Тимур Благодарный
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
10.04.2013
0
3494
0

Мұғалімнің кәсіби біліктілігі–нәтижеге бағытталған білім сапасының кепілі

Казахстан, Кызылординская область, Казалинский район
кент Айтеке би,гимназия №226 им Б.К.Мергенбаева

Учитель английского языка

 Бибинур Аймагамбетова Асылбековна

 

 

Қызылорда облысы Қазалы ауданы

Әйтеке би кенті                       

 Б.К.Мергенбаев атындағы№226 гимназия        

ағылшын тілі пәні мұғалімі

Бибінұр Аймағамбетова Асылбекқызы 

 

 

Мұғалімнің кәсіби біліктілігі  – нәтижеге бағытталған

білім сапасының кепілі 

Өз тәжірибесін жүйелі талдап, жалпылап отыру ғана мұғалімнің күнделікті педагогикалық қызметіне шығармашылық сипат береді.

                                                 М.Скаткин

 

Тіршілік үшін ұрпақтан өзге өзекті нәрсе жоқ.

Бәрімізді бүгінгі таңда алаңдататын мәселе -сол ұрпақтың сапалы білімді игеруі.  Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Білімді, сауатты адамдар-бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» деуінің өзі-үлкен көргендіктің белгісі.

Ұлтымыздың тірегіне айналар ұрпаққа деген көзқарас Елбасымыздың білім саласына ерекше назар аударуымен биылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында таяудағы 10 жылға айқындалып отыр.

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын қолдау-барша ұстаздардың міндеті екені де  анық.

Өзекті мәселе-жас ұрпақтың Елбасы бастаған көш-керуенге кідіріссіз ілесуі. Ілесе алмаса-бізге сын. Тобықтай түйінді тарқатып айтқанда халқымыздың тағдыры- жас ұрпақтың қолында. Оларды жігерлендіру, жаңа бағыт, үлкен серпін әкелу-ұстаздар, бұл сіздердің жауапкершіліктеріңіз ұлы  ойшыл Жалал-ад-дин Рулш былай деген екен: «Сен бұл өмірге мақсатты тіршіліктерді тындыруға келдің және алдағы міндетің де сол. Егер осыны орындамасаң, онда ештеңе істемегенің». Осы сөз - әрбір ұстазға арнап айтылғандай. Ұстаз-бұл тек тәрбиеші ғана емес, сонымен бірге дос, біздің қоғамымыздағы білікті тұлғаны биікке көтеретін  адам. Озық ойлы білімдар адам заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосады. Соңғы жылдары жеке тұлғаны қалыптастыруды дамыту және оған жан-жақты терең білім беру мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылып, мемлекеттік  стандарт талаптарына сай бақылау тәсілдерін қолдануымыз көңілге қуаныш ұялатады. Өйткені қазіргі кезеңде білім беру жүйесінің ең басты мәселесі –шәкірттің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу.

Осыған орай мемлекеттік білім беру саясатының бағытында мектеп баланың дамуын жүзеге асырып, тұлғаның қабілеттілігін ескеріп, бір қалыпта қалыптасуын қамтамасыз етуі керек.

Қарапайымдылықтан күрделілікке ұмтылатын болсақ, онда жеке тұлғаның талпынысын оятып, ұстаз бен шәкірт арасындағы байланысты нығайтуға болады.

Қазіргі таңдағы оқыту мақсаты – оқушының танымдық тәжірибесін ескере отырып, жеке тұлға ретінде дамуына оң ықпал, көмек көрсету.

Әлемдік білім кеңістігіндегі озық тәжірибеге негізделген 12 жылдық білім беруге көшудегі негізгі нысана-адамзат тарихында уақыт озған сайын өзектілігі арта түсетін білімді де білікті, тәжірибелі де текті ұрпақ қалыптастыру. Ұлтымызды дәріптейтін, рухымызды биіктетіп, ұлттық сенімімізді жігерлендіретін ұрпақтың болашағы – бізге, яғни ұстаздарға үлкен міндет. Ол үшін мұғалім кәсіби біліктілігін жаңа бағытта арттырып, білім мазмұнын жаңартып, тиісті әдіс-тәсілдерді қолданып, әдістемелік негіздерді қалыптастыруы керек. Өйткені білім әр адамға өмір бойы қажет екенін өмір тәжірибесі дәлелдеп отыр.

Кез-келген білім бағдарламасының табысты орындалуы мұғалімге байланысты. Оның кәсіби шеберлігі нысаналы бағадарламаны да, оқу жоспарын да биік деңгейде жүзеге асыруға ықпал ете алады, ал кәсіби дәрменсіздігі істі құлдыратады..» делінген ҚР-сы орта білім беру жүйесі дамуының мемлекеттік тұжырымдамасында. Орынды айтылған пікір жеке тұлғаны тәбиелейтін адам – мұғалім, мұғалімге сенім білдірмесе, оқу игі жеміс бере алмайды, сондықтан қоғамымыз мұғалімге үлкен сенім артып отыр.

Жеке тұлғаны қалыптастыруда әрбір ұстаз шәкіртпен ынтымақтастықты орнатып, шығармашылық негізде әрекет ету керек және мына мәселелерге назар аударған жөн:

1.Тұлғаның қалыптасып, өз бейнесін табуы, даралық, руханилық болмысын танытуы;

2.Оқушы тұлғасына қолдау көрсету және өзін-өзі қорғауға ұмтылдыру;

3.Тұлғаны түсіну, салауатты өмір мен өзіндік қатынастың негізін қалау;

4.Жаңа ақпаратты талдай отырып, терең меңгеруге, маңызын анықтай алуға мүмкіндік жасау;

5.Өзіне қарама-қарсы идеяларды жоққа шығаруға емес, түсінуге ұмтылуды нұсқау. . Сабақ беру үрдісінде оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулудың маңызы зор. Жазба  жұмыстары олардың танымдық белсенділіктерін, ойлау жүйесін арттыруға көмектеседі. Жазба жұмыстарынан әр баланың өзіндік көзқарасын, эстетикалық және адамгершілік танымы, эмоциясы, пікірі, талдау, қорытындылау, салыстыра білу және одан қорытынды жасау қасиеттері байқалып тұруы қажет деп ойлаймын. Шығармашылық жазба жұмыстары – тіл дамыту жұмыстарының бір түрі. Жазба жұмысын жазарда оқушыға міндетті түрде бағыт-бағдар беремін. Шығармашылық жазба жұмыстарының мақсаты – логикалық ойлауды дамыту, шығармашылық қиялды, нақты нәрсені еркін, қызықты түрде беруге қалыптастыру. Әр сыныпта қабілетті, икемділігі, қызығуы, дамуы, ой-өрісі, сөйлеуі, сырт бейнесі әр түрлі оқушылар отырады.

Ағылшын тілі бесінші сыныптан басталады, сол кездің өзінде-ақ қай оқушының шет тіліне қандай екенін байқауға болады. Бесінші сыныпта ешқандай өзгеріс бола қоймайды, барлығы біркелкі оқитын сияқты болып көрінеді. Әрине, қандай жұмыс болсын оның нәтижесін көру үшін көп шығармашылық керек. Сол кезде оқушының ұқыптылығын, зейінінің тұрақтылығын, еңбек ету қабілетінің жоғарылығын байқаған соң ғана тілге бейімдеп, сынып ерекшелігіне қарай қосымша тапсырма бере бастаймын. Мысалы: бесінші сыныпта оқушылар диалогты оқып, мазмұнын түсініп отырса ол оны кітапсыз, есіне сақтау қабілетін қосып рольмен ойнап береді. Осы кезде жиі-жиі рольдерін ауыстырып отыру керек. Және  диалогты өз ойыңмен аяқта, тірек сөздерін сақтау керек екенін ұмытпағаны жөн. Екі бала бір-бірімен сөйлесуге мүмкіндік туады, бірінің қатесін бірі тауып, толықтырып, бір-бірімен жарысып, бір деңгейде болуға тырысады. Мысалы: «Тыныс белгісін қой». Тыныс белгісі қойылмаған 30 – 50 сөзден құралған мәтінді даярлап оқушыларға үлестіремін. Олар сөйлемдердің жігін айырып, тиісті тыныс белгілерін қояды.

“Where did you get it?”

When uncle Peter came to their house mother said I’m sorry I have no cheese I know you like it very much Little Jim turned went out the room and soon came back with some cheese Uncle Peter thanked him put the cheese into his mouth and said you have very good eyes where did you get it the boy answered from the rat- trap.

Тапсырманы орындаған соң оқып, мазмұнын айтып береді.

Тағы бір мысал: «Әңгіме құра»

Белгілі бір оқиғалы суретті үлестіріп беремін, кейде сынып тақтасына үлкейтілген түрін іліп қоямын. Суреттің астына сұрақтар жазамын. Оқушылар сол сұрақтарға жауап беру арқылы мәнді әңгіме құрап береді.

Таза және кір киінген баланың суретін көрсетемін.

Тақырыбы «Clothes».

Сұрақтар: Who is this? What is this boy? What kind of clothes is he wearing? Is this good or bad? Why?

 1.”Joyful circle”

   I love so myself

   And I can love you as myself

  And you can love yourself

  That you love me

3. Word Jumbles: write a series of random letters on the chalkboard and ask students to write down as many words as they can. This is also a great way to review new vocabulary.

Name\ Adjective Combinations: ask students to come up with an adjective that begins with the first letter of their name and also describes their personality eg: Bibinur – beautiful

 

Chain stories : begin a story and have each students add on a new sentence or two. Each new section must relate to the previous one , making one continuous story.

Who are you?

Bibinur, beautiful, peaceful, active, modern joyful, kind;

Тірек сөздермен әңгіме құрау. Eg: blue shoes, thick woman, it’s evening, a boy;

 

Күтілетін нәтиже: • Оқушы ағылшын тілін саралай отырып,өмірде өзінің қажеттілігіне қолдана алуы. • Шет тілінен жоғары деңгейдегі шығармашылық тапсырмаларды дайындауы. • Өзін-өзі дұрыс бағалауын анықтау. • ұлттық біріңғай тест қорытындыларының жариялылығы арқылы жалпы орта білімнің мәселелеріне қоғамның назар аудару; • білімнің мазмұның жетілдіру бағыттарын анықтау, оқу бағдарламаларының, оқулықтардың, оқыту технологиясының, мұғалімдер даярлаудың сапасын жақсарту; • мұғалімдер мен оқушылардың оқу үрдісінде жақсы нәтижелерге жетуге деген ынтасын күшейту. •

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтатын болсақ, дидактикалық ойындарды дұрыс таңдау керек. Ал, дұрыс таңдау үшін оқушылардың психологиялық және жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін білу керек.Тек қана осы жағдайда ғана ,біз күткен нәтижелерімізге қол жеткізе аламыз. Тиімді қолдана білген кез келген технология білім сапасын арттыратыны хақ.Дамыған елу мемлекеттің қатарына кіру үшін білімді ұрпақ тәрбиелейік.Себебі, Қазақстанның болашағы білімді ұрпақтың қолында.Қазіргі жастар - ертеңгі Қазақстанның болашағы. Сөзімді ұлы Абайдың мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді.

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға!

 

                    ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. А.К.Маркова. Кәсіби құзыреттіліктің даму деңгейі//2009

2. М.И.Скаткин.Зерттеу мәдениеті-педагогикалық қабілет// 2008

3. Л.Горбунова Зерттеу туралы білімі, білік дағдысының болуы // 2007

4. И.Д.Богаева .Педагогикалық қызметтегі кәсіби  шеберлік//2009

5.  Г.К. Селевко. Педагогикалық технологияларды меңгеру факторы//2009

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения