Александр
Должность:не указана
Группа:Команда портала
Страна:Харьков
Регион:не указан
11.04.2013
0
3231
0

Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы

Казахстан, Актюбинская область, Темирский район

Шубаркудукская №2 казахско-русская средняя школа

Учитель истории

Тукешова Жадра Жумабаевна

Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы.

Сабақтың мақсаты:

1) Ғұн атауы, «халықтардың ұлы қоныс аударуындағы» ғұндардың рөлі, ғұн мемлекеттік бірлестігінің қалыптасу тарихы туралы білім беру;

2) мемлекеттердің қалыптасуының алғы-шартын, оның белгілерін анықтай білуге дағдыландыру;

3) тарихи аңыз деректер негізінде балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ірі саяси тұлғаны үлгі қылу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі:  жарыс сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі:  түсіндіру, талдау,іздену, өз бетінше жұмыс,ой-қозғау.                          

Сабақтың көрнекілігі: оқулық ,

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

                                Ізгі арманын, үмітін

                                Бабалардың жалғаймыз!

                                Білім көкжиегінде

                                Жалындаймыз, самғаймыз!- дегендей қазір бізде қай сабақ?

-Қазақстан тарихы сабағы

-Қазақстан тарихы пәніне дайын болу үшін біз не айтамыз?

А) Психологиялық дайындық

«Өз елінің тарихын білмеген адам, басқа елдің тарихын біліп жарытпас» (хормен айту)

 Міне балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр.

«Келгенше қонақ ұялады,

  Келген соң үй иесі ұялады»,-демекші,біз ұятқа қалмауға тырысайық. Бар білімімізді ортаға салайық.

-Балалар бүгінгі сабағымызда Астана қаласына саяхатқа шығамыз.Ол үшін  берілген тапсырмаларды толығымен орындау керек. Астанаға бару үшін біз поездға мінеміз.

Поездға міну үшін  үй тапсырмасын тексерейік.

Ә) Үй тапсырмасын тексеру

-Балалар үйге қандай тапсырма берілді?                                                             

(Қаңлылар туралы деректер. Қаңлы қоғамы.Қаңлылардың шаруашылығы мен тұрмысы.)

-Дұрыс,міне поездға міндік.

 

-Астанаға бару үшін жолдың ақысын төлеу керек.Яғни билет алып,Астана қаласына  түсу үшін өткен сабақты еске түсірейік.

Б)Өткенді қайталау

1. Қаңлылар туралы қандай деректер бар? Оларда қаңлылар туралы не айтылады?

2. Қаңлылар мекендеген жерлердің табиғи-климаттық жағдайын сипаттап беріңдер?

3. Қаңлылардың қоғамдық жағдайы туралы не білесіңдер?

4. Қаңлыларда егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы қалай дамыған және өзіндік ерекшеліктері қандай?

5. Тағы басқа қандай кәсіппен айналысқан?

6. Шет елдермен сауда байланысы болғанын дәлелдейтін нәрселерді ата.

7. Мәдениеттің қандай түрлері жақсы дамыған?

Берген жауаптарың өте дұрыс.Енді Қаңлы сөзжұмбағын шешейік.

-Міне пойыздан да түстік.  Пойыздан түскен бетте алдымызда не тұрады?

Астана  Вокзалы
 
 

 Аңыз арқылы тақырып ашылады.

Сабақ жоспары:

1.Ғұн мемлекетінің құрылуы

2.Қоғамдық құрылысы

3.Атилла ұлы ғұн билеушісі

2.Жаңа сабақ:

Б.з.д. 1 мыңжылдықта қазіргі Монғолияның оңтүстігінен Каспий өңіріне дейінгі Орталық Азияның кең-байтақ кеңістігін әр түрлі тайпалар мекендеген. Қытай деректерінде, «ғұн» атауы б.з.б. 3 ғасырдың аяғында пайда болған. «Ғұн» сөзі «гун, руң, хун» т.б. атаулармен берілген. Қытайлар ғұндардың басшысын «шаньюй» деп атаған. Ғұндар кезеңі б.з.б. 4 ғ. мен б.з.3 ғасыры аралығын қамтиды.Б.з.б. 55 жылы ғұн мемлекеті оңтүстік және солтүстік ғұндар болып екіге бөлінді. Ғұн қоғамы ұшы-қиыры жоқ кең-байтақ жерді жайлап, көптеген тайпаның басын біріктірді, әскери соғыс қуаты орасан зор құдіретті мемлекетке айналды. Еділдің (Аттиланың) жеңімпаз жорығы оның атын бүкіл әлемге әйгілі етті. Аттила (Еділ) шамамен 400-453 жж. өмір сүрген.

Президенттік Мәдениет орталығ

                                                   3.Оқулықпен жұмыс

 -Енді балалар, оқулыққа көңіл аударамыз. Оқулықта берілген көк төртбұрыштың ішіндегі мәліметтерді дәптерімізге жазып аламыз.

Тапсырманы дұрыс орындадық.Ендеше келесі слайдқа назар аударайық.

 

Еліміздің Туы,Елтаңбасы,Әнұраны,Конституциясы қойылған орын. ҚР Президенттік мәдениет орталығы.

 

                                                  4. Жұмбақ сан

1) Ғұн билеушісі қалай деп аталды?

1. хан.      2. гуньмо.      3. шаньюй.

2) Ғұн тайпалары батысқа қарай қай ғасырда жылжыды?

1. б.з.б. 55 жыл.      2. б.з.б. 2 ғасыр.       3. б.з.б. 1 ғасыр.

3) Шамамен 400-453 жж. өмір сүрген кім?

1. Шырақ.       2. Аттила.       3. Страбон.

4) Ғұн мемлекеті қай уақытта екіге бөлінді?

1. б.з.б. 4 ғ.       2. б.з.б. 55 ж.     3. б.з.б. 1.

5) Солтүстік ғұндардың билеушісі кім болды?

1. Чжи-Чжи.      2. Мөде.     3. Еділ.

6) Каталаун (Галлия) шайқасы қай жылы болды?

1. 375 ж.         2. 437 ж.        3. 451 ж.

 

-Дұрыс орындасаңдар  «Астана-Бәйтерек» монументін көреміз.

«Астана-Бәйтерек» монументі.

Бәйтеректің биіктігі 97 метр, салмағы 85 тонна. Мұнара ішінде кең холл бар. Онда екі жүрдек лифті бар. Арнайы шынымен әйнектелген күмбездің салмағы 70 тонна. Ал алтын шардың төбесі 1553 шаршы метрді құрайды. Осы шардың ішінде қала көркін тамашалайтын понарамалық зал бар. Алтын шар өте берік болу үшін ол жалпы салмағы 695 тонна болатын металл қондырғыға орналастырылған.

                                                 5.Тақтамен жұмыс «Терме диктант»

1. Ғұндар Енисейдің жағалауларында------------------------------------------------------------------------------ , көрші тайпаларды бағындырған.

2. Олар әскери------------------------------------------------, қару-жарақ, жебелі садақ, ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

3. Ғұндар мен---------------------------------------------------- 300 жылдан астам-----------------------

созылған.

4. Кейбір тарихшылардың пайымдауынша, ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

5. Ғұндар соғыс кезінде-----------------------------------------------------, ------------------------------------- техниканы ----------------------.

 

 

 

                                                 6. Сипаттама беріп көр.

Оқулықтың 100 бетіндегі ғұндарға берілген тарихи сипаттаманы оқып, өз ойыңды айтып көр.

 

                                                7.Сабақты қортындылау

-Сонымен балалар қандай тақырыппен таныстық?

- Ғұндар тарихы туралы не білдіңдер?

 

                                                8.Үйге тапсырма

                                      20-21 тақырыптарды оқу.

       Ғұндардың әлемдік тарихта алатын орны туралы әңгіме құрастыру.

 

                                                9. Бағалау

 

                                            10.Рефлексия

                                              

-Балалар,сабақтан алған әсерлерің қандай?Сабақ несімен ұнады?Сабақ сендерге ұнаса Астана қаласының жалпы көрінісін тамашалап сабақты аяқтаймыз.  

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения