Тимур Благодарный
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
24.03.2011
0
5622
0

Орта буында ақпараттық технологияны қолдана отырып, оқу үрдісін ақпараттандыру арқылы білім мазмұнын жетілдіру

Ақшолақова  Ғалия  Молдағалиқызы

Директордың  оқу-тәрбие  ісінің  меңгерушісі 

Талдықорған қаласы, N9 орта мектеп

 

Орта  буында ақпараттық технологияны қолдана  отырып,

 оқу  үрдісін ақпараттандыру арқылы

білім  мазмұнын жетілдіру.

 

Қазіргі ғылыми-техникалық өрлеу ғасырында жоғарғы  деңгейде сапалы білім беру  мәселесі-ең негізгі  мәселелердің  бірі. Бұл бағытта  балаларға  жоғары  деңгейде  білім  беретін,  еңбекке  баулитын, талабын  оятып, қозғау  салатын  орын- мектеп. Бүгінгі  өркениетті  қоғамда білім  беру  жүйесінің ең  басты  мәселесі – білім  сапасының  деңгейін  халықаралық  дәрежеге  көтеру.

Бұл  туралы  Президентіміз «Қазақстандағы мектеп уақыт өте келе үздік  әлемдік стандарттар деңгейіне көтерілу тиіс» - деп, Қазастандық мұғалімдер  қауымына үлкен сенім білдірді. Олай болса, сапалы білімді  азаматтар тәрбиелеу ұстаздар үлесінде. Сапалы білім-қоғамды тұрақтандыратын, рухани мұраны  пайдаланып, оқытудың жаңа әдістерін тиімді  қолдану, жаңа  технологияны қазіргі  заманға  бейімдеу,  оқытуды  жетілдіре  түсу,  білім  мен  тәрбиені  қатар  өрістету, жеке тұлға қалыптастыру, олардың  білім  деңгейінің мемлекеттік және  халықаралық  стандартқа  жетулеріне күш  салу  біздің  міндетіміз.

        Білім беру қоғамдық процесс, ол арқылы алдыңғы ұрпақтың әлеуметтік маңызды тәжірибесі кейінгі ұрпаққа беріледі. Оқыту мұғалімнің білім берудегі жетекші әрекеті болса, оқу-баланың өзінің танымдық, практикалық әрекеті.

      “Кез- келген  білім білім бағдарламасының табысты  орындалуы мұғалімге  байланысты. Оның кәсіби  шеберлігі  нысаналы бағдарламаны да, оқу  жоспарын  да  биік деңгейде жүзеге асыруға ықпал ете алады, ал мұғалімнің  кәсіби  дәрменсіздігі  істі  құлдыратады”,-делінген.

       Осы орайда  мектеп ұжымы 2004-2005 оқу жылынан бастап «Білім  берудің жаңа жүйесін қалыптастыру арқылы  білім сапасын көтеру» атты  даму бағдарламасы  бойынша қызмет  етіп  келеді.

       Даму  бағдарламасы  ІІІ-кезеңге  арналып  алынған.

Бірінші кезең : 2004-2005--2007-2008  оқу жылдарын қамтиды. Осы 4 оқу жылында педагогикалық ұжым мектептің даму  бағдарламасын  басшылыққа ала  отырып,  әр оқу  жылында  төмендегідей  әдістемелік  тақырыптар  бойынша

 

 

 

 

 

Көрсеткіштер

 

2005-

2006

 оқу

 жылы

 

2006-

2007

оқу  жылы

 

2007-

2008

оқу 

жылы

 

2008-2009

оқу

жылы

Оқушылар  саны

821/37

810/37

912/40

936/41

Білім  сапасы

47%

53%

54 %

51 %

Үлгерім    сапасы

100%

99%

99,8 %

99, 8 %

Ерекше  үлгідегі  аттестат

---

----

----

----

Ерекше  үлгідегі  куәлік

1

2

3

4

Грант

2

4

3

6

Кредит

2

 

 

 

 

Мектеп  бойынша  үздіктер мен   екпінділер  құрамын  жылдар  бойынша  салыстырсақ:

 

 

Оқу  жылы

 

Оқушы  саны

 

Оқу  озаты

 

Оқу  екпіндісі

Айырмашылығы

 

Оқу  озаты

Оқу  екпіндісі

2005-2006

821

98

291

 

 

2006-2007

810

121

312

+23

+21

2007-2008

912

139

355

+18

+43

2008-2009

936

161

338

 

 

слайд

Білімді жас ұрпақ  тәрбиелеу тек қағидалармен шешілмейді. Мектеп  қабырғасынан  білімді, мәдениетті,  тәрбиелі  болуы  қажет, яғни  мектептің  өзі  жекелей  алғанда өзге  білім  ордаларымен бәсекеге  қабілетті  болуы  тиіс.

Мұның  өзін  бүгінгі  таңда  ҚР-ның  Білім  және  ғылым  Министрлігінің Ұлттық  Біріңғай  Тестілеу  технологиясы  да  көрсетіп  отыр. Бұл  оқушылардың  білімін  әділ  бағалау, мұғалімдер мен  білім  мекемелерінің нақты  рейтінгісін  анықтау  үшін  жүзеге  асырылған  шара  болды.

Мектеп  бойынша  Ұлттық  Бірыңғай Тестілеудің  қорытындысын  жылдар  бойынша  салыстырсақ:

 

 

Оқу  жылы

 

ҰБТ-ге 

қатысқан

 оқушы  саны

 

 

Орта  балл

 

 

 

Айырма

шылығы

 

2005-2006

31

72

 

2006-2007

46

75

+3

2007-2008

28

76

+1

2008-2009

14

81,2

+4,2

слайд

   «Жас шыбық иілгіш келеді» деп халқымыз бекер айтпаған ғой. Оқушының жақсы болуы да, жаман болуы да- мектеп қабырғасынан басталады. Алған білімі, тәрбиесі өскен ортасы қашанда  алдағы өміріне негіз болады. Демек адам өмірге келгеннен кейін оның азамат болып қалыптасуы, дарынды, талантты, данышпан болуы да жүре келе дамиды.

   Ал сол  дарындылықты  дамыту-ұстаз парызы. Яғни, дарынды балалармен жұмыс жүйесіндегі негізгі тұлға-мұғалім. Мұғалім баланың ата-анасымен біріге оның дарынын алғаш байқаушы, дамытушы. ( слайд жетістіктер)

   Мектеп бойынша  өткен  оқу  жылындағы  дарынды оқушылардың жетістіктеріне  тоқталатын  болсақ, Республикалық „Дарын“ және КҒА  жобалар сайысы  бойынша „Әдебиет“ бөлімі бойынша  Лих  Анастасия  І-орын, „Физика“ бөлімі бойынша Нұрмұханова Назерке 2-орын, пән мұғалімі  Исағалиева Г.Е.; Облыстық  пән  олимпиадасынын қазақ  тілі мен  әдебиет  пәні бойынша 10 сынып оқушысы Әбдібек Олжас 3-орын, пән  мұғалімі  С.Нұрасылова, қалалық „Жырым  сенсің,  Талдықорған“ атты  конкурста Тәңірбергенова  Амина 2-орын, мұғалімі  Нұрасылова  С.Ы.; аймақтық КҒА ғылыми жобалар  сайысына  мектеп бойынша  13 ғылыми  жоба  жіберіліп, 13 де  жүлделі  орындарға  ие  болды. Атап  айтқанда, І- орын- 2 жұмыс „Физика“ бөлімі бойынша және „Тілі  білімі“ бөлімі  бойынша  1 жұмыс.

8-ғылыми  жоба- 2 орын; 3 ғылыми  жоба 3 орынға ие  болды. Ал  қалалық пән  олимпиадасынан  7 оқушы  жүлделі 2,3 орындарды  иеленді.

   Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі- оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда да елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістік құру еніп, көкейтесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім.

    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр” дегені мәлім. Ендеше қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық, саяси-экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етіледі. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істейтін, оқу мен тәрбие ісін жетік игерген, оқутыдың жаңа технологиясын  шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлғаға айналады.

Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты- оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында оқушылардың ақпараттық мәдетиетін қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындайды.

Еліміздегі саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сай білім беруді ақпараттандыру бағытында біздің мектебімізде жүргізіліп жатқан жұмыстар ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2007-2008 оқу  жылынан басталып жүзеге асырылуда. Осы сала төңірегінде “Білім беру саласындағы ақпараттық технологиялар”,“Информатика пәнін оқытудағы инновациялық технологиялар”, “Qbasic, Pascal бағдарламалау тілдері”, “Бастауыш сатыда информатика пәнін оқыту әдістемесі”, “Білім беру саласындағы ақпараттық мәдениет пен  интерактивті әдісті  қолдану негіздері”, “Мектеп  мұғалімдерін  компьютерлік сауаттылыққа  баулу” т.б. тақырыптар бойынша білім жетілдіру курстары мен әдістемелік семинарлар ұйымдастырылып келеді. Атап  айтқанда, өткен оқу  жылында Азаматтық қорғаныс  және  балаларды  қорғау күніне  байланысты облыстық  семинарда өткізілген «Селден сақ бол!», «Жер сілкінісі», «Өрт  тілсіз -жау» атты  интерактивті сыныптан тыс  сабақтар, «Тәрбие- тәртіптің құлы,  тәртіпті –елдің  ұлы» атты және «Бастауыш  сатыда ақпараттық  технологияны қолдану арқылы білім сапасын көтеру» атты қалалық  семинардағы өткізілген  интерактивті  сабақтардың  оқушылар мен  көрермендер үшін маңызы зор  болса, ал  биылғы  оқу  жылының  басында өткізілген «Бала тәрбиесі  отбасынан  басталады» атты ата-аналар жиналысының ақпараттандыру барысында өткізілуі ата-аналар  қауымы  үшін  жаңашылдық  болып  табылды.

Сонымен  қатар, өткен  оқу  жылында Республикалық  ақпараттандыру  орталығының ұйымдастыруымен  мектебімізде «Оқу  үрдісінде интерактивті  тақтаны қолдану» атты  білім  жетілдіру  курстары жүргізіліп, 17 мұғалім сертификат  алды.

Өткен  оқу  жылында мектептегі  ақпараттық  технологияның  қолданысы  туралы информатика пәнінің мұғалімі Ғ.Ақшолақованың «Ақпараттық  технологиялар  арқылы  білім  беру» атты баяндамасы  облыстық педагогикалық  оқуда жүлделі  екінші  орынға  ие болып, «Білім  берудегі бейіндеу және  технологияландыру жағдайында педагог мамандардың құзыреттілігін дамытудың  вариативті  жолдары» атты  жинаққа  енгізілді.

    Ал Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 қыркүйектегі № 6345 өкімімен бекітілген “Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасын» басшылыққа ала отырып, 2009-2010 оқу  жылында  «Білім  берудің жаңа жүйесін қалыптастыру арқылы білім сапасын көтеру»  даму бағдарламасының ІІ-кезеңі бойынша  «Білім  беруді  ақпараттандыру  арқылы оқу  үрдісін жетілдірудің  сапасы  мен  тиімділігін арттыру» атты мақсат қоя отырып, осы мақсатқа жетуде педагогикалық ұжымға төмендегідей  міндеттер жүктелді.(слайд)

Міндеттері:

  • Оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптасты- 

руда заман талабына сай ақпараттық-интерактивті оқытуды  қолдану; 

  • Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптасты- 

ру  арқылы білім  мазмұнын  жетілдіру. 

 

Мектептің ғылыми-әдістемелік  тақырыбы:    (слайд)

 

Оқу  үрдісіне ақпараттық  технологияны енгізу  арқылы интерактивті әдісті қолданудың  тиімді  жолдары

Мақсаты: Мұғалімдер мен оқушылардың ақпараттық сауаттылықтарын дамыту арқылы, шығармашылық  деңгейін көтеру.

Міндеттері:

  • Оқу  үрдісіне ақпараттық  технологияларды іске асырудың жүйелі  ғылыми-әдістемелік жолын  анықтау; 
  • Мұғалімдердің ақпараттық технолгияларды меңгеруін оқу  үрдісінде  пайдалану арқылы кәсіби  біліктіліктерін көтеру: 
  • Оқушылардың  тәжірибелік іс-әрекетінде ақпарттық  мәдениетін мен  компьютерлік- интерактивті  сауаттылықтарын дамыту; 
  • Ақпарат  ғасырына  сай компьютерлік  сауатты, жан-жақты  дамыған  жеке  тұлға тәрбиелеу; 
  • Құнды педагогикалық іс-тәжәрибені  қолдану және  бағалау, жаңа идеялардың  тууына  жағдай  жасау; 
  • Мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту.

 

  

 

    Алға  қойған міндеттерді басшылыққа  ала  отырып,  мақсатқа  жетуде бүгінгі таңда педагогикалық ұжым “Оқу үрдісіне ақпараттық  технологияны енгізу арқылы интерактивті әдісті қолданудың тиімді  жолдары” атты әдістемелік тақырыппен еңбек  ете  отырып, “Мұғалімдер мен оқушылардың ақпараттық сауаттылықтарын дамыту арқылы, шығармашылық  деңгейін көтеруді мақсат  етті.

Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне республика мектептерін көтерудің тиімді жолы – білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заныңда білім беру жүйесін ақпараттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықталынып, осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр.

ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Өйткені, оқушы мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар іс жүзіндегі білімінің алғы шарттарын меңеруі тиіс. Ал теориялық білімді өмірмен ұштастыру үшін компьютердің қажет екендігі даусыз.

Ақпараттандырудың негізгі бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділіктің технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне: оның іргерлілігі, алдын алу сипаты және осыларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады. Бұл өскелең ұрпақты ақпараттық қоғаммен зиялы қарым – қатынасқа оқытып тәрбиелеуге және ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасайды.

Сол себепті де информатика пәні кабинетінен басқа әр мектепте компьютермен сабақ өтуге, компьютерлік білімін жетілдіруге арналған қашықтан  оқыту  кабинеттері болуы керек. Бұл – қазіргі заман талабы.

Осыған сай ақпараттандыру саласында мектептің материалдық- техникалық  базасына  тоқталсақ, жалпы – 3 компьютерлік кабинет, 1- мультимедиялық кабинет, 6 пән кабинеті (химия, физика, биология, мультимедиялық-лингофонды, 2-информатика)- интерактивті тақтамен жабдықталған.

Жаңа ақпараттық технологияны білім беру саласына енуі педагогтерге оқытудың мазмұнын, әдісін және ұйымдастыру түрлерін сапасын өзгертуіне мүмкіндік береді. Білім беру жүйесінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияны пайдаланудың мақсаты жаңа ақпараттық қоғамдағы оқып үйренушінің парасаттылық мүмкіндіктерін күшейтіп, сонымен қатар білім беру жүйесінің барлық сатыларындағы оқу үрдісін ізгілендіру, жекелеу, қарқындату мен оқытудың сапасын арттырады. Сондықтан жаңа ақпараттық технология құралдарын педагогикалық мақсатта қолданудың келесі негіздері қарастырылып, зерттеліп белгіленді.

1.     Қазіргі заманғы жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейін қарқындату, яғни, оқу үрдісі сапасы мен тиімділігін, танымдық іс-әрекет белсенділігін көрсету, пәнаралық байланыстарды тереңдету, қажет ақпаратты іздеу тиімділігі мен көлемін кеңейту.

2.     Оқып үйренушінің жеке тұлғасын дамыту, ақпараттық қоғам жағдайында жабдықталған өмірге өзіндік дайындықтар жүргізу, яғни, әртүрлі ойлау қабілетінің түрлерін, байланыс жолдары қабілеттілігін дамыту, күрделі жағдайлардағы шешім нұсқаларын ұсыну немесе тиімді шешімдерін қабылдау біліктілігін қалыптастыру, компьютерлік графика мен мультимедиа технологияларын пайдалану арқылы эстетикалық тәрбиелеу, ақпаратты өндеуді жүзеге асыра білу, ақпараттық мәдениетті қалыптастырып, мәселені моделдей білуді дамыту және ең бастысы, тәжірибелік – зерттеу іс - әрекетін жүзеге асыра білуді қамтамасыз ету.

3.     Қоғамның әлеуметтік тапсырыстарын орындау жұмыстары, яғни, ақпаратты сауатты меңгерген жеке тұлға даярлау, тұтынушыны компьютер құралдарымен жұмыс істеуге үйрету және информатика аймағында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүзеге асыру.

      Осы  орайда,  мектебімізде  2010 жылдың  31 наурызында  өткізілген Білім  Беру  жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін  арттыратын  республикалық институттың  «12- жылдық білім беруге  көшуде информатика пәнін бейінді оқыту  курсының ғылыми-әдістемелік  негіздері» атты  республикалық  ғылыми-тәжірибелік  конференцияның  біздің  мектепте  өткізіліліп, информатика  пән  мұғалімдерінің еңбектері  жинаққа  енгізілуі мен марапатталуы,  мектебіміздегі  оқу  үрдісіндегі  ақпараттандыру жұмысының  педагогикалық  мақсатта  іске асырылып жатқандығының  нәтижесі.

    Бүгінгі күні мектебімізде өткізіліп  отырған «Мектептегі  инновациялық жұмыстың тиімділігін арттырудың басты  долы- ақпараттық технологияны  пайдаланып, орта  буында интерактивті  сабақтар беру» атты қалалық семинар мектептегі  ақпараттандыру  жұмыстарының  айғағы.

         Семинардың мақсаты: Оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруда заман  талабына  сай ақпараттық-интерактивті оқыту және оқытудың  тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану.

         Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың  тәжірибелік  іс-әрекетінде ақпараттық мәдениетін  қалыптастыру, интерактивті сауаттылықтарын  дамыту.

          Тәрбиелік  мақсаты: Ақпарат ғасырына сай компьютерлік  сауатты, жан-жақты  дамыған жеке  тұлға  тәрбиелеу.

 

 

Қазақстанның тәуелсіз мемлекеті ретінде қалыптасуы орта білім беру жұйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да – мектеп. Ендеше қазақ мектептерінің білім деңгейін арттыру және онда ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу тәрбие үрдісін тиісті деңгейге көтеру үшін мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алатын бағыты болуы тиіс. Осы айтылған ой – пікірлерді тұжырымдай келе, білім беруді  ақпараттандыру мектеп пәндерінің оқыту сапасын арттырады және ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.

Мектепті ақпараттандыруға мемлекет тарапынан қашанда үлкен экономикалық  қолдау көрсетіліп, оны оқыту, үйрету мәселесі бүкіл халықтық деңгейге көтерілсе ғана біздің еліміз өндірістің жоғарғы психологиясын меңгерген дүниежүзілік бәсекеге төтеп беретін, өндіріс өнімдерін өндіре алатын алдынғы қатарлы мемлекетке айналары даусыз. Өйткені, “Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет” деп,  Ел басы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы өте зор.

 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения