Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:Украина
Регион:Харьков
01.05.2013
0
4405
0

Тұлғалық білім беру негізінде коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру

Казахстан, г. Талдыкорган

Средняя школа №7 имени К.Ушинского

Учитель начальных классов

Дюсебекова Камиля Оразхановна

Тұлғалық білім беру негізінде коммуникативтік

     құзыреттілікті қалыптастыру

Еліміздің болашағы – бүгінгі мектеп қабырғасындағы ұрпақтардың қолында екендігі баршаға белгілі. Мемлекетіміздің болашаққа бару жолындағы үлкен стратегиялық қоры- білім. Білім беру жүйесін заман талабына қарай өзгерту, дамыту, жаңа талаптарға бейімдеу- қоғамдық мәні үлкен мәселе. Ертеңгі заман талабы- жан- жақты дамыған, өзіндік «мені» қалыптасқан «тұлға»  тәрбиелеу. Оқушы «тұлға» болып қалыптасуы үшін оның бойында түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, өзіндік тұжырым жасай білуге, өзіндік бағалауға, сыни ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға,  логикалық операцияларды қолдана отырып дәлелдеуге жалпы алғанда жеке адамның құзыреттіліктері қалыптасуы қажет. Осындай биік мәселеге қол жеткізуді- кәсіби құзыреттілігі жоғары мұғалім ғана атқармақ. Білікті ұстаз, білімді маман болу үшін- әрбір мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс.

Мұғалімнің кәсіби - құзыреттілігі - оның жан - жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ. Біліктілігін арттырушы мұғалім өзінің білімін, жалпы дүниетанымын кәсіби және әдіснамалық деңгейін жоғарлатады, психологиялық- педагогикалық сонымен қатар әдістемелік сауаттылығын жетілдіреді. Мұғалім қоғам талабына сай өзін- өзі үздіксіз тәрбиелеп отыратын, ортамен, адамдармен, балалармен, қарым-қатынасқа тез түсе алатын, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, тәжірибесі мол қасиеттерді жинақтағанда ғана оның бойынан кәсіби құзыреттілігі анық байқалып тұрады. Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру жеке шығармашылықты дамытуды, педагогикалық инновацияларды дұрыс қабылдауы, күнделікті өзгеріп жататын педагогикалық ортаға тез бейімделуді қажет етеді.

         Кәсіби құзыреттілікті коммуникативтік, ақпараттық, регулятивтік және интеллектуалды- педагогикалық  құзыреттілік ретінде қарастырады. 

Педагогтың коммуникативтік құзыреттілігі – кәсіби интегративтік қасиет, оның негізгі бөліктеріне эмоционалдық тұрақтылық (икемділікпен байланысты); экстраверсия (тағайындалған деңгейі мен эффективті жетекшілікті көрсетеді); тікелей және қайтарымды байланысты ұштастыру мүмкіншілігі; тілдік білімі; тыңдай білу қабілеті; марапаттай білуі; сыпайылық; жалпы қабілеті жатады.

Коммуникативтік құзыреттілік – біріншіден, жеке тұлғаның дамуы мен өзіндік даму процесіндегі мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеті; екіншіден, ұстаздық педагогикалық қарым- қатынастық мақсаты, түйіні, құрылымы, құралы, ерекшелігі туралы хабардарлығының көрсеткіші; қажетті технологиялық деңгейді меңгеруі; маманның жеке психологиялық сапасы; коммуникативтік іс- әрекетін әрдайым жетілдіріп тұруға тырысуы; негізгі құндылық ретінде жеке адамның тұлғасына бейімделе білу, «бағдар ету», сонымен қатар педагогикалық қарым-қатынас кезінде туындайтын міндеттерге шығармашылық, қапысыз шешім таба білу қабілеті.

Жеке тұлғаны білімді және салауатты етіп қалыптастыру – бүгінгі күн талабы. Әрбір мұғалімнің алдында: «Қазіргі заман сұранысына жауап беретін тұлғаны қалай дамыту қажет?», «Дамып келе жатқан тұлға бойына қажетті құндылықтарды қалай сіңіреміз?», «Нәтижеге бағытталған білімді қалай үйрету керек?» деген проблемалы сауалдар тұр. Бұл сауалдарға нақты жауапты әрбір мұғалім өзінің кәсіби даярлығынан, өз ісін жоспарлай алуынан, өзінің нақты мақсатты болжай алуынан, баланың іс –әрекетін ұйымдастыра алу шеберлігінен, жалпы бір сөзбен айтқанда өзінің педагогикалық құзыреттілігін дамыту жолдарынан іздеу қажет.

Тұлғалық және нәтижеге бағыттталған білім беру беру жүйесіне көшуде жаңа технология мен озық тәжірибені ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастықта зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Тұлғаға білім беру негізінде коммуникативтік құзыреттілікті орнату, сабақта  тілдік қарым –қатынастағы әлеуметтік – мәдени нормаларды және стереотиптерді білу, яғни сөздің жанама  тәсілдерін бейнелі сөздерді қолдану, енгізу.  Мұнда фатикалық  қатынас басты рөл атқарады, яғни тыңдаушының назарын өзіне аудару, сөзге тарту,  сөз тақырыбына қызығушылығын оята білу көзделеді. Дискурстың ерекшелігі- экспрессивті эффект тудыру арқылы пікірлесушіні қызықтырып отыру. Сөз этикасы қатысымдық және этикалық сапалармен тығыз байланысып жатыр. Сондықтан олар да білім нәтижесінің көрсеткіші болып саналады. Мұғалім баланы тұлға ретінде танытуда дайын жаттанды білімді меңгерте салмай, сол түсінікті игеру жолына бағыт беруі керек. Оқушы өзі танып, талдап, дәлелдеп, салыстырып, тұжырымдап білімнің кілтін табуы тиіс. Өзі түсініп жаңашылдыққа қол жеткізгенін түсіне білуі тиіс. Оқушының осы қарым-қатынасқа жетелеуде мұғалімнің асқан шеберлігі қажет, яғни мұғалім тұлғаға білім беруде оқытудың қажетті озық технологияларын тиімді пайдаланып сабақта қолдана білуі, ақпараттық сауаттылығы, коммуникативтік іс-әрекеті өте қажет. Әр оқушының негізгі құндылығы жеке басының тұлғасын таныту. Мұғалім әр тұлғаны жан-жақты ашып таныта білсе, өз шеберлігін көрсете білгені. Сонымен қатар педагог әр қарым-қатынас кезінде әр  тұлғаның дұрыс және қапысыз шешім таба білуін жетілдіруіне басты назар аудару керек, яғни кез-келген жағдаяттардан шығар жолды да шеше білуі тиіс.

Оқушы тұлғасын басты орынға қоя  оқыту педагогикалық үрдіс субъектілерінің өзара қарым- қатынастарының мазмұнына негізделеді. Оны жүзеге асырудың мүмкіндіктерін сан алуан тұрғыдан қарастыруға болады. Осы үрдісті ұйымдастыру негізінен басқаруға қатысты болғандықтан оны педагогикалық шарттар негізінде «қарым- қатынастық» тұрғыдан зерделеуге болады. Бұл жағдайда оқушы білім берудің субъектісі ретінде қарастырылады, ол мұғалімнің мақсаты оқушының өз тәжірибесіне сүйене отырып, оны ізденіске жетелеу болады. Оқушының бұған дейінгі алған білім, білік, дағдылар білім алудың құралдары мен тәсілдері ретінде жаңа білімді игеруге қызмет етеді. Сонымен қатар, бұл үрдіске қатысушылар «орындаушылар» емес «әрекетті жүзеге асырушылар» болып есептеледі. Сөйтіп, оқушы мен мұғалім өзара диалогтік, ынтымақтастық, бірлескен шығармашылық негізінде өзара байланысты әрекеттер жасайды. Оқушы тұлғасына бағытталған білім беру адамның белсенділігін, шығармашылық қабілетін, әлеуметтік жауапкершілігін, өмірде өз білімін іске асыру мүмкіндігін дамытуға қолайлы жағдайлар туғызады.

Бала санасының психологиялық табиғатын, оның субъектілік тәжірибесін оқыту материалын игеруде пайдалану туралы Л.С.Выготский: «Тұлғаның бойында жаңа реакциялық өзгерістер жасай алатын бірден-бір тәрбиеші- организмнің өзіндік тәжірибесі. Тек қана өз тәжірибесінде басынан өткізгендер ғана сырты байланыс жасай алады.Сондықтан оқушының жеке тәжірибесін ескеруге бағытталған оны жоққа шығаратын, сөйтіп мұғалімді жоғары санайтын көзқарас қате, жалған екенін ғылыми психология дәлелдей алады. Тәрбиелеу үрдісі оқушы тәрбиелеуге икем, оқушы өзін- өзі тәрбиелеуге әкелетін үрдіс боуға тиіс», - деп көрсетеді. Тұлғаның өзіндік дамуы, өз білімі үшін өз жауапкершілігін көтеруі оның «көптің бірі» немесе «көптің ең жақсысы» болуымен емес, өз тұлғасының мәнділігімен, субъектілік тәжірибесінің ерекшелігімен, қайталанбайтын тұлғалық құндылығымен маңызды болып саналады.       

Жалпы алғанада тұлғалық білім беру негізінде коомуникативтік құзыреттілік өте басты қарым- қатынас болып табылады. Жеке тұлғаны анықтау, оны жан- жақты дамыту, дамыту мақсатына қол жетудегі тиімді әдіс- тәсілдер қолдану, ал сол тәсілдерді пайдалануда озық технолдогияларды меңгеру, ақпараттық сауаттылықпен қарулану ұстаздың шығармашыл ізденуін талап етеді.

Ұлы ағартушы А.Байтұрсынов: «Бала оқытуды жақсы білейін деген адам әуелі балаға үйрететін нәрселерін өзі де жақсы білуі керек» деп айтқан, сондықтан әрбір педагог әр кезде өз құзыреттілігін дамытып, шеберлігін шыңдап отыруы тиіс.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения