Александр
Должность:не указана
Группа:Команда портала
Страна:Харьков
Регион:не указан
11.04.2013
0
1809
1

Сақ мәдениеті

Казахстан, Актюбинская область, Темирский район

Шубаркудукская №2 казахско-русская средняя школа

Учитель истории

Тукешова Жадра Жумабаевна

Сақ мәдениеті

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға байлығы мен батырлығы әлемді дүр сілкіндірген сақ мәдениеті мен өнері туралы мағлұмат беру.

Тәрбиелік:Елін, жерін қорғап, мәдени мұраларды аялауға тәрбиелеу.

Дамытушылық:Сақ елінің мәдениетімен таныстыру арқылы оқушылардың ой өрісін дамыту.

Сабақ түрі:Аралас сабақ

Сабақ әдісі:ассосация,кластерлеу,

Сабақ көрнекілігі:карта,интерактивті тақта,суреттер ,жетондар,электрондық оқулық.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:Сыныппен амандасып,түгендеу

Үй тапсырмасын «Кім жылдам»ойыны арқылы сұрау:

Сұрақ қойылып жауап берген оқушыға жетон беріледі:

1.Сақтар туралы мәлімет беретін неше топ бар.

2.Сақтардың басқа елдегі атаулары

3.Сақтар деген кімдер

4.Сақ қоғамындағы әйелдер рөлі

5.Сақ қоғамы неше топтан тұрады

6.Сақтар шаруашылығы

2.Карточкамен жұмыс:

А.А.Македонскийдің сақ еліне жорығы туралы айт

Ә.Сақ патшасы Томирис туралы айт

Б.Шырақ ерлігі туралы айт

Жаңа сабақ жоспары:

1.Сақтардың мәдени мұралары

2.Зергерлік өнер

3. «Алтын адам»

Жаңа сабақ:

1.Сақтардан біздерге көптеген ескерткіштер қалды.Олар Шу, Талас,Іле өзендердің бойында көптеп кездеседі.Сол ескеркіштердің бірі Шірік –Рабат қаласы.Ғалымдардың пікірінше бұл қала су жағасын мекендеген сақтар апасиактардың астанасы болған.Ол Қызылорда қаласынан 300шақырым жерде орналасқан.Археологтар тағы бір қалаға қазба жұмысын жүргізді.Ол Бәбіш-молда қаласы.Ол қала да дуалдармен қоршалған.Айналасында ор қазылған.Қазба кезінде ішінен ұн тартатын қол диірмен,қыш күйдіретін пеш табылған.

2.Б.з.б.7ғасырдан бастап далалық өңірде аңдық стиль пайда болды.Сақтар «аңдық стилмен»Алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарында танысты.Оларға осы жерден өмір ағашы деп аталатын арыстан бейнесі тарады.Сақтар осы стилді бір жағынан сәндік сипатта қолданды.Әрбір ру өзінің шығу тегін қандай да бір аңмен байланыстырды.Сақтардың зергерлік өнерін біздер Есік обасынан табылған бұйымдардың бәрінен көре аламыз.Мысалы:алтын жапсырмалар,әшекейлер,жүзіктер т.б.

3.Алатау бөктерінде 40тан астам оба бар.Солардың бірі Алматы қаласынан 50 шақырым жерде ,Есік өзенінің сол жағалауында орналасқан Есік обасы.Археологтар қазба жұмысын жүргізген кезде көптеген бұйымдар тапты.Оларқұмыралар,қасықтар,алтын жалатқан тостағандар тағы да басқа бұйымдар.Осы Есік обасынан

Алтын адам мүрдесі мен Күміс тостаған табылған.Бұл тостағанның сыртында 26 таңбадан тұратын жазу бар.Бұл түркі жазуы.Бұл біздің бабаларымыздың да тілі түркі тілі болғанын дәллдейді.Бұл жазуды оқыған белгілі ғалым,түрколог Алтай Аманжолов.

Алтын адам бұл жасы17-18 жасаршамасындағы сақ жауынгерінің мүрдесі.Қабірде басы батысқа қарап жатқызылған.Үстінде4000ға жуық алтын бар.Әшекейлердің бәрі «аңдық стилде»жасалған.Олар б.з.б.4-3ғасырға жатады.

Электрондық оқулықпен жұмыс.

Қорытындылау:Электрондық тестпен қорытындылау.

Бағалау

Үйге тапсырма: «Есік қорғанына саяхат»эссе жазу.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения