Александр
Должность:не указана
Группа:Команда портала
Страна:Харьков
Регион:не указан
09.04.2013
0
4352
0

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ЕНГІЗУДІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ

Казахстан, Кызылординская область,Казалинский район, кент Айтеке би

Школа № 216 им К.И.Сатбаева

Учитель информатики

ТӨЛЕМІСОВА ГҮЛДАНА АБУТАЛЫПҚЫЗЫ

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ЕНГІЗУДІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ

Жоспар:
1. Компьютерлік сауаттылық – өмір талабы.
2. Бастауыш сынып оқушыларын компьютер әлеміне баулу.
3. Бастауыш сыныпта информатика пәнінің оқыту әдістері.
4. Информатиканы оқытудың негізгі мақсаттары мен міндеттері.
5. Қорытынды.

 

Мектеп –еліміздің халыққа білім беру жүйесінің – күрделі тармағы.

Сондықтан мектебіміздің мақсаты: жеке тұлғаны  жан-жақты дамытудың алғы шарты ретінде оқушыларды сараптап оқыту арқылы шығармашылық қабілетін дамыту.

 

Міндеттері ретінде:

  • Оқу –тәрбие үрдісіне диаагностикалық талдау жасау
  • Оқушының жеке тұлғасының мониторингісін құру
  • Оқу –тәрбие үрдісін ізгілендіруді жүзеге асыру
  • Оқыту барысында оқушылардың сабаққа  деген қызығушылығын арттыру үшін ақпарыттық технологияларды (электрондық оқыулық, слайд, интерактивті тақтаман, видео  т.б) тиімді пайдалану, әрі оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру арқылы жеке тұлға болып қалыптасу үшін білім білік дағдыларын қалыптастыру.

     Қазіргі заман мектеп оқушыларын құбылмалы әлемге бейімдеуге, өзінің жеке өмірінде болашақ кәсіптік әрекетті тануға мүмкіндік беретін өзгерістерді талап етеді.

12 жылдық білім беру барлық   ұлттық білім беру жүйесіндегі реформа, ол «жылдам дамушы ортада өмір сүруге қабілетті, өзіндік дамуға даяр, өзін таныта алатын және өзі үшін де қоғам үшін де бар мүмкіндігін пайдаланатын жоғары білімді шығармашыл, құзыретті тұлға қалыптастыруды және дамытуды» алдын ала болжайды.[1]

      Заман талабына сай білім беру жүйесі жас ұрпақты жеке тұлға ретінде қалыптастырудың маңызды мәселелерін шешудің түрлі жолдарын қарастыруда. Оны қалыптастыру қоғамдағы негізгі сала-білім беру жүйесіне міндеттеледі. Елдің елдігін, бірлігін сақтап, көркейтетін, басқа елдермен терезесі тең өркендейтін, болашағын айқын көрсететін білім беру жүйесі. Ұрпаққа білім беру отбасынан бастап, еліміздің қоғамдық жүйесін қамтитын іс. Бүгінгі 12 жылдық білім беру қажеттілігі еліміздің игі мақсатқа жетуі үшін көзделген сара жолы десе болғандай. 12 жылдыққа көшу білім саласына көп өзгерістер енгізеді, әрі нағыз білім сапасының нақты бағасын бермек.

        Елбасымыз Н.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп,өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары,мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгір болуы емес тарихи танымдық,педагогикалық психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс жасап, оқу мен тәрбие ісіне еніп,оқытытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Ақпараттық мәденеиет – бұл аңгімелесе білу, алынған мәліметті ой елегінен өткізіп,талдай білу және өзгелердің еркіндігіне әсер ететін жағдайларда өз еркіндігіңді шектей білу.

           ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет, ал бұл сауаттылықтың алғаш баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғы шарттарын меңгеруі тиіс.

Қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып, педагогикалық, психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты қалыптастырмайынша, балалар өз білім деңгейін көтере алмайды. Сол себепті информатика пәнін бастауыш сыныптан бастап енгізу қажеттілігі туындайды. Бастауыш сынып оқушыларына информатика мен жаңа ақпараттық технология элементтерін енгізудің қажет екендігі зерттеу жұмыстары арқылы толық жүргізіліп, оқыту әдістемелері жан жақты қарастырылады. Атап айтатын болсақ, отандық және шет елдік зерттеулермен таныса отырып, алдымен теориялық материалдар жиналады, кейін осы жиналған материалдарға қатысты бағдарлама жасалды осы жасаған бағдарламаға сәйкес жазылған әрбір тақырыпқа тереңнен талдау жасалады. Ол үшін алдымен бастауыш мектептерге арналған әр түрлі басылымдағы педагогикалық – психологиялық теорияға негізделген көзқарастарды, мектептегі тәжірибелі мамандар бастауыш сынып мұғалімдерінің көзқарастарын есепке ала отырып, осы мақсатта жүргізілген ата-аналар пікірі мен экспериментар жұмыстың қорытындысын қолдана отырып 1-ші сыныптан бастап мектеп оқушыларына информатика пәні бойынша өткізілетін сабақтардың жылдық күнтізбелік – тақырыптық жоспарының үлгісі жасалды.

Оқушылар информатика пәнін жеңіл және тез меңгеруде, олардың қазіргі өмір ағымына деген көзқарастарының жан-жақты жоғары дәрежеде дамуына байланысты, енді информатика пәнін тіпті 1-ші сыныптан бастап енгізуге болады деген пікірлер ұсынылуда.

Информатикалық қоғамда балаларды жұмыс істеуге дайындау үшін алдымен логикалық ойлауға, талдау жасай білуге, өзара қарым – қатнасқа үйрету керек. Психологтардың айтуы бойынша, баланың негізгі логикалық ойлауы 5-11 жаста қалыптасады.

Мектепте информатиканы оқыту дара бағдарламамен жүзеге асуда. Ал бастауышта бұл дара пән ретінде емес, орыс, қазақ тілдері мен математикаға қолдаушы пән ретінде жүреді. Бұл әдістің негізгі мазмұны төмендегідей:

- Математика мен орыс тілі курстарының сабақтастығы;

- Мазмұнды логикалық тапсырмаларды мақсатты түрде енгізу, дидактикалық ойындар мен дәстүрлі емес мақсаттарды биік деңгейде шеше білуге үйрету.

Жаңа ақпараттық технологияның жылдан жылға кең құлаш жайып дамуы адам қызметінің барлық салаларына енуіне орай, жас ұрпақты компьютерлік техниканы пайдалану үшін даярлауда, олардың компьютерлерге деген оң көзқарасын қалыптастырумен қатар, оқушылардың сыныпта және сыныптан тыс оқу қызметін компьютер арқылы ұйымдастыру «Қазақстан 2030» бағдарламасында көрсетілгендей көкейкесті мәселелердің бірі. Бұл мәселелер бойынша тәжірибелер жинақталуда. Қазірден бастап балаларды кішкентайынан өздерін қоршаған ортамен жан-жақты таныстыру, олардың логикалық ой өрісін шығармашылық жағынан дамыту, сөйлеу және жүріс – тұрыс мәдениеттілігін арттыру, оларды компьютер әлеміне баулу бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Осы мәселелердің әр-түрлі жолдары қарастырылып, басқа шет мемлекеттердің оқу іс тәжірибелерін оқып, үйрене отырып:

1. Бастауыш мектепте оқытылатын сабақтарда компьютерді жиі пайдалану;
2. Бастауыш сыныптан бастап жүйелі түрде информатика пәнін оқыту;
3. Мектептерде балаларға арналған информатика үйірмелерін ұйымдастыру арқылы жүргізуге болатынына көз жеткізуде.

Ал жоғарыда көрсетілген әдістердің барлығы бір бірімен ұштастырылса, жас жеткіншектердің компьютерлік сауатты, әрі компьютерлік мәдениетті болып өсуіне жол ашады.

Ғылым мен техниканың жылдан жылға кең өріс алып, жедел қарқынмен дамуы, білімнің негізі болып табылатын – бастауыш мектепке де өз әсерін тигізуде. Сондықтан бастауыш білім жүйесіне басты мақсат – әрбір оқушыны информатика ғылымының алғашқы фундаментальді білім негіздерімен таныстыру, өз бетімен жұмысын арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және оның тиімді әдістемесін ұсыну. Сонымен қатар, оларды информатика пәнін мектепте оқытатын басқа пәндермен үйлестіре отырып түпкілікті және саналы түрде меңгеруге қажетті дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады.

Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл мұғалімге бастауыштағы оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгерту, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы. Сонымен қатар, жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз- өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жеңістіктерінен ләззат алуға мүмкіндік беруі.

Информатика пәні 1- ші сыныптан бастап енгізілгенмен, оны әртүрлі әдістермен оқытып, осы пәнге деген бала қызығушылығын арттыратын түрлі оқыту бағдарламалары, әсіресе қазақ мектептері үшін өте тапшы. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларына информатика сабағын жүргізудің тиімді жолдарын қарастырып, оны нақты материалдармен теориялық және практикалық жағынан байыта түсу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Бастауыш сыныпта информатиканы оқыту.

Информатика пәнінің пропедевтикалық курсын бастауыш сыныптан бастап оқытуға болатындығы және оның тиімділігі дүниежүзілік тәрбие негізінде дәлелденіп отыр.

Ғалымдардың, практик – мұғалімдердің пікірінше, бұл курсты бастауыш сыныптарда оқытуға негіз болатын факторлар мыналар:

- бастауыш мектеп оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу;
- ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту;
- бастауыш мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптастыра отырып, әлемдік ақпараттық білім кеңістігіне даярлау.

Ресей ғылымдарының соңғы зерттеулеріне сүйенсек бастауыш сыныптағы информатиканың пропедевтикалық курсының негізгі бағыттары төмендегідей:

1. Қолданушылық. Бұнда оқушылар компьютермен алғаш танысып, оқу, ойындық және бастауыштағы пәндер мазмұнына құралған жаттықтырушы бағдарламалар негізінде компьютерлік сауаттылықтары қалыптасады. Бұл бағытты қолданушылардың пікірінше, баланың компьютерлік сауаттылықты меңгеруі – бұл сабақта және сабақтан тыс кезде компьютерді өз қажетіне қарай еркін пайдалана білуі, сондай ақ техникаға сауатты ұқыпты қарауы.

Қолданушылық бағыттары пропедивтикалық информатиканы меңгеру нәтижесінде оқушыларда төмендегідей білім мен іскерлік қалыптасуы тиіс:

- оқу ойын бағдарламалары мен жұмыс істей білу;
- программалармен жұмыс істеу кезінде бағдарламалық құжаттарды пайдалану;
- программамен жұмыс істеуге машықтану, программаны енгізу, керектісін табу, өз бетімен жұмыс істеу.

2. Ақпаратты – логикалық. Бұл бағыт бойынша оқыту біріншіден, оқушылардың қоршаған ортаның элементтерін танып, оларды ажырата білу қабілеттерін дамытса, екіншіден, ойлау, есте сақтау қабілеттерімен қатар байқағыштығын зейінін, берілген тапсырманы орындаудың оңтайлы, тиімді жолдарын таба білу қабілетінің дамуына әсері мол. Психологтардың зерттеуінше, ойлаудың логикалық құрылымының негіздері 5-11 жас аралығында қалыптасады. Сондықтанда алгоритмдік даму қабілеттерін барынша ерте жастан қалыптастыру қажеттігі өзінен-өзі туындайды.

3. Шығармашылық. Бағыт бойынша оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарастарының қалыптасуына жол ашу, үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру. Басты мақсаты – оқушы зерттеуші есебінде.

4. Дәстүрлі курсқа информатика элементтерін қосу. Ғылымдардың зерттеулері бойынша, оқу процесінің тиімділігін арттыруда ақпараттық технологиялардың рөлі зор. Бүгінгі күні психологтар мен педагогтар оқу процесінің тиімділігін арттырудың негізгі тәсілі ретінде төмендегі шарттарды ұсынады.:

1. Проблемалық оқытуды қолдану;
2. Алгоритмдік оқыту;
3. Оқытуды ақпараттандыру;
4. Пәнаралық кіріктіру.

Информатика пәні баланың техника құлағында ойлап отырған өз замандастарынан кем болмауы үшін қажет. Кез келген пәнді үйретудің әдістемелік негізі 5 компоненттен тұрады. Олар: мақсат, мазмұн, әдістер, қажетті құрал жабдықпен оқыту формасы. Информатика үшін қазір әдістерінің жолдары жаңаруда.

Бастауыш сыныптарда информатика курсының мақсатын төмендегідей сипаттауға болады:

1. Компьютерлік сауат ашудың бастау негізі;
2. Ойды логикалы түрде дамыту;
3. Алгоритмдік білімді жетілдіру мен мақсатты шешудегі жүйелілік;
4. Компьютерді үйренудің оңай жолдарын іздеу.

Бастауыш сыныптарда бала үшін оқудың негізгі саласы ойын болып табылады. Ойын және ойын жағдайлары баланың жан-жақты ой-өрісінің дамуына да, тәрбиесіне де әсер етеді. Сонымен бірге әртүрлі педагогикалық мәселелерді шешуге көмектеседі. Информатиканы ойын әдістемелері негізінде өткізу өте пайдалы. Себебі бұл өзіне барлық жұмыс түрлерін қосып баланың шығармашылықпен жұмыс істеуіне, ой – өрісінің дамуына кең мүмкіндік береді.

Адамның тұлғалық қалыптасуы – үздіксіз және күрделі процесс. Ол білім алудың белгілі бір сатысымен шектелмейді. Бүгінгі таңда демек болашақта да білім қажеттілігі адамның белсенді өмірін қамтиды. Сондықтан жастардың бүгінгі білімі – болашақта өз білімін жетілдірудің және өз бетімен білім алуларының тек қана негізі. Мұнан шығатын қорытынды – оқушыларды үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру.

Соңғы кездегі мектептерде, түрлі мекемелерде және жеке пайдаланылатын компьютерлердің өндірісте, бизнесте кеңінен қолданыла бастауы жалпы көпшілікке кәсіби ақпараттық технологияларды пайдалана білудің аса қажеттігін көрсетті. Біздің қоғамымызда болып жатқан өзгерістер орта білім беру саласының дамуына да өзгерістер енгізуге себепші болды. Назарларыңызға ұсынылып отырған бұл баяндаманың  мақсаты – 12 жылдық білім жүйесіндегі бастауыш сыныпта информатика сабағын оқытудың маңыздылығын, оқушыларға компьютерлік желілермен жұмыс жасау технологияларының ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игеруде көмек көрсету.

            Информатика пәнін оқытуда кез келген сабақ – ол оқу үрдісінің бір бөлігі, сондықтан да оқып үйретуді ғылыми танымда нақтылықтың критерийі ролін атқаратын өмірмен, практикамен байланыстыра білуге, ал оқу процесінде – оқуға ынталылықты, оған оң көзқарасты, айналадағы ортаның құбылыстарын түсіндіру үшін теориялық білімдерін практикада қолдана білу дағдысына қалыптастыруға тиіс.      Компьютерлік желілер технологиясын қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы:

  • Компьютерде еркін жұмыс жасайды;
  • Компьютерлік желілермен байланыс жасайды;
  • Ақпараттарды ала алады, өңдейді, сақтайды;
  • Интернет желісімен тұрақты байланыс туғыза алады;
  • Электрондық поштаны қолданып түрлі ақпараттар алмаса алады;
  • Өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;
  • Ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады.

Мұғалім – ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуальды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалімнен ақпараттық құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

 

  1. Бастауыш мектеп (журналы 2005)
  2. Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасының жобасы. 2001 жыл
  3. 1-4 сынып информатика байқау оқулығы 12 жылдық (Атамұра 2005)
  4. «Мектеп информатикасы: іс – тәжірибе, проблемалар және келешегі»Халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдар жинағы. 19 – 21 қазан 2005 жыл. Алматы, 2005 ж.
  5. «Информатика негіздері» ғылыми әдістемелік журнал
Е.Ы.Бидайбеков, Ж.К.Нұрбекова, А.Е. Сағымбаева. «Информатикадан оқушылардың білімін бақылау, бағалау» әдістемелік құрал – Алматы 2003ж




Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения