Александр
Должность:не указана
Группа:Команда портала
Страна:Харьков
Регион:не указан
30.04.2013
0
6031
1

МҰҒАЛІМ ИМИДЖІ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТІҢ ҚҰРАМДАС БІР БӨЛІГІ

Республика Казахстан, город Талдыкорган

Средняя школа №7 имени К.Ушинского

Учитель биологии

Омарова Кульбахыт Утегеновна

МҰҒАЛІМ ИМИДЖІ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТІҢ ҚҰРАМДАС БІР БӨЛІГІ 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты халыққа Жолдауында көрсетілген және Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға, сонымен қатар, білім жүйесінде болып жатқан өзекті мәселелерді шешуге және жаңаша білім беруді ұйымдастыруымыз қажет.

Қазіргі жағдайда әрбір отбасына мектептен жүйелі және білікті көмек керектігін ұстаздар қауымы жақсы түсінеді. Бұл мәселені ұстаздар мен ата-аналардың өзара әрекеттесуі үрдісінде ғана табысты шешуге болады.Қоғамдағы жаңа бетбұрыстар білім беру жүйесінен үнемі өзгеріп отыруды талап етеді.Қазіргі таңда білім беру жүйесіндегі мұғалім құзыреттілігі жансыз жаттанды білім түрінде емес,педагогтың жеке тұлға ретінде танымға, ойлауға қатысын, белгілі бір мәселелерді ұсынып, шешім жасауға,оның барысы  мен нәтижелерін талдауға, ұтымды түрде түзетулер енгізіп отыруға деген іскерлігінің белсенділігінен көрінеді.

Қазіргі өскелең талапқа сәйкес әрбір оқу пәні бойынша білім, білік және дағдыны ғана игеру оқушы құзіреттілігі үшін жеткіліксіз болып табылады. Құзіреттілік – нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, дағдыны тәжірибеде қолдана алу, проблеманы шеше білу, оқушылар дайындығы сапасының құрылымдық сипатын анықтайтын жаңа сапа. Осы ретте мұғалім құзіреттіліктің төмендегі түрлерін игеруі керек:

  • арнайы құзіреттілік – кәсіби қызметін жоғары дәрежеде атқару және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білу қабілеті;
  • әлеуметтік құзіреттілік – бірлескен кәсіптік қызметпен шұғылдану (ұжым,топпен) қабілетті, қызмет ету, кәсіби қарым-қатынас тәсілдерін қолдана білу;
  • білім беру құзіреттілігі – білім беру қызметінде кәсіби білімді, білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық;
  • ақпараттық құзіреттілік – ақпараттық қарым-қатынас технологиясын игеру және өз бетімен білім алу;

Қазіргі кездегі соңғы басылымдарда, әдебиеттерде мұғалімнің кәсіби имиджі жайлы өте көп айтылып жүр, имиджді қалыптастыру процесі кімге байланысты және педогогикалық іс-әрекеттің табыстылығына қалай әсер етеді? Мұғалім бейнесі оқушылар есінде ең әсерлі сәттермен сақталып қалады. Өскелең жас ұрпақтың сезім, жігерінің қуатты күші болатын, адам қызықты, жан-дүниесі бай болуы керек. Мұғалім имиджін қалыптасыру үшін өзімен жан-жақты жұмыс жасауы керек. Имидж – ағылшын тілінен аударғанда «бейне», «кейіп» деген мағынаны береді. Оқушы өмірінің көп бөлігі оларға білім ғана беріп қоймай, сонымен қатар оларды тәрбиелейтін және жеке тұлға ретінде қалыптастыратын мектептің оқу тәрбие үрдісінде өтеді. Әлеуметтік және балалық шақтан алған әр-түрлі  әсерлер мен тәжірибелер үлкен өмірге өтуіне әсер етеді. Мұғалімнің жеке басы оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына көмектеседі. Ақпараттың басым бөлігін біз көру арқылы аламыз, сондықтан да біздің тартымды бейнеміз өте маңызды. Оған ұқыптылық, іскерлік стиль, мәнер, әдеп, күлкі жатады. Сонымен қатар ойлау, іс-әрекет бейнесі, сөйлеу мәнері және тыңдай білу де басты болып табылады. Оқушылары мен әріптестерінің алдында өзін-өзі ұстай білуі мұғалім имиджі болып саналады. Егерде оқушы мұғалімнің жеке тұлғасына қызықпаса пәнге деген қызығушылығы да  болмауы мүмкін. Басқа мамандық иелерінен мұғалімнің ерекшелігі оның қоғамдық мақсатында. Мұғалім оқушылар мен ата-аналар үшін басты тұлға болғандықтан, оған қойылатын талапта әрқашан жоғары.

Қазіргі кезде тартымды қалыптасқан мұғалім имиджі педогогикалық іс-әрекеттің негізгі табысты бірден-бір жағдайы.

Тартымды имидж дегеніміз:

  • Айналасындағы адамдардың көңілін таба білу кепілі.
  • Кез келген жұмыста жетістікке жетудің негізгі шарты.
  • Қандай да бір жағдайда шешім таба білуі.

Ұстаз өзін қалай көреді және оны оқушылары қалай елестетеді? Мектеп әкімшілігі мен оқушылар сыйлау үшін және іс оңға басу үшін не істеу керек? Оқушылар мен ата-аналардың алдында мұғалім тартымды, сымбатты, әдемі,мейірімді болуы керек. Ал бұл имиджге байланысты мәселе.

 Имидж құрылымы:

  • сыртқы бейне;
  • вербалды және вербалды емес қарым-қатынасты пайдалану құралы;
  • ішкі «Мен» сезімінің кәсібіне сәйкестігі.

 Сыртқы имиджді құраушыларға: мимика, дауыс күші мен дауыс ырғағы, костюм, қимыл, сөйлеу мәнері жатады.

Айналаңыздағы адамның санасындағы сіздің бейнеңіз туралы көзқарас қандай. Ол сізбен жүздесуден соң сыртқы кейпіңіз бен өз-өзіңізді ұстауыңыздың тәрбиелік мәні мен сөйлесу мәнеріңіз арқылы қалыптасады.       Әрине сыртқы бейнеміздің үйлесімді әсер қалдыру үшін вербалды және вербалды емес қатынас қажет:

  • Мәнерлі сөйлеу
  • Көндіре білу
  • Стиль мен киім түсінің психологиялық әсерін білу
  • Тұрған тұрысқа, мимикаға және мәнерге көңіл бөлу
  • Шыдамдылық
  • Көргіштік
  • Сезе білу

Мұғалім мамандығы ерекше болғандықтан, ол әрдайм көпшіліктің   алдында.   Сонымен имидж – сіздің бойыңыздағы талантыңыздың жан-жақты ашылып, жарқырап көрынуі, өзіңіз туралы жақсы пікірдің қалыптасу жолы. Мұғалім өз имиджін өзі жасау керек, бұған киім таңдауы да жатады. Мұғалім имиджіндегі басты құрал, оның даусы, дауыс ырғағы, оны сабақта қолдана білуі. Оқушылармен қарым-қатынас жасауда сөйлесе білу, дұрыс қарым-қатынас қалыптастыру мұғалім біліктілігінің басты көрсеткіші. Сонымен мұғалім имиджі – бұл ішкі және сыртқы мазмұн бірлігі. Осы орайда ең маңыздысы мұғалім өзімен сыныпқа «не алып келеді?», ал ол кеткенде «не қалады?». Әрине мұғалім мамандығы ғана әрқашан «мен нені іске асырдым, не іске аспады, бұданда жақсы болу үшін не істеу керек?» деген сұрақтарға жауап іздеуі керек. Сонда ғана мұғалім сыйластыққа ие бола отырып, дұрыс қарым-қатынаста бола алады. Әр мұғалім имиджі тек өзіне тән педагогикалық стильде қалыптасады. Бір мектепте жұмыс істейтін мұғалімдер имиджі, мектеп имиджін анықтайды. Мұғалім имиджі педагогикалық техника ретінде қарастырылады. Мектептегі оқушылардың жетістігін анықтайтан негізгі көрсеткіш білім сапасына тәуелділігі – бұл сабақтағы мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынас деңгейі, ол өз кезегінде мұғалім квалификациясына байланысты. Бұдан шығатын қорытынды: «білім беру жүйесі оны құрайтын мұғалімдерден жақсы болмайды» К.М.Ушаков Породоксы Мак-Кинси.  Әлемдік өркениеттің стандарттарын ұсынатын американдық психологтардың пікірінше, тамаша табыс феномені – адамның имиджі  оның мансабымен тікелей сабақтас. Егер олай болмаса, қолдан жасалған имидждің көмегі тимесі анық. Сондықтан да кәсіби мамандығын жан-жақты меңгерген педагог  қана жоғары бағаланып, әріптестері мен шәкірттерінің ыстық ықыласына бөленеді.

Әдебиеттер

v Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. Астана-2004

v Андреева Г.М. Психология социального познания. М., 2000.

v Громкова М.Т, Психология и педагогика профессиональной деятельности: Учеб. пособие для вузов. М., 2003.

v Зязюн И.А, Основы педагогического мастерства. Киев, 1987.

v Ильин Е.Н, Искусство общения. М., 1982.

v Имиджелогия. Как нравиться людям / Сост. В.М. Шепель. М., 2002.

v Криксунова И. Создай свой имидж. СПб., 1997.

v Жайтапова А.А. Профессиональный рост учителя в системе повышения квалификации. – Алматы, 2006

v      К.М. Ушаков. Парадоксы МакКинси.//Директор школы. 2008, № 6. С.6 

Как преподаватель видит себя и каким представляют его ученики? Что нужно сделать, чтобы начальство и ученики уважали, а дела шли успешно? Все дело в имидже. О чем сегодня и поговорим.

Для начала определимся с тем, что такое «образ».

Образ, или как сейчас модно говорить «имидж», — это система внешних характеристик человека. Он призван подчеркнуть неповторимость личности и рассказать о внутреннем мире человека, его характере. Образ формирует отношение людей к его обладателю. А правильно созданный образ формирует позитивное отношение людей, составляющие которого — уважение, симпатия, признание, доверие и прочее.

И если раньше было справедливым «Встречают по одежке...», то сейчас корректнее будет говорить «Оценивают по луку...». Входят в лук (от английского look — взгляд) и такие мелочи, как очки, часы, украшения, мобильники и прочие атрибуты, которые могут бросаться в глаза или мимоходом отмечены окружающими.



Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения