Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
01.05.2013
0
3765
2

Сабақтың тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер

Казахстан, г. Талдыкорган

Средняя школа №7 имени К.Ушинского

Учитель начальных классов

Дюсебекова Камиля Оразхановна

Сабақтың тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер

Сабақтың мақсаты: Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері олардың сөйлемдегі атқаратын қызметі жайлы түсініктерін қайталау; 

а) сөйлемнің  тұрлаусыз мүшелері және олардың сұрақтары туралы түсініктерін жетілдіре түсу;  

ә) сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін қатыстырып, сөйлемдер құрастыра білу, сұрақтар қоя тұрлаусыз мүшелерді анықтаудағы білім, біліктерін жан-жақты дамыту;

б) оқушыларды ұйымшылдыққа, әдептілікке, ұқыпты және көркем жазуға баулу.

Сабақтың түрі:  дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: жаңа білімді қайталау

Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, ойын әдісі

Көрнекіліктер: тұрлаусыз сөйлем мүшелеріне арналған кестелер, дидактикалық материалдар

Сабақ барысы:

1.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. 

2.Үй тапсырмасын тексеру. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері жайлы нені, нені үйренгендерін пысықтап өту. 79 беттегі 5-жаттығуды тексеру. Оқушы білімін бағалау.

3. Жаңа сабақты қайталау. Тақтаға жазылған сөздерге сұрақтар қойып, тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді анықтату.

Топтастыру:

Көркем жазу:Тт   Тт   Тт   Тт   Тт.....................дыбысқа байланысты сөздер жазу

1-жаттығу. Қайда? сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жаздыру.Ауылда, жоғарыда, артта, тау басында.

2-жаттығу.Саябақта(қайда?) қайың өсіп тұр. Оның майысқақ(қандай?) бұтақтары бар. Жасыл(қандай?) жапырақтар сыбдырлайды. Көктемде(қашан?)құстар ұшып келеді.. Жазда(қашан?)балапандары ұшып шығады.

Сергіту жаттығуы

Біз кішкентай баламыз,

Білімге зейін қоямыз.

Әдемі, көркем жазуды,

Басты міндет санаймыз.

3-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқытып, тұрлаусыз мүшелерді анықтату (кітапқа- неге?, өлең-жырды- нелерді?, бұтаққа неге?)

Ойын: «Дүкенде»ойыны арқылы  заттарды алу үшін, сөздерге сұрақтар қойып, сөйлемнің қандай мүшесі екенін анықтату.

4.Білімді пысықтау. «Тез ойла, сөз ойла» ойыны арқылы тұрлаусыз мүшелерге сөздер айтқызып, оқушылардың меңгерген білімдерін тиянақтау.

5.Сабақты қорытындылау. 5 сұрақты тапсырмаларды орындату арқылы нені біліп, нені үйренгендерін пысықтау, тексеру.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения