Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
20.05.2013
0
1505
0

"Бесік"

Казахстан, г. Талдыкорган

Средняя школа №7 имени К.Ушинского

Учитель начальных классов

Спанбетова Дильнара Доскадыровна

"Бесік"

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға бесік  туралы түсінік беру.

Білімділік:Оқушыларды қазақтың салт-дәстүрімен, әдет ғұрпымен таныстыру .

Дамытушылық:  Анаға деген сүйіспеншілігін арттыру, үлкенге ізет, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.   

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: Балалардың суреттері, оқулық, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы.

  1. I.                  Ұйымдастыру кезеңі. Сынып оқушыларын түгендеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. 

Психологиялық жаттығу.

Куанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге. 

  1. II.               Үй тапсырмасын тексеру.
  • Балалар, біз алдыңғы сабақта үлкен тарауды аяқтап, қорытындыладық.Ол қандай тарау. 
  • Өнегелі өмір
  • Неге олай айтылып тұр.

-         Себебі, ол тарауда ұлы  адамдар  туралы  айтылады. Ұлы адамдарды бүкіл әлем біледі.Мысалы батырлар елі үшін күрессе,ұлы ақын,жазушылар халқының болашағын ойлап,жақсылықты жырлайды.

-         Ендеше осы  ұлы адамдар  туралы тарауды қайталап жіберейік.

-         Қандай ұлы адамдар туралы өттік?

-         1-бала     Жамбыл Жабаев, Ш.Уалиханов,  Ахмет Жұбанов,

-         2-ші бала Құрманзағы,Дина Нұрписова, Әнші Әміре, Ғабиден ата

-         3-ші бала Қажмұқан, ержүрек қыздар Мәншүк пен Әлия

-         4- бала Талғат Бигелдинов, Мұстафа Шоқай

-         Балалар, осы ұлы адамдардың барлығын дүниеге әкелген кім?

-         Ана!

Көрбіңдер ме батыр да, дана да, ақында  алыпта анадан туады екен.

  1. III.           Жаңа сабаққа әзірлік.

-         Олай болса тақтадағы жазуға көңіл аударыңдар.

 -         Ана

-         Сендер аналарыңды жақсы көресіңдер ме?

-         Ия!

-         Олай болса, өздеріңнің аналарыңа деген  жақсы көрушілік сезімдеріңді қалай жеткізер едіңдер?

-         Оқушылардың жауабы.

-         Барлығымыз тақтадағы жазуға көңіл аударайық. 

-         Ненің суретін көріп тұрмыз?

-         Сөз жұмбақтың.

-         Осы сөз жұмбақты шешу арқылы біз өзімізге қымбат бір сөзді табамыз.

  1. IV.           Сөз жұмбақ.

Жаңа сабақ.

-         Ендеше біздің бүгінгі тақырыбымыз 

 -         Бесікке бөлеу қазақтың салт – дәстүріне жатады.

-         Бұдан басқа қандай салт дәстүрді білесіңдер?

-         Шілдехана  тойы, бесікке салу, қырқынан шығару, тысау кесер,тілашар тойы,сүндетке отырғызу, сырға салу т.б.

-         Бесік  ағаштан, талдан, қайыңнан, қарағайдан  иіп жасалады.

-         Бесіктің құрылысымен таныстыру:

  1. Алдыңғы бас (бөген )
  2. Артқы бас (бөген)
  3. Белағаш (арқалық,арыс)
  4. Жақтау.
  5. Жорға табан.
  6. Сабау.
  7. Тақтай
  8. Түбек.
  9. Шабақ.

10. Шүмек.

  • Балалар  баланы бесікке  жатқызар кезде бірінші аластап алады .

Бұрынғы кезде әжелеріміз отпен,отқа тұзды шашу арқылы аластаған,кәзіргі кезде  сіріңкемен  де аластайды.

   Аластауды бесікке көрсету.

Алас,алас баладан алас

Иесі келді,пәлесі көш!

Алас,алас бәледен алас,

Көзі жаманның көзінен алас,

Тілі жаманның тілінен алас.

         Бесік туралы алған білімдерімізді толықтыру үшін  2 топқа бөлініп, бесік туралы не білетінімізді  дәлелдейік.

  1.                                                          I.            топ – шығарма  жазады .
  2.                                                       II.            топ  - сурет салады.

Әр топ өз жұмыстарын оқып,дәлелдейді.

-         Бесікке бөлегеннен кейін, бесік жырын айтады.

-         Бесік жырының авторы халық. Ауыз әдебиеті бұрынғы адамдар жазуды білмеген кезде ән,жыр,күйді  балалары естіп, ұғып алған,оны өз балаларына үйреткен,сөйтіп осы дәуірге жеткен.

-         Балалар сендер  музык сабағынан бесік жырын үйрендіңдер ғой, кәне бәріміз қосылып бесік жырын айтайық.

Сергіту сәті:

   Әлди әлди ақ бөпем

  Ақ бесікке жат бөпем

Жылама бөпем жылама

Көздің жасын бұлама

Мақал мәтелдер айту. Сұрақтар.

-         Бесік неден жасалынады?

-         Аласөлеңі не ішін айтылады?

-         Бесік жыры не үшін керек?

  1. V.               Сабақты қорытындылау.

-         Бүгін сабақта не білдік?

  1. VI.            Бағалау. Оқушылардың білімдерін бағалау.
  2. Үй тапсырмасын беру.  Бесік жырын  толық жаттап келу.
Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения