Александр
Должность:не указана
Группа:Команда портала
Страна:Харьков
Регион:не указан
21.04.2013
0
2603
1

БОЛАШАҚ МУЗЫКА ЖЕТЕКШІЛЕРІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕР МЕН МЕКТЕПАРАЛЫҚ САБАҚТАСТЫҚ РӨЛІ

Казахстан, Жамбылская область, т. Рыскуловский район, село Кулан 

Педагог - хореограф

Кайыпова Улбосын Манатбековна

БОЛАШАҚ МУЗЫКА ЖЕТЕКШІЛЕРІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕР МЕН МЕКТЕПАРАЛЫҚ САБАҚТАСТЫҚ РӨЛІ

Біздің елімізде білім беру, жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелері саласында түбегейлі бетбұрыстар жасалып жатқаны белгілі. Тәуелсіздік туын тіккен жас мемлекетіміздің болашағына тұтқа болар, білімді де білгір азаматтар даярлау – бүгінгі күннің басты мақсаттарының бірі. Сондықтан да мектепке дейінгі мекемелерде, жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие жұмыстары мен педагогикалық ғылым жүйесінде бұрыннан жинақталған мол тәжірибелердің тиімді жақтарын саралай отырып, қәзіргі қоғамдық – әлеуметтік үрдістерге сай, жаңаша таныммен жан-жақты білім беру келешектің маман мұрагерлерін дайындау міндеті қойылып отыр.
Осындай мақсаттағы кең көлемді бағдарламалар, әдістемелер өз кезегінде оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізуде үлкен өзгерістер енгізіп, болашақ мұғалімдер қызметінің ауқымын арттырып, олардың ұстаздық шеберлік деңгейінің аса жоғары болуын талап етуде. Осыған байланысты әр салада жеке пәндер бойынша бағдарламалар енгізіліп, оқу-құралдарын жаңаша бағытта қайта құру қажеттігі туындауы заңды құбылыс.
Қазіргі заман талабы 12 жылдық білім беру үрдісіне көшу қажеттігін айқындап отыр. Яғни бүгінгі күні әлемде жалпы білім берудің 12 жылдық мектепке арналған халықаралық стандарты қалыптасып отыр. 12 жылдық білім берудің негізі адамның жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру. Білімді, шығармашыл, бәсекелік қабілеті мол тұлға тәрбиелеу негізінде Қазақстан Республикасының 12 жылдық орта білім беру тұжырымдамасы жасалып отыр.
Тұжырымдаманың мақсаты-12 жылдық мектеп жағдайында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру жүйесін жаңарту жолдары мен дамыту стратегиясын айқындау. «12 жылдық білім беру мазмұнын жаңарту» бөлімі бойынша бастауыш мектептерге арналған «Музыка» бағдарламасының мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне бейімделіп, қазақтың музыкалық тілінің негізін қалыптастыруға бағытталған.
Бағдарламаның басты мақсаты-дәстүрлі халық музыкасы мен қазіргі қазақтың музыкалық негіздерін қалыптастыру, қазақтың ұлттық музыка тілін түсіндіру арқылы, рухани бай шығармашылығы мол, жан-жақты дамыған, музыка өнерін, Отанын, отбасын сүйетін және түркі тілдес халықтардың музыка тілін түсінетін тұлға тәрбиелеу.
Жалпы білім беретін мектептерде, мектепке дейінгі мекемелерде білім берудің ұлттық моделіне өту, оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог, зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді. Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны енгізуді міндеттейді. Ендеше болашақ мамандарды даярлауда оқу орындары жаңаша жұмыстар атқаруы тиіс. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологиясын меңгермейінше сауатты жан-жақты маман болу мөмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Мектепке дейінгі мекемелер мен бастауыш білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі. Бұл өзгерістер білім саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектепке дейінгі мекемелерде болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға, жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, сәбилік шақтан бастап толық жағдай жасауды, тәрбиелеу мен білім беруге аса жауапты қарауды басты міндет етіп қойып отыр. Аталған міндетті шешуде кезек күттірмейтін мәселелердің бірі ретінде мектепке дейінгі тәрбие мен  бастауыш білім берудің сабақтастығын қамтамасыз етудің жолдарын айқындаудың маңызы зор. Бұл мәселені ғалымдар, білім беру мекемелерінің жетекшілері, мұғалімдер, ата-аналар да қолдап отыр. Сабақтастықтың түсінігі балалардың дамуы мен оқып үйренуін үздіксіз іске асырып отыру. Ондағы бір ғана түпкі мақсат-баланы жүйелі, сатылы дамыту арқылы бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағыттау болып табылады. Ал бірінші сынып оқушылары балабақшада игерген балалардың дағдылары мен іскерліктерін одан әрі дамыта отырып оқушы тұлғасын қалыптастыруды жүзеге асырады. Балабақша мен бастауыш білім сатысының сабақтастығын тек баланы мектепке дайындау деп түсінбеу керек, мұнда педагогтар мектепке дейінгі ұйымдарда білім берудің формаларын, әдіс-тәсілдерімен жете танысып, 6 жас пен 7 жас аралығындағы психологиялық ерекшелікті анықтай отырып, мектепке біртіндеп жеңіл бейімделуіне жағдай жасау.
Осыған орай мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілерінің, музыка жетекшілерінің балалардың іс-әрекеттерін, қызметтерін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігінің мәні зор. Болашақ маманның ең негізгі міндеті-таңдаған мамандығы бойынша теориялық білім мен тәжірибелік дағдысын ұдайы меңгеру болса, кәсіби тұрғыдан қалыптасуына педагогикалық іс-тәжірибенің зор көмегі бар. Музыка пән мұғалімінің, тәрбиешінің кәсіптік мамандықты игерудегі мақсаты-балаларды музыка өнеріне баулу. Музыка өнері тек эстетикалық тәрбие ғана емес, оның өзге де сипаттары бар ұлттық болмыс, мазмұн, тәрбие. Мектепке дейінгі мекемелерде музыкалық тәрбие беру бала бойында белгілі бір деңгейдегі білім мен музыка мәдениетінің негізгілерін қалыптастыру. Жаңа бағдарламалар талаптарына сай мектепалды ересек топ балалары мен мектептің бірінші сынып оқушыларының оқу-тәрбие міндеттері өзара тығыз байланысты. Ерекшелігі оқушыларға қойылатын талаптар біртіндеп күрделене түседі. Балабақша музыка жетекшісі мен тәрбиешінің бірлесе отырып қызмет етуі арқылы музыкалық-эстетикалық жағынан жан-жақты дамыған, шығармашылығы мол, өзбетімен әрекет етуге даяр, түсінігі қалыптасқан баланы даярлап шығару. Балалардың шығармашылық дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз ету және оларды мектепке даярлау. 
Баланы мектепке дайындау-демек оны белсенді творчестволық саналы қызмет етуге үйрету деген сөз. Бұған балабақшада балалардың сабаққа және сабақтан тыс кездеріндегі музыкалық қызметтерін ұйымдастырудың әсері зор. Балалардың қызметін ұйымдастыру формалары алуан түрлі.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения