Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
03.05.2013
0
2188
0

«Тоқсан жолдың торабы. Нұрпейіс Байғанин»

Казахстан, г. Талдыкорган

Средняя школа № 4

Учитель начальных классов

Сарсенбаева Айтгүл Толешовна

Сабақтың тақырыбы: Тоқсан жолдың торабы. Нұрпейіс Байғанин.

Сабақтың мақсаты: «Туған ел», «Туған жер» ұғымдарын қалыптастыру

Сабақтың міндеттері: Білімділік. Өлең мазмұнын түсіне отырып,еліміздің      жер –су аттары,жолдары туралы білім беру.

                                       Дамытушылық. Оқушылардың мәнерлеп оқу машығын,сөздік  қорын,ойлауын арттыру.Картамен жұмыс істеуге дағдыландыру.

                                        Тәрбиелік.Өз елін,жерін мақтан етуге баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:түсіндіру,сұрақ-жауап,көрнекілік,тест

Сабақтың көрнекілігі:ҚР картасы,портрет,дөңгелекшелер,  «Астана қаласы» альбомы

                             Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.

 -Балалар,қазір әдебиеттік оқу сабағы болғандықтан,бізде ақын ағалардай болуға талпынып көрейік.Мына өлең жолдарын толықтырып жіберейік.

            Қоңырау да соғылып,

      Міне, сабақ  ..........................         (басталды)

      Елдің ,жердің тарихы,

      Санамызда  ...................  .            (жатталды)

-Біз нелер жайында оқып біліп жатырмыз?

-Оқып жатқан тарауымыз қалай аталады?

-Өз еліңді,жеріңді сүйесің бе? Мақтан тұтасың ба?

-Оның  көркейіп даңқы артқанын қалайсыңдар ма?

-Оған қазірден өз үлесіңді  қоса алар едің .Ол қалай деп ойлайсың?

Өткенге саяхат.

                                    Тест

  1. Алтай  тауының ең биік жері.

         А) Алатау            Ә) Ақтау                   Б) Көкшетау

2. Жетісудың көлдері.

       А) Балқаш,Алакөл        Ә) Зайсан,Арал         Б) Марқакөл,Байкал

3. «Туған жердің тасы да танымал» әңгімесінде геолог Қаныш аға қай елге барды?

      А) Африка   Ә) Қырғызстан   Б) Британия

4. Жерінен алтын,күміс жентектеліп  шығып жататын қай тау?

      А) Алтай тауы           Ә) Орал тауы         Б) Алатау тауы

5. Жұрт көру үшін  музейге қойылатын зат қалай аталады?

     А) саф                   Ә) экспонат                Б) гид

Жауаптары: 1.Ә        2.А            3.Б     4.А         5.Ә

Оқушылар жұмысын бір-біріне бағалата,қорытындылау.

-Үйге нендей тапсырма алып едіңдер?

«Қарағанды» әңгімесін бірнеше оқушыдан сұрау.

-Картадан кім  Қарағанды қаласын тауып берер екен?

Жаңа сабақ

-Туған қаламыз Талдықорғанды кім тауып берер екен?

-Астананы ше?

-Осы қалаларға біз қалай бара аламыз?

Сабақ тақырыбын,мақсатын айту.

Өлең авторы туралы мәлімет беру

  Нүрпейіс Байғанин  Ақтөбе облысында ,қазіргі Байғанин ауданында өмірге келген.Халық ақыны,жырау.Ол 16-17 жасында-ақ  «бала жыршы» атанған.Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.Көптеген өлеңдері,дастандары бар.Қазір ол кісінің атында мектеп,көшелер бар.

Өлеңді оқып беру.

Оқушылардың өздеріне оқыту.

Сөздік жұмысын жүргізу.

Арқа-Сарыарқаның аймағы.

Дәптерге жаңа сөзді көшіріп алу.

 Оқулықтағы тапсырмаларды орындату

А) Өлеңде айтылған өзендерді ата

Картадан өзендерді көрсете,олар жайында мәлімет беру.

Есіл өзені-Ертіс өзенінен келетін өзен.Ұзындығы 2450 км.

Жем өзені-Каспий теңізінен келетін өзен.Ұзындығы 712 км.

Тобыл өзені-Қостанай облысынан шығатын өзен.

Нұра өзені-Қарағанды облысынан басталатын өзен.

-Осы аталған өзендердің қайсысы Астана қаласын қақ жарып ағып жатыр?

 Тоқсан жолдың торабы-жолдардың қосылған жері.

-Біздің қаламызда да осындай жол торабы бар.Ол қаламыздың Желтоқсан,Тәуелсіздік,Балапанов көшелерін қосып жатқан айналма жол.

Сабақты бекіту.

-Ал осы жолдар елімізді қандай елдермен байланыстырады екен,білгілерің келе ме?

-Мына кескіндердің қайсысы  туған жеріміздікі .-Кәне, кім таба алар екен?

-Солтүстігімізде жолдар қай елге апарады?

-Шығысымызда ше?

Тапсырмалар:

*Оқулықтағы жаңылтпашты кім бізге жылдам әрі қателеспей оқып берер екен?

*Жұмбақ шешіп көрейік.    Самұрық құс самғады.

                                             Көктен өтіп,айға жетіп,

                                             Жеңілдеді салмағы. (зымыран)

*Туған елің,жерің ,Отаның жайында қандай мақал –мәтел білесің?

-Балалар,біздің Отанымыз да тоқсан жолдың торабында жатқан ел екен.

Сабақты қорытындылау.

-Біз кімді таныдық?

-Не білдік?

Бағалау.

-Сабағымызда кімдер өз білімдерімен туған жеріне,еліне өз үлестерін қоса алды екен?

Жасыл түс-көңілге қуаныш сыйлар 5-тік баға.

Сары түс-ескертетін 4-тік баға.

Қызыл түс-ұялтатын үштік баға.

Оқушылар қолдарындағы түрлі-түсті(жасыл,сары,қызыл) дөңгелекшелерді карта кескініне апарып жапсырады.

-Осы үш түсті  күнделікті қайдан көреміз?

-Ендеше,бағдаршамның айтқанын бұлжытпай орындаңдар.Аман-есен жүріңіздер.

Үйге:Өлеңді мәнерлеп оқу,өзен-көлдер жайында жұмбақтар  жинастыру.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения