Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
20.05.2013
0
835
0

"Қайсар"

Казахстан, г. Талдыкорган

Средняя школа №7 имени К.Ушинского

Учитель начальных классов

Спанбетова Дильнара Доскадыровна

"Қайсар"

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қайсар деген оқушы туралы түсінік беру.

Міндеттері:

Білімділік: Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қасиеттерді айыра отырып, адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білу туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың сауаттылықтарын арттыру, қызығушылығын ояту, түсініп оқу, сауатты жазу, есте сақтау, сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.   

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: Балалардың суреттері, оқулық, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы.

  1. I.                  Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушыларын түгендеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. 

Психологиялық жаттығу.

Куанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге. 

  1. II.               Үй тапсырмасын тексеру.

-         Балалар үйге қандай тапсырма берілді? (Жел мен Күн.)

-         Жел мен Күн не деп дауласты?

-         Жел өз ойын неліктен іске асыра алмады?

-         Жолаушы Күнге неге риза болды?

  1. III.           Жаңа сабаққа әзірлік.
  2. IV.           Ребусты шешейік.

-         Ендеше бүгінгі тақырыбымыз

  1. V.               Жаңа сабақ.

1927ж 20 маусымда Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданында туған.
 Қызылорда пединститутының қазақ тілі және әдебиет факультетін 1949 жылы бітірген. Содан кейін он екі жылдай туған облысында халық ағарту қызметінде болады.
Алпысыншы жылдары «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінің бөлім меңгерушісі, «Жазушы» баспасының редакторы міндеттерін атқарады.  «Білім және еңбек» журналының  бөлім меңгерушісі қызметін атқарған.Еңбек ардагері,Қазақстан Жазушылар одағы сыйлық лауреаты.  

 

  1.Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді оқу.

Түсіндіру.

Оқушыларға мәтінді тізбектеп оқыту.

 Қайсар

 

      Ағаш арасында ойнап жүрген балалардың дабыры үдей түсті. Қасымдағы бейтаныс бала солай қарай жүгіре жөнелді.Бір ағашқа жете беріп, түбіне еңкейді.Бір топ бала солай қарай лап қойды.Көзді ашып – жұмғанша апыр топыр болды да кетті.Айғай сап, мен де тұра ұмтылдым.Сотқарлар қаша жөнелді.

      Байқасам,кәдімгі тарғыл мысықты мойнынан ағашқа байлап қойыпты.Мысық бейшара көзі шатынап қалш-қалш етеді.Сотқар балалар таспен атқылапты.Араша түскен бала мысықтың мойнына байланған жіпті шеше алмай жатыр екен.Мен бәкімді алып,жіпті қиып жібердім.Қасымдағы  сүйкімді балаға мейірлене қарадым.

- Атың кім,айналайын?

- Қайсар.

- Балам,бетіңді бірдеңе жырып кетіпті ,ғой,-дедім.

- Ештеңе етпейді,-деді Қайсар.

2. ? Сұрақтар.

-Бейтаныс бала неге ағаш арасына жүгірді?

- Сотқар балалар деп қандай балаларды айтуға болады?

- Қайсар қандай бала?

 3.Сергіту сәті.

                4. Дәптермен жұмыс.

Күннің ретін жазу. Сабақтың тақырыбын жазу.

6. Мақал мәтелдер жазу.

1. Үлкенді сыйласаң - қадірлі боларсың

Кішіні сыйласаң - құрметті боларсың        

2. Жаманға шөп батады

Жақсыға сөз батады

3. Әдепсіз бала - аяққа басылған шала

4. Жақсылық қылсан, бүтін қыл

5. Ар қайда болса, ұят сонда

 VI.           Сабақты қорытындылау.

-         Бүгін сабақта не білдік?

-         Біз нені білдік?

-         Қайсар қандай іс жасады?

  1. VII.        Бағалау. Оқушылардың білімдерін бағалау.
  2. VIII.    Үйге тапсырма. Қайсар оқу, әңгімелеу.
Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения