Александр
Должность:не указана
Группа:Команда портала
Страна:Харьков
Регион:не указан
11.04.2013
0
1532
1

Етістікті пысықтау

Казахстан, город Талдыкорган

Средняя школа №7 имени К.Ушинского 

Учитель начальных классов

Емирова Жанат Толешевна

Етістікті пысықтау

Сабақтың мақсаты:  етістіктің түрлері өткенді пысықтау;

Білімділік:етістік және оның түрлері бойынша алаған білімдерін пысықтау және сөйлем ішінен тауып тауып талдай білуге,оларды бір – бірінен ажырата,сөз құрамына талдай білу,заттың әр алуан іс – әрекетін,қимылын білдіретін сөз табы жөнінде,ойын жүйелі және еркін жеткізе білу,алған білімдерін жинақтау;

Дамытушылық:қазақ тілінің байлығы арқылы оқушылардың тіл байлығын дамыту,сабаққа деген белсенділік,іздену,шығармашылық ойлау,салыстыру қабілеттерін арттыру;

Тәрбиелігі:сауатты көркем жазу дағдыларын қалыптастыру,тыйым сөздердің мағынасын ашу,ұйымшылдыққа,рухани адамгершілікке тәрбиелеу;

Сабақтың әдіс – тәсілдері:модульдік оқыту технологиясы,ойын элементтері,сұрақ – жауап,көрнекілік,топпен жұмыс,ойын әдістері.

Сабақтың   типі:пысықтау

Сабақтың   түрі:аралас сабақ

Сабақтың   көрнекілігі:интерактивті тақта слайд,сызбалар,сөзжұмбақтар,тыйым сөздер,таратпалар,кесте.

Сабақтың   барысы:   Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық:

- Әрбір адам:Туысым,досым,жұрағат

         Табиғаттан қуат ап

- Әрбір сабақ:Үйрену,ұғу,ұлағат

                   Күннің шуағынан жылынып ап

- Әрбір ісің:Тірлік,тілек,адамдық,

         Білім алып қуандық

- Әрбір сөзің:Шындық,бірлік,адалдық.

Өткенді сұрау:Үй тапсырмасын тексеру.

                     Үйге қандай тапсырма берілді?

                      Болымды және болымсыз етістік.

Ережесін сұрау:

                       Етістік болымды және болымсыз болып бөлінеді.болымды етістік түбір сөзден.Болымсыз етістік болымды етістікке  – ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.

Интерактивті тақтамен жұмыс.

                   Т                 І                 С                Т                 І                 К  

Әр топ өзіне берілген әріптен басталған етістіктерге мысалдар келтіреді.

Еріді Тартып тұр    Ілді         Сырғанады    Терді         Ілінді   Келе жатыр

Екті  Тазалады        Іздеді      Сыпырды      Таратады                Келді.

Бүгінгі сабағымыз  Етістікті пысықтау.

Топтастыру стратегиясы

Төмендегі сөздерді топтастыру. (сайрады,оқу (негізгі), арқанда(туынды), сөйле(болымды), отырма(болымсыз),шақырып жатыр) .

Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу.  Е е Емен, еңбек,көбелек, бөле, жебе,кебеже

1-жаттығу.Туынды етістіктерді теріп жаз.

Өрле,дабылдатты,шаңдатты,терледі,кілттеді,қаңқылдады,жіңішкертті,дәріле.

2-жаттығу.Мәтінді оқу.

Төренің небір мықты деген шешендері Бөлтіріктенұтылыпты.Мұны көрген төре:

-Азбайтын,тозбайтын ьайлық қандай болады?

Есте сақтау диктанты.4-жаттығу Жатқа жазу.

         Табалдырықтан баспайды,

          Есікті теуіп ашпайды.

          Теуіп ашу есікті

Жаман жолға бастайды.

Сергіту жаттығуы.

          Ормандағы аю, қонжық

          Ұялардан бал іздейді.

           Мойындарын солға бұрды.

          Ағаштарды шайқап көрді,

          Қуанғаннан билей берді.

Ойын: «Қалауыңды ал»                         

Шығармашылық жұмыс.

І- топ:Мәтін беріледі, мәтінде бос орынға мына суреттердіңқайсы сәйкес келеді сол суретті қой.

    Ерте, ерте, ертеде су тапшы болыпты.   ,       шөлдеп,          қурап,         солып қалыпты.Қалжыраған                          көмек сұрады.           шуағын берді,нөсерлетіп

жауды.              су ішті.            жайқалып өсті.           гүлдеді.

ІІ-топ:Қима суреттерді дұрыс құрастрыу.Сонда ертегінің аты шығады.

Алдар көсе мен бай.

Ойын: Алма жинау.

1.Дара етістікті күрделі етістікке айналдыр.Жүгірді- жүгіріп барады.

2.Берілген сөздерден туынды етістік жаса. Би-биле

3.Берілген сөзді болымсыз етістікке айналдыр. Ойна-ойнама.

4.Туынды етістік қандай сөз табынан жасалған  тазала (таза сын есім)

5.Сөйлем ішінен етістікті тап.Айман гүлге су құйды.

Сабақты бекіту. «Ой жинақтау сұрақтары»

1.Етістік дегеніміз не?                              2.Дара етістікті тап.

а) заттың атын білдіретін сөздер.             а)оқып отыр   ә)доп     б)секірді 

ә)заттың іс-қимылын білдіретін сөздер.  3.Күрделі етістікті тап.

б)заттың түр-түсін білдіретін сөздер.      а)сырғанап жүр  ә)айналды   б) тапсырды

4.Етістік тобын тап.

 а) аспан,су, егін       ә)қызыл,алма,кітап    б)оқыды,жазды,тербеледі

Сабақты қорытындылау. Сематикалық карта.

Тапсырма

Туынды

етістік

Дара етістік

Негізгі

етістік

Болымсыз

етістік

Күрделі

етістік

Болымды

етістік

Келді

 

    +

 

 

 

 

Көркемде

   +

 

 

 

 

 

Ойна

 

 

 

 

 

     +

Кетіп барады

 

 

 

 

    +

 

Шашпа

 

 

 

     +

 

 

 оқы

 

 

     +

 

 

 

 

Бағалау.Оқушылардың білімдерін бағалау.

Үйге.3-жаттығу    52 бет.  

Тексерілді: ............................................



Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения