшeci?
  4. Баяндауыштың неше түрі бар?
  5. Баяндауыш қандай сөз таптарынан жасалады?

4,1.5 - жаттығудағы тақтада жазылған үлгі арқылы салыстыра отырып тексереміз.

Міне , балалар, көрдіңдер ме, біз ғана емес, біздің  ата - бабаларымыз да табиғатқа қараған екен, табиғатты корғаған екен.

Жаңа сабақ: - Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

                            «Жер - Ана жыламасын» (Чтобы не плакала Мать - Земля)

                          - Мен жаңа тақырыпты бастамас бұрын мынадай әңгіме айтып бергім келіп тұр.

Тыңдап - ұғу:     Бейбіт бақшада балшық кешіп, жерді қопарып ойнап

(Аудирование),        жүрген. Қасымнан өтіп  бара жатқан 6ip қария кici:

Әй, балам, жepдi неге қорлайсың? Қадірлеп күтпейсің  бе, ол сенің асыраушы анаң ғой, - деді. Бейбіт үйіне келіп, анасынан сұрады. Апа, маған бip қария жерді босқа қопарма, ол сенің анаң деді, ол не дегені?Анасы бұл жайды баласына түсіндірді. Жер – бәріміздің анамыз, онсыз тіршілік жоқ. Бейбіт сонда да түсіне қоймады. Адамға қажет нәрсенің бәрі жерден өнеді. Қағаз, қарындаш, ағаш, темір де жерден шығады. Мысалы, қаймақты сиырдың сүтінен аламыз. Сиыр жердің шөбін жейді, сосын сүт береді, сүт болмаса қаймақ қайдан келеді? Сондықтан да жер – бәріміздің асыраушы анамыз, - деп түсіндірді. Бейбіт анасының әр сөзіне зейін қойып тыңдады. Түстен кейін бақшаға барып, шашып ойнаған топырақты тегістеді

                                 (Мәтіннің мазмұнын  сұрақтар қоя отырып, түсіндіру)

Жаңа мәтінмен жұмыс:      1. Мәтіннің мазмұнын айтып беремін

  1. Сөздік жұмысы.
  2. Мәтінді жаңа сөздердің көмегімен аудару.

Пікірлесу:      Мәтін  бойынша сұрақтарға жауап алу.

Тапсырмалар орындау:  (Жазбаша). Таза сөйлеп, тіл байлығын арттыру

                                                         мақсатында:

                                                   1.  Сөздердің синонимдерін табу: тіршілік ету - емір сүру;    

                                                         асырап отыр - бағып отыр; қауіп - катер; қазіргі  уақытта –

                                                         қaзipгi заманда, қазіргі таңда; дүние жүзі - әлем, ғаламшар.

                                       2.    Мәтіндегі сөздердің антонимдерін  табу: отыр - тұр; бұрын –

                                              қазір; бар - жоқ; ашылды - жабылды; үлкен - кіші; бірінші -   

                                             соңғы; басталды - аяқталды.

                                                    3.     423 - жаттығу. Мәтінді пайдаланып, қате кұрылған сөйлемді   

                                                             дұрыс жазу.

                                                    4.   « Полиглот» сөзжұмбағын шешу.

                                                    5.    5 жолды өлең жолын жазу.

                                                    6.   Қорыту: Ж.Кенебаевтың  «Азамат үні» өлеңімен аяқтау.

Уйге      1) 421-жаттығу.

              2) Мәтінді түсініп оқып мазмұнын айту.

Багалау:

Сабақты аяқтау:   Табиғатты қорғап, аялайық, балалар!

                                   Елімізде бейбітшілік болсын!

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения