Александр
Должность:не указана
Группа:Команда портала
Страна:Харьков
Регион:не указан
07.05.2013
0
1875
0

Оқушыларға шығармашылық тапсырмалар беру арқылы ізденімпаздық қабілеттерін дамыту

Казахстан, Көкшетау қаласы

(қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп – интернаты
Технология және бейнелеу пәнінің мұғалімі 

Шаяхметова Салтанат Советовна

Оқушыларға шығармашылық тапсырмалар беру арқылы ізденімпаздық қабілеттерін дамыту

Менің   кейінгі екі жылда   технология сабағын беруде түйінді мәселем: Оқушыларға  шығармашылық  жұмыстар беру арқылы ізденімпаздық қабілеттерін  дамыту болып табылады(1)

Шығармашылық сөзінің төркіні - «шығару»,«іздену», «ойлап табу» деген ұғымды білдіреді.Демек, бұрын тәжірибеде болмаған жаңа нәрсе ойлап табу, жетістікке қол жеткізу деген  мағынаны білдіреді екен.

.Шығармашылық жұмыс беру арқылы баланың ізденімпаздық қабілетін дамытудаға  апаратын бірден- бір жолы деп есептеймін.(2)

Шығармашылық тапсырмаларды оқушының қабілетіне, пәнге деген сүйіспеншілігіне байланысты оқуға қойылатын талаптарын басшылыққа ала отырып, жүргізген жөн. Ол үшін оны орындауға жеңіл етіп берген тиімді болмақ. Бір сабақтың өзінде бірнеше тапсырма ұсынып, таңдап орындауды баланың өз қалауына қалдыру керек. Өте жемісті тәсілдердің бірі – тапсырмаларды жүйеге бөліп, оқушының біліміне, қызығушылықтары ескере отырып, қабілетіне байланысты ұсынуға болады. Сыныптағы балалардың бірі зерек те алғыр, бірі енжар, бірі баяу, бірі тым пысық.
Ал, менің бәріне беретін білімімнің мазмұны мен қоятын талабым бірдей де, олардың мұны қабылдауы түрліше.
Оқушы білімін арттыру, пәнге қызықтыру үшін оқытуды жалпы алғанда ең бірінші оқушылардың неге қызығатынын анықталып, бастау керек деген ойдамын. арттыру

Оқушыларға қойылатын талап:

 Алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу;

 Қорытынды жасап отыру.

 Қосымша материалдар табу, іздену.

 Өзін - өзі талдауды, өзін - өзі бағалай білуді меңгеру;(3)

 Мысал ретінде «Технология»  сабағы бойынша   Интерьер тақырыбына өткізілген «Пәтерді әрлеу» сабағына қысқаша тоқталып кетсем.   Сабақтың мақсаты:композицияның интерьер үшін маңыздылығы, интерьердегі функционалдық аумақтары жөнінде білімдерін қалыптастыру.

Міндеттері: оқушыларды эстетикалық талғамға,зейінділікке, мұқияттылыққа,өмір сүретін және адам қызметіне  оптималды жағдай жасау білуге, қажетті сәтте шеберлікпен орындай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың тақырыбына байланысты функционалдық аумақтарға «қонақ бөлмесі», «ас үй бөлмесі», « балалар бөлмесі» болып топталады.

1 Тапсырма :Еске тусіру.«Интерьер  жайлы не біледі.»

2 тапсырма;сурет салу .топтастыру «Композиция туралы біз не ойлаймыз»

3тапсырма: шығармашылық жұмыс.

«Әсемдік әлеміне» атты шығармашылық жұмыс.

Таратылған құралдар бойынша  қонақ бөлмесіне, ас бөлмесіне,балалар бөлмесіне әрлеу жасау, әсемдік жасауларын ойлап, құрастыру. Берілген тапсырманы оқушылар үлкен қызығушылықпен орындады. Бұл сабақта сынып топ болып жұмыс істей алды. Бірінің білмегенін бірі айтып , білгендерін ортаға салып,берілген материалдарды тиімді пайдаланып ізднімпаздық қабілеттерін көрсете білді.

Іскерлік және білім дағдылары тапсырмалар арқылы тексеріліп, бағаланады.

 Міне осындай сабақтарда сыныптағы оқушылардың және  әр оқушының  қабілетін , шығармашылық  мүмкіндігін зерттеп білуге мүмкіншілік бар.Оқушының жасырын, тіпті тым тереңде жатқан қабілеттерінің көрінуіне мүмкіндік жасау тек оқыту үрдісі кезінде мұғалімнің басшылығымен жүзеге асады .Осындай мәселерді ескере отырып, сабақ  беретін сыныптардың ішінен шығармашылықпен жұмыс істей алатын, соған талпынысы бар оқушыларды ,сабақ барысында анықтаймын. Осы  оқушылармен  жеке жұмыс жасап, күрделі  тапсырмалар  бере бастаймын.  Мысалға  өткен 2011-2012 оқу жылында 5-сынып оқушысы Аубакирова Айлананың   қабілетін , қызығушылығын байқап жыл бойы жеке жұмыс істеп , «Кесте біздің өмірімізде» атты ғылыми жоба  жазып , ізденіп үлкен жұмыс жасап,жүлделі орынға ие болды.

Ізденуші оқушылар өз тақырыбының ерекшіліктерін, өзектілігін,маңыздылығын сезіне отырып түрлі әдіс-тәсілдер арқылы өзін қанағаттандыратын нәтижеге жетіп отырады. Ізденіс барысында оқушыларға шығармашылық мүмкіндіктер беріледі. Оқушылар дүниетанымының мүмкіндігіне қарай, ғылыми түрде тапсырмалар беріледі.  Оқушымен  бірлесе отырып, ғылыми жұмыстың көкейкестілігін, шығармашылық аясын айқындап, осы міндеттер бойынша оқышылармен қосымша ізденуге жағдай жасай алады.

Шығармашылық жұмысын жүргізу  барысында оқушылар төмендегідей іс-әрекеттерді жасауға мүмкіндік туғызады :

 

-           өзін  қызықтырған сұрақтарға  жауап  іздеу;

-          іздену барысында түрлі тәсілдер қолдану;

-          өз пікірін, ойын ашық айту;

-          өз  бетімен қорытынды жасау;

-           өзі үшін жаңалық ашу.

-          қызығушылығын  қанағаттандыру.

 

Демек,оқушы  өз бетінше жұмыс жасауды үйреніп,зерттеушілік,шығармашылық қабілеттерін дамыта түседі.

 

Қорыта айтқанда, істелген жұмыстардың нәтижелері неден көрінеді:

1. Оқушылардың білім көрсеткіштерінің артуы;

2. Қоғамдық жұмысқа белсенділіктің артуы, үйірме, сыныптан тыс шаралар,              әр түрлі сайыстар т.б.;

3. Өткізілген шаралардың сапасының жақсаруы.

 Қорытындылай келе, бұл көрсетілген  нәтижелер ізденіс, зерттеушілік және шығармашылық қабілеттілігінің көрсеткіші ғана емес олардың жан-жақты дамуы мен болашақтағы мамандығына дұрыс таңдау жасай алу жолдарында ерекше орын алады деп есептеймін.

 Ең маңыздысы, қолөнеді үйрену арқылы ұлттық дәстүрлер мен ұмыт болған қолөнерімізді қайта жандандырып, барын жаңартып, көнесін ескінің көзі деп сақтауға үйретіп, оларды күнделікті тұрмыста, отбасында, ұрпақ тәрбиесінде қолдана білуіміз керек. Бұл оқушылардың уақыт талабына сай адам болып тәрбиеленуі мен білім алуына негіз болады деп ойлаймын.

Өткен ғасырда Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» деген екен. Осы мақсатпен оқушыны шығармашылық  жұмыстарға баулу арқылы ізденімпаздық қасиетін дамыту - басты қағидам. Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялардың ерекше ықпал ететіні сөзсіз және әрбір әдіс тәсілдің ұстаздар үшін маңызы өте зор.

 


Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения