Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
06.06.2013
0
1508
0

Ресей Федерациясы

Казахстан,Кызылординская область,г. Аральск

Многопрофильный колледж г. Аральска

Учитель географии

Серикбаева Галия

Ресей Федерациясы 

Сабақтың мақсаты: Ресей Федерациясының экономикалық-географиялық жағдайының басты ерекшеліктері, географиялық жағдайына әсер етуі туралы және Ресейдің қазіргі жағдайына талдау жасау. 

Білімділік: Ресей Федерациясының экономикалық –географиялық жағдайы мен мемлекетінің қалыптасу тарихы және ерекшеліктері  туралы мағлұмат беру.

 Дамытушылық: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын кеңейту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды шет елдердің экономикалық-географиялық жағдайын зерттеуде ұқыптылыққа баулу.

 Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгерту, кіріптірілген сабақ

 Сабақтың әдісі: оқушылармен жеке жұмыс, жаңа материалды меңгерту, ассосация, таблицамен жұмыс, үлестірмелі тест арқылы бақылау, бағалау.

 Пән аралық байланыс: Тарих, нарықтық экономика

 Көрнекіліктері: Дүние жүзінің саяси картасы, проектор, техникалық оқу құралы, сызба таблица, оқулық, үлестірмелі тест.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың сабаққа қатысуын түгелдеп, сабаққа назарын аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Сұрақтар:

  1. 1.     ТМД елдері  қашан құрылды

(1992жылы  құрылды)

  1. 2.     ТМД-құрамына неше ел кіреді?

(12  мемлекет кіреді)

  1. 3.     Қазақстан мен  ТМД елдерінің арасында қарым-қатынастың айқын көрінісі не?

(сыртқы сауда, импорт, экспорт)

 ІІІ. Өтілген сабақты  қортындылау

ТМД елдерінің экономикалық одағын құру туралы келісім шарт1992 жылы  жасалды экономикалық одаққа 12 мемлекет кірді.

 

 

 

ТМД елдерінің халқы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Елдер

Жалпы саны, млн адам

Демографиялық көрсеткіштер

экономикалық белсенді халық (ЭБХ) саны

туу коэффиценті

өлім жетім коэффициенті

табиғи өсім

өмір сүру ұзақтығы, жасы

Қазақстан

15,07

18

10

0,8

66

7,8

Армения

3,2

10

6

0,4

75

1,5

Әзербайжан

8,3

15

6

0,9

72

3,7

Беларусь

9,8

9

14

-0,5

68

4,6

Грузия

4,3

9

8

0,2

73

2,4

Қырғызстан

5,1

22

7

1,5

67

1,8

Молдова

3,4

11

11

0

67

1,8

Өзбекстан

25,1

23

6

1,7

69

8,8

Ресей Федерациясы

145,2

8

15

-0,6

67

70,3

Тәжікстан

6,8

21

5

1,6

68

1,9

Түркіменстан

4,8

21

6

1,5

66

1,9

Украйна

47,3

4,8

14

-0,6

68

26

IV. Жаңа сабақ:  

 Экономикалық-географиялық жағдайы.

 Ресей Федерациясы –Еуразияның солтүстік шығысында орналасқан, аумағы жалпы құрлықтың 1/8 бөлігін қамтитын, жерінің ауданы жөнінен дүние жүзінде бірінші орын алатын аса ірі мемлекет. Ресей жері Батыстан Шығысқа қарай 9мың км-ге солтүстіктен оңтүстікке қарай 4мың км-ге созылып жатыр.Ел аумағы 11сағаттық белдеуді қамтиды.

Ресей аумағының 1/4 Еуропада,3/4Азияда орналасқан.Оның жағалауларын үш мұхиттыңсулары шайып жатыр.Ресей Федерациясының шекараларының шекараларының жалпы ұзындығы 58,3 мыңкм,соныңішінде теңіздік шекаралар 38 мың км-ді құрайды.

Ресейдің әлемдегі ең ірі материкте орналасуы оның экономикалық-географиялық жағдайының қолайлы жағы болып табылады. Өйткені Еуразияда дүние жүзі мемлекеттерінің 40 пайыздан астамы, халықтың басым көпшілігі орналасқан. Жалпы алғанда, Ресейдің 12мемлекетпен теңіздік шекарасы бар, ал 14 мемлекетпен құрлық арқылы байланысқан. Ресей құрамына енетін Калининград облысы анклав болып табылады, өйткені оның елдің негізгі бөлігімен ортақ шекаралары жоқ..

Тарих пәнінің мұғалімі С.Дәрменова Ресей Федерациясының тарихына шолу жасайды.

Мемлекеттік қалыптасу тарихы.

Ресей- сан ғасырлық тарихы бар ежелгі мемлекеттердің бірі. Орыс мемлекеті айқын ажыратылатын табиғи шептері жоқ. аумақта қалыптасты. Сондықтан орыс жері талай рет сыртқы жаудың шапқыншылығына ұшырады. Бытыраңқы орыс жерлерінің Мәскеу айналасында бірігуі XIV-XV ғасырларда жүрді.  XV ғасырдың 80 жылдарына қарай татар-монғол езгісінен толығымен босаған орыс жерлері біртұтас мемлекетті құрады.

1721 жылдан бастап Орыс мемлекеті империя деп атала бастады. 1722 жылы елдің оңтүстік шекараларын нығайту мақсатында І Петр Кавказ бен Иранға жорығын бастады.   

V. Жаңа сабақты бекіту.

  VI. Сабақты қорытындылау, бағалау

Ресей Федерациясы құрамына тең құқықтық федерациялық бірліктер: 21 республика, 9 дербес округ, 1 дербес облыс, 6 өлке, 49 облыс, 2 қала енеді.Әрбір федерациялық бірліктің заң шығару, сот және басқа органдары бар. Сонымен қатар Ресей Федерациясы аумағанда мемлекеттік биліктің біріңғай органдары қызмет етеді, жалпыға ортақ конституция, бірегей азаматтық, ортақ ақша бірлігі және т.б тағайындалған.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения