Александр
Должность:не указана
Группа:Команда портала
Страна:Харьков
Регион:не указан
30.04.2013
0
2857
1

Көктемгі табиғат

Республика Казахстан, город Талдыкорган

Средняя школа №7 имени К.Ушинского

Учитель начальных классов

Жексенбекова Мөлдір Боранбекқызы

Көктемгі табиғат

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың  көктем табиғаты  туралы білімдерін кеңейту; 2. Көктем табиғатын  түсіндіру арқылы жансыз табиғат пен жанды табиғаттың байланысы туралы білімдерін дамыту. 3. Оларға экологиялық  тәрбие беру;

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: жаңа білімді игерту

Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ- жауап, көрнекілік, түсіндіру, ой қозғау

Көрнекіліктер:  тақырыпқа байланысты бейнелі суреттер.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың зейінін сабақққа аудару. Амандастыру.

  1. 1.     Жаңа сабақ :

Балалар, бүгінгі біздің  жаңа сабағымызды  бастамас  бұрын мына  тақтадағы сөзжұмбақты шешейік!

                 

                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Жұрттың бәрі сүйеді,

Бірақ қарай алмайды (күн)

  1. Тұрсаң тұрады, жүрсең жүреді. Ол не? (көлеңке)
  2. Ауыл сыртында сайда,

Жатыр үлкен айна (көл)

  1. Аспанға ұшар бу болып,

Жерге қайтар су болып  (бұлт)

  1. Ұшып жүрген гүл көрдім,
  2. Қонғанда ұстап үлгердім      (көбелек)
  3. Көлдің беті көк  әйнек,

Сырғанай бер сенде кеп. (мұз)

Сөзжұмбақтың ортасында қандай сөз шықты? Иә, көктем . Бүгінгі біздің тақырыбымыз жыл мезгілдерінің біреуі «Көктем табиғаты». Мына суретте жылдың 4 мезгілінің суреттерін көріп тұрсыңда. Бір жылда 12 ай бар, әр мезгілде 3 айдан бар. Соның ішінде көктемде наурыз, сәуір,  мамыр айлары бар.

 Мына суретте балалар не көріп тұрсыңдар?

Көктемдегі адамдардың еңбегі. Көктемде адамдар жер жыртады және гүл егеді.

Ал енді  электронды  оқулықтағы тапсырмаларды орындаңдар. Мына электронды оқулықтағы  жыл мезгілдерін орнына  кім қойып береді? (жыл мезгілдерін орнына қояды).

Сұрақ –жауап  әдісі бойынша  сұрақтар қоямын, сендер сол сұраққа жауап беріңдер.

  1. Қанша жыл  мезгілі бар екен? (4 мезгіл бар, олар қыс, көктем, жаз, күз).
  2. Көктем мезгілінде қанша ай бар? (3 ай бар, олар наурыз, сәуір, мамыр).
  3. Көктемде ауа райында қандай өзгерістер болады? (күн жылынады, қар ериді, шөп шығады, ағаштар бүршік жарады,жаңбыр жауады).
  4. Көктемдегі ауа райының қысқы ауа райынан қандай  айырмашылығы бар?

Мұғалім: Сендер көктем туралы көп нәрсе біледі екенсіңдер? Тағы да балалар мынаны білулерің керек, көктемде табиғат оянады. Қар астынан алғашқы гүл- бәйшешек шығады.  Ол аппақ кішкене гүлдер. Көктемде  күн ұзарып, түн қысқарады, сонымен қатар ең бірінші көктемнің  алғашқы хабаршы құстары –ұзақ қарға, екінші келетін құстар-бозторғай, үшінші-  қараторғай .

1. Қарғаның түрлері өте көп (сақ қарға, қыстап қалатын қарға, ұзақ қарға)  соның ішінде  көктем хабаршысы –Ұзақ қарға. көктемде өзге құстарға қарағанда, ұзақ қарға ер­те қайтып келеді. Ұзақтар жерден қар кетпей тұрып келіп, ұя сала бастайды. Мұн­дай мезгіл шамамен ақпан айы­ның аяғынан сәуірдің ортасына дейін со­зылады. Сәуірде ұзақ балапандары пай­да болады. Тамақ талғамайтын құс бол­ғанымен, ұзақтардың ауыл шаруа­шы­лығы үшін пайдасы зор. Олар көк­темгі егіс жұ­мыстары басталған кезде жер жыртқыш тракторлармен жарысып, жер­дегі зиянкес жәндіктер мен олардың жұмыртқаларын теріп жейді. Ұзақ­тар­мен бірге қараторғай, бозторғай, сияқты құстар да ерте келеді.

2. Қанаттары ұзын, аяқтары қысқа. Артқы бармағында ұзын тырнағы бар. Әдетте, түсі бозғылт, көбінесе мекендеген жерінің түсіне қарай өзгеріп отырады. Бұл қасиеті құсты жерде жүргенде жасырып, бірден көзге байқатпайды. Олар қыстау үшін күзде оңтүстіктегі жылы аймақтарға ұшып кетеді, қысы жұмсақ жылдары Қазақстанның оңтүстік аудандарында қыстап қалады. Бозторғайлар өсімдік дәнімен және жәндіктермен қоректенеді. Арамшөптердің де дәнін жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді.http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%BE%D0%B7%D1%82%D0%BE%D1%80%D2%93%D0%B0%D0%B9%D0%BB%D0%B0%D1%80 - cite_note-source1-1#cite_note-source1-1

3. Қараторғай – аты айтып тұрғандай,­ түсі қара, жұдырықтай ғана құс. Өзге тор­­ғайлардан ерекшелігі, секеңдеп емес, жүгіріп, тез қозғалады, ұшқанда­ тік көтеріледі. Үні құлаққа жағымды, де­генмен бұл құс кейбір дыбыстарға,­ өзге құстардың «әніне» еліктегіш, сондықтан оның сайрағаны бір сарынды­ емес, әр түрлі болып келеді.

Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтағы суретке қарап қандай тақырып қояр едіңдер. « Көктем», «Қардың еруі»,  «Көктем келді».

Балалар оқулықтағы мәтінді оқиды.

Сендермен шығармашылық жұмыс орындайық.

Біз көктем табиғаты туралы көп нәрсені  білдік. Енді осы көктем мезгіліне байланысты сурет салыңдар.

Салған суреттерінен көрме ұйымдастыру.

Балалар сабағымызды  мына тапсырма арқылы қорытындылайық.

(Балаларға кесте таратылып беріледі).

   Жауаптар 

 

Сұрақтар

Ақпан,

Наурыз,

Сәуір

Наурыз,

Сәуір,

Мамыр.

Қар жауады

Қар ериді

Ұза-

рады

Қыс-

қарады

Қарға

Қара

торғай

Көктем  мезгілінің айларын ата?

 

+

 

 

 

 

 

 

Көктемде қандай өзгерістер болады?

 

 

 

+

 

 

 

 

Күн  ұзара ма, қысқара ма?

 

 

 

 

+

 

 

 

Көктемнің  алғашқы хабаршысы қандай құс?

 

 

 

 

 

 

 

+

 

Енді өздеріңді бағалаңдар!

1 сұрақ қате болса онда-5 деген баға

2 сұрақ қате болса онда -4 деген баға

3 сұрақ қате болса онда -3 деген баға

4 сұрақ қате болса онда-2 деген баға

Үйге тапсырма осы көктем табиғаты жайлы  мәтінді оқып, мазмұндап айту.



Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения