Александр
Должность:не указана
Группа:Команда портала
Страна:Харьков
Регион:не указан
06.04.2013
0
1944
1

Жүрек жылуы

Казахстан, Темирский район Актюбинская  область

Бабатайская средняя школа Темирский район Актюбинская  область

Учитель  самопознания 

Изтлеуова Райгул Каримбаевна


Жүрек жылуы

Мақсаты: Мейірімділік, адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, қамқорлық жасауға жетелеу, мейрімділікке, қамқорлыққа, қайырымдылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу, ата-анаға, барлық адамдарға жүрек жылуын беруге көмектесу, жақсылық жасаудың адами қарым-қатынастағы мәнділігін түсіндіру.

Көрнекілігі: оқулық, слайдттар, дәптер, суреттер.

Ребус шешу.  «Жүрек жылуы»

Шаттық шеңбері: Жан-жағына нұр шашып

                                   Арайлап жарқын таң атса,

                                   Жер бетінде жайқалып,

                                   Көгеріп өссе көк майса,

                                   Жүрегім жыли бастайды.

                                   Оралғанда сапардан           

                                   Алдымнан жақын жан шықса,

                                   Кездескенде достарым

                                   Құшағын маған кең ашса,

                                   Жүрегім жыли бастайды.

Көгершіннің сұрақтары:
1) Үлкендер  еркелеткенде қандай  күйде  боласыңдар?
2) Жақсы  көретін  адамдарға  қандай тілек  айтқың   келеді?
3) Басқаларға  жақсылық  жасаған  кездерің  болды ма?

Ұлы Абайдың нақыл сөзі:  

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:

Ыстық қайрат,

Нұрлы ақыл,

Жылы жүрек.

Мәтінмен жұмыс: «Жай ғана әжей»

Мәтін бойынша сұрақтар:

1)  Сендердің осындай оқиғаға кездесулерің мүмкін бе?

2)  Бұл оқиғадан не үйрендің?

 

Дәйексөз: «Табиғаттағы барлық жылу – күннен,
                     Өмірдегі барлық жылу - адамнан».

Тыныштық сәті: Табиғат суреттері, құстың сайрағаны.

Сұрақ:  Өздеріңнің   жақсы көретін адамдарың  туралы  әңгімелеп  беріңдер.

Әңгімелесу.

1.Үлкендер  еркелеткенде  қандай  күйде боласыңдар?

2.Жақсы көретін адамдарға  қандай тілек  айтқың келеді? 

3.Басқаларға жақсылық  жасаған кездерің болды ма?

 

Топтастыру: Ана кім?

Ана – қамқоршы, жанашыр, ақылшы, әдемі, қонақжай, адал, мейірімді. 

 

Дәйексөз:  Балалардың жауаптары  дәйексөзбен түйінделеді?

                   “Табиғаттағы барлық  жылу –күннен,    

                     Өмірдегі барлық  жылу - адамнан”.

 

Тапсырма: Оқушылар өздерінің  жақсы көретін  адамдары туралы  әңгімелеу.

Әр баланың өз өмірде орны ерекше екенін де  жақсы көретін адамдардың 

оларды бар екенін  ұғындырады.       

 

Дәптермен жұмыс

Жағдаятты талдау: Суреттерге қарап жағдаяттарды шешу.
1) Сен бір құшақ  газет –журнал көтеріп, келе жатқан хат тасушыға кездестің... 2) Сен аулаға ролик тебуге шықтың, ал  досыңның ролигі жоқ...
3) Анаң  ас пісіріп жатыр, ал  інің  мазасызданып кетті....

Жан  жылуы
Марк деген балаға бір ауыз сөз өз тілектеріңді жазыңдар.

Жүрегі  жылы жандардың бойынан табылатын қасиеттер: Ақылды, қонақжай, жақсы, ақкөңіл, инабатты, адал, кішіпейіл, жанашыр, парасатты, мейірімді 

Ата-анаң сені қалай еркелетеді? 

Шығармашылық жұмыс.    
Өздеріңнің  жақын адамдарына арнап   өлең құрау.

____________          cақтаған

____________         жақтаған

_________________________

____________         мақтаған

 

Жүректен жүрекке: Бір-біріне жақсы тілек айту.


Қоңырауда жақсы демалыңыз!  

Назар  аударғандарыңызға рахмет! Сау  болыңыздар! 

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения