Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
12.09.2013
0
5113
0

Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» повесінен үзінді.

Казахстан,г. Кызылорда

Средняя школа №198

Учитель казахского языка и литературы

Исаева Гульнара Ибадулаевна

Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» повесінен үзінді.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік :                Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру. «Ұшқан ұя» повесінен үзіндімен таныстыру, оның идеясын ашу.

2.Дамытушылық:     Оқушының  мәтінмен  жұмыс  дағдысын,   дүниетанымын, ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту.                                                                                                                                                                           

3.Тәрбиелік:                  Ұлы даланың алып ұлы Б. Момышұлына, қазақ даласына,  Отанға деген құрмет сезімін тәрбиелеуге ықпал ету. 

Сабақтың түрі:             Жаңа білімді игеру сабағы.

Әдіс тәсілдері:              Баяндау, сұрақ – жауап, мәнерлеп оқу,тапсырмалар орындау.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, Бауыржанның портреті, суреттері, шығармалары, қосымша материалдар.    

Пәнаралық байланыс:     Тарих.

Сабақтың барысы:          1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Сабақтың  мақсаты,  барысымен таныстыру.

таныстыру.

3. Жаңа сабақ.

Эпиграф:

Мен де қазақпын жаралған сүйек-еттен,

Менде ар бар, менде ой бар жан тебіренткен.

Халқымның қарапайым бір ұлымын

Жанымды арым үшін құрбан еткен.

(Б.Момышұлы)

Жанын ары үшін құрбан еткен кім екен? Ол қандай адам болды екен?  Міне осы сұрақтарға бүгінгі сабағымызда жауап алатын боламыз.

Олай болса , бүгінгі сабағымыздың тақырыбы :  Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесінен үзінді.

1.Қазір мен сіздерге жазушының автобиографиясынан мағлұматтар беремін.

2.Мәтінмен жұмыс.  (151-бет. Артық болмас білгенің)  Оқылым.

Берілген сұрақтардың жауабын мәтіннен тауып оқы.                                                                                                                              3. Сұрақтар арқылы ассоциация құру.

а) Қазақтың перзенті;

ә) 20 ғ саңлағы;

б) Гвардия полковнигі;

в) Даңқты қолбасшы;

г) Әскери жазушы;

д)Халық қаһарманы;

е) батыр;

4.Үй тапсырмасын сұрау арқылы жаңа сабақты бекіту.

Мәтін мазмұнымен үйде танысып келуге берілген болатын.

Ой шақыру:

Ұшқан ұя сөзін естігенде ойымызға не келеді?

Олай болса,   жазушының ұшқан ұясы, қызығы мен қиыншылығы мол балалық шағы, өсіп-өнген ортасы мен алған таным-тағылымы туралы сыр шертетін шығармасын оқу арқылы батыр атамыздың қайталанбас  өмір жолының куәсі болайық. Ол үшін  дайындап келген әңгіме мазмұны бойынша келесі тапсырмаларды орындаймыз.

1-тапсырма.   Сұрақ-жауап.

А) Әңгіме не туралы?

Ә)Бауыржанның атасы кім?

Б)Әкесі кім?

В) Анасы туралы не айтасыңдар?

Г) Бауыржан қашан дүниеге келді?

2-тапсырма.

1.Мәтінді бөлімдерге бөліп, әр бөлімге тақырып қойыңдар.

2. Әр бөлімнің негізгі ойын білдіретін сөздер мен сөз тіркестерін мәтіннен табыңдар.

3.Әр бөлімді қысқаша мазмұнда.

1-бөлім: «Менің  отбасым»

Тірек сөздер: менің бабам, әкем, әжем, шешем;

2-бөлім:» Бауыржанның дүниеге келуі»

Менің әкемнің айтуынша, мен 1910 жылдың 24декабрінде дүниеге келіппін.

3-бөлім: Менің әкем немесе өмірлік өнеге.(Негізгі бөлім)

4-бөлім: Аспанмен тілдескен ақбас шоқылар немесе туған жер табиғаты.

Әлгі бір күн шоқыдан шығып келе жатқан шақтағы ғажайып суреттен...(соңғы сөйлем)

3-тапсырма.

Мәтіндегі барлық кейіпкерлерді  ата. Оларға берілген сипаттаманы мәтіннен тауып оқы.

4-тапсырма.

Мәтіннен оқиға орын алған жерді ата.

Әулиеата- Жамбыл- Тараз.

5- тапсырма.  Дәптермен жұмыс.

От жанарлы, перзент, аса ажарлы сөздеріне түсінік беріп, сөздердің синонимдерін табыңдар.

От жанарлы-жалынды-көзі жанып тұр- жарқырап тұр

Перзент-бала- ұл-сәби

Аса  ажарлы-келбетті- сұлу.

6-тапсырма.

Үзіндіде қазақ халқының  қандай салт-дәстүрі берілген? Түсінік бер.

Салт- дәстүр                 -------------                   түсінік

7-тапсырма.  Әдебиет теориясы.

Өздерің оқып танысқан жазушы шығармасының ерекшелігі неде, әдеби жанрдың қай түріне жатады?  Міне осы сұрақтарға    әдебиет теориясынан жауап іздеп көрейік.

Автобиографиялық шығарма туралы түсінік.

Афтобиографиялық шығарма немесе өмірбаяндық шығарма дегеніміз – жазушының өзі өмір сүрген қоғам жайын өзі көрген- -білгенімен  ұштастыра, тарихи тұрғыдан баяндайтын  деректі көркем шығармалар жинағы. Онда автордың тек өмірбаяны қамтылып қоймай, ішкі жан-дүниесі, ой-сезімі, арман- мүддесі, айналадағы адамдармен қарым-қатынасы арқау болады. Өмірбаяндық жанрдағы шығармалар көбіне қарасөз түрінде жазылады.

Поэзия сәтіне кезек берелік. Баукең тек жазушы емес өлең шығарған ақын  да екен. Балалардың үйден жаттап келген өлеңдері бар екен соны тыңдап көрелік. Өлеңдері: Отан үшін отқа түскен өлмеген, Ана тілін ардақта, Досыма, Толғау т.б.

Қанатты сөздері:  Халық батырының ақыл ай- ойынан , ақын жанды шабытынан сұрапыл жылдарда туған, қазірде халықтық мұраға  айналған қанатты сөздері де мол:  Отан үшін отқа түс –күймейсің, Намысты нанға сатпа, Арлы адам ардақты т.б .

Қорыту. Рефлексия.

1.Бүгінгі сабағымыздан не білдік?

2.Бауыржанды оқу арқылы  біз қандай тәрбие алдық?

Бауыржанды оқу арқылы  біз қандай тәрбие алдық?

3.Сабақ ұнады ма , несімен?

Бағлау.

Үйге тапсырма:       Отбасыларың туралы автобиографиялық әңгіме жазып келіңдер.

  • Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!
Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения