Тимур Благодарный
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
24.03.2011
1
6409
1

Оқыту үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану арқылы информатика пәні мұғалімінің құзыреттілігін дамыту

Оқыту  үрдісінде  ақпараттық-коммуникациялық  технологияны  қолдану арқылы информатика  пәні мұғалімінің құзыреттілігін дамыту.

Талдықорған қаласы, N9 орта  мектеп

Ақшолақова  Ғалия  Молдағалиқызы

информатика пәнінің  мұғалімі,

директордың оқу-әдістемелік  орынбасары

 

Білім  мен  ғылымды өз  дәрежесінде меңгерген  елдер  ғана әлемдік  дамудың алдында, озық көштің бұйда  ұстар тұсында  тұрады  десек, қазіргі кезеңде  еліміздегі білім  саласында  жүріп  жатқан реформаларға  байланысты білім  беру жүйесі  терең  құрылымдық  өзгерістермен сипатталады.Қазіргі ғылыми-техникалық өрлеу ғасырында жоғарғы деңгейде сапалы білім беру  мәселесі-ең негізгі  мәселелердің  бірі. Бұл бағытта  балаларға  жоғары  деңгейде  білім  беретін,  еңбекке  баулитын, талабын  оятып, қозғау  салатын  орын- мектеп. Бүгінгі  өркениетті  қоғамда білім  беру  жүйесінің ең  басты  мәселесі – білім  сапасының  деңгейін  халықаралық  дәрежеге  көтеру.


       ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Өйткені, оқушы мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар іс жүзіндегі білімінің алғы шарттарын меңеруі тиіс. Ал теориялық білімді өмірмен ұштастыру үшін компьютердің қажет екендігі даусыз.

    Ақпараттандырудың негізгі бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділіктің технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне: оның іргерлілігі, алдын алу сипаты және осыларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады. Бұл өскелең ұрпақты ақпараттық қоғаммен зиялы қарым – қатынасқа оқытып тәрбиелеуге және ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасайды.

     Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты- оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында оқушылардың ақпараттық мәдетиетін қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындайды.

     Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың жыл сайынғы жолдаулары жақсы дәстүрге айналды. 2008 жылғы Жолдауында «... Білім беру саласының басты міндеті – 2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту» керек екеніне назар аударды. Инвестиция жұмсаудың ең тиімді, ең ұтымдысы – білім беру саласын инвестицияландыру», - дейді Елбасы Н.Назарбаев.

      Бүгінгі ақпаратпен толықтырылған білім беру ортасының оқу процесін электрондық қорларды жоғары дәрежеде құрылымдалған және көрнекіленген электрондық оқулықтар мен пәннің оқу-әдістемелік кешендерін (жаңа ақпараттық коммуникативтік, Интернет-конференциялар жағдайындағы бірлескен танымдық іс-әрекет және т.б.) қолдана отырып, сапалы ұйымдастыру жөнінде айтарлықтай педагогикалық тәжірибелер жинақталған. Алайда, ақпараттандыру әрекетіндегі ең маңызды мәселелердің біріне педагогтардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру бүгінгі қоғамның нарықты экономиканың қойылып отырған талаптарына сәйкес тұлғалық-бағдарлық, құзытертілік-іс-әрекеттік жаңа тұрғыдан қарастыруды талап етеді. Өйткені жалпы білім сапасын арттыру аспектілерінің бірі оқушылардың құзыреттілік белсенділігін және өз бетімен білім алуға деген икемдігін арттыруға себеп болатын әрекет – оқушылардың өзіндік жұмысы. Сол себепті, оқушылардың танымдық дербестіктерінің сапасын жоғарылататын ақпараттық оқыту технологияларын жетілдіру негізіндегі өзіндік жұмыстар жүргізу қажет.

     Қазақстандық педагогтар бұл мәселені әртүрлі аспектілерде: теория мен практиканың өзара байланыс мәселесі өзіндік жұмысына берілетін уақытты; кәсіби білімді инновациялық тәсілмен ұйымдастыру, белсенділігін арттыру және оқушылардың өзіндік жұмыстарының оқу материалын игеру барысында өз бетімен білім алуға ынталандыру қабілетін жетілдіру, ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері және электрондық оқулықтарды даярлау (Г.Қ.Нұрғалиева т.б.); компьютер арқылы дербес; дидактикалық бағдарламалы оқыту материалдарын дайындаудың педагогикалық ұстанымдарын ашу.

     Жоғарыда айтылып отырған проблема бүгінгі күнге дейін әлі де толық шешімін таппағандығын көрсетті. Қазірдің өзінде білім беру әрекетінде практика жүзінде оқыту процесінің классикалық құрылымы сақталып, оқытудың дәстүрлі әдіс-тәсілдері басымдық көрсетуде, сондықтан дидактикалық инновация мен компьютерлік оқыту технологияларының мүмкіндіктерін пайдаланудың жеткіліксіз деңгейде екенін байқадық.

    Соңғы жылдары ғылыми-педагогикалық еңбектерде кәсіби құзыреттілік дайындық сапасына қойылатын талап немесе кәсіби теориялық білімдері мен практикалық біліктілігі, тәжірибеден өткізілген кәсіби маңызды сапасы ретінде қарстырылады. Біздің ойымызша, құзырлылықты білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез-құлқын, ең бастысы – тұлға мүмкіндігін бағалаудың критериі мақсатында қарастыру құзырлылық маңызын толық аша бастады. Олай болса, құзырлылық – нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық критериі ретінде әлеуметтік және өмірлік көзқарастарды қамтитын құндылықтарды есепке алуы қажет.

            Құзырлылық тәсілдері:

  • нақты болып жатқан құбылыстарды түсіндірудегі;
  • танып білудегі, жаңа техника мен технологияларды меңгерудегі;
  • адамдар арасындағы байланыста өз қылықтарын бағалау;
  • өмірдегі отбасы мүшесі, қоғам мүшесі;
  • құқықтық нормадағы және әкімшілік құрылымдағы жағдаяттарды шешудегі біліктілік.

Құзырлылықтың негізгі қасиеттері: әлеуметтік көзқарасы, тәжірибесі, интеллектісі, тектілігі. 

Құзырлылықтың сапа белгілері: дүниетанымы, адамгершілігі, еңбекқорлығы, көлемі, жаңалылығы, қабылдауы, есте сақтауы, дарыны.

     Белгілі ғалымдар С.Е.Шишов пен В.А.Кальнейдің өскелең ұрпақтың бойына білім мекемелері мынадый құзырлылықты қалыптастыруы тиіс деп есептейді:

  1. Саяси және әлеуметтік құзырлылықтар. Олар адамның өзіне жауапкершілік ала алуында.
  2. Көп мәдениетті қоғамда өмір сүре алуға байланысты құзырлылықтар. Ұлтаралық келісім, басқа мәдениет, дін өкілдерін құрметтеу.
  3. Жазбаша және ауызша қарым-қатынас жасай алу құзырлылығы. Бұл әрбір адам үшін аса маңызды мәселе, бұған сонымен қатар бірнеше тілді білу де жатқызылады.
  4. Ақпараттық қоғамда өмір сүре алуға байланысты құзырлылықтар. Бұл жаңа технологияларды білу, ақпараттар ағынынан қажеттісін таба білу, оған сыни баға беру, білу деген мағынаны береді.
  5. Тұлғаның жеке және қоғамдық өмірінің негізі болып табылатын - өмір бойы білім алуға қабілеттілік.

     Осыдан, ақпараттық қоғамда өмір сүре алуға байланысты құзырлылықты ескерсек, информатика мұғалімдерінің ақпараттық-коммуникациялық құзырлығын қалыптастыру деңгейлері мынандай болады:

      Бастапқы деңгей:

-          информатика мен ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану салалары бойынша жалпы түсінік;

-          ақпараттық-коммуникациялық технологиямен қарапайым жұмыс жасау тәсілдерін меңгерту.

Алгоритмдік деңгей:              

-          ақпараттық-коммуникациялық технологияның дидактикалық мүмкіндіктерін меңгерту;

-          бағалау мен өзіндік бағалау дағдыларын дамыту.

Эвристикалық деңгей:

-          ақпараттық-коммуникациялық  технологияның мүмкіндіктерін түрлі ақпараттарды өңдеуде қолдану;

-          интерактивтік тақтаның мүмкіндіктерін информатикадан электрондық сабақтарды жасақтауға пайдалану;

-          информатика пәнін сапалы түрде оқытуға педагогикалық технологиялардың ішінен тиімдісін таңдай білу.

Шығармашылық деңгей:

-          қолданбалы программалық құралдармен жұмыс жасау технологиясын меңгерту арқылы оның мүмкіндіктерін информатиканың бағдарлы бағытына қолдануға дағдыландыру;

-          объектілі – бағдарланған программалау тілдерін шығармашылық бағыттағы есептерді шешуге қолдану;

-          олимпиадалық есептерді шешудің әдіс-тәсілдерін таңдай білу.

     Аталған деңгейлердің даму шыңына жеткен мұғалімді біз апараттық-коммуникациялық құзырлығы қалыптасқан тұлға деп атай аламыз. Сондықтан оның бейнесі келесі параметрлер мен белгілер арқылы бейнелеуге болатындығын айқындай аламыз.

 

 

     Осыдан кейін барып ақпараттық құзырлығы қалыптасқан мұғалімнің портфолиосы жөнінде сөз қозғасақ болады. Мұғалімнің портфолиосын құру неден туындады. Осы сұраққа жауап ретінде мынандай дәлелдер келтіруге болады: бұл өмірлік қажеттілік, өйткені білім сапасына қойылатын талаптар үнемі күшейіп отыр, бір шетінен мұғалім портфолиосы білім беру ұйымдарының бас мамандарына мұғалім жұмысының нәтижелілігін анықтау үшін керек, ал басқа жағынан – мұғалімнің өзін-өзі шыңдауы, өзін-өзі зерттеуі үшін керек. Мұғалімнің жетістіктерінің және білім беру сапасының факт түрінде берілген дәлелдер. Оның ішіне мұғалімнің маман ретіндегі нәтижелі жұмыстарын көрсететін барлық құжаттар кіреді. Портфолионы құру және оны ары қарай жүргізу жеке мақсаттарды көздейді:

  • әр мұғалімнің маман ретіндегі педагогикалық ісінің қозғалуын көріп отыру;
  • оқу материалдарын жүйеге келтіру және ұсыныстарды жұмыс берушіге ұсыну;
  • тәжірибесі аз мұғалімдерге жетістіктерін тарату үшін;
  • жаңа түрде пайда болып жатқан оқу курстарын ұйымдастыру әдістерін ұсыну;
  • гранттық және конкурстық бағдарламаларға қатысу үшін негіз болу;
  • білім беру ұйымының әдістемелік диапазонын кеңейту үшін.

Мұғалімнің портфолиосында өзінің педагогикалық ой-пікірлері мен олардың қажетті екендігін дәлелдейтін әдістері бірге қосылу керек.

Сонымен қазіргі жаңа қоғамның сұранысына сәйкес Қазақстанның педагогика ғылымындағы әлемдік стандартқа сай білім алу қажеттіліктері оқушылардың өзіндік жұмыстарының жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жетілдіру деңгейіне тікелей байланыстылығы мен бұл мәселенің теориялық тұрғыдан толық зерттелмеуі арасындағы қарама-қайшылықтың орын алғандығын байқадық. Осы қарама-қайшылықтан пайда болған жаңа ақпараттық технологияларды оқу процесінде қолдану әрекетінде, қандай педагогикалық шарттар болуы қажет деген сұрақ бізге зерттеу мәселесін анықтап, тақырыпты «Жаңа ақпараттық технология жағдайында оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру» деп таңдауымызға себеп болды. Егер оқушылардың өзіндік жұмыстарын жаңа ақпараттық технология жағдайында ұйымдастырудың мазмұны мен құрылымын және педагогикалық мәнін ашатын құзыреттілік –іс-әрекеттік теориялық тұрғыдағы негізі меңгеріліп, біздің ұсынып отырған құрылымдық-мазмұндық моделі жүзеге асырылса, онда жаңа ақпараттық технологиялар негізінде ұйымдастырылған педагогикалық жұмыстары тиімді болады, өйткені оның педагогикалық шарттары анықталады:

  • жаңа ақпараттық технологияны қолдану барысындағы педагогтардың өзіндік жұмысының құрылымдық-мазмұндық моделін жасау
  • бүгінгі әлемдік және отандық тәжірибе қолданыс тапқан жаңа ақпараттық технологиялардың жетістіктерін ескере отырып, педагогтардың жұмыстарын электронды интерактивті арқылы білім беру қорларының кешені арқылы ұйымдастыру» бағдарламалық жобасын дайындау және оның сапалығын тәжірибе-эксперимент жүзінде тексерістен өткізу.

        Мұғалім жұмысын жаңа ақпараттық технологиялар негізінде ұйымдастыру әлеуметті-белсенді, бәсекелесуге барынша қабілетті, құзыретті түрде жетілген, дербес тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.

      Педагогтарға көмек үшін жүйелілік, тұлғалық-бағдарлық, құзыреттілік-іс-әрекеттік теориялары, интерактивтік оқыту бойынша, компьютерлік оқыту бағдарламалары құрастырлады.

     Озат педагогикалық тәжірибені жинақтау және талдау; жеке әңгімелесу, психологиялық-диагностикалық тестілеу, пікірталас, жазбаша сұраққа жауап алу; эксперименттік – педагогикалық бақылау және педагогикалық эксперимент өткізу; оны компьютерлік сапалық және сандық талдау; алынған нәтижені көрнекі түрде көрсету қолданылды.

      «Оқушылардың өзіндік жұмыстарын электронды интерактивті білім беру қорларының кешені арқылы ұйымдастыру» бағдарламалық жобасы дайындап жүзеге асыру.

      Сонымен қатар, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, дәріс, семинар, студенттердің өзіндік жұмыстарында интерактивтік оқыту әдістері мен компьютерлік оқыту бағдарламаларын, автоматты оқыту жүйелерін, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы болашақ мамандардың дербестік және құзыреттілік-іс-әрекеттік қабілеттерін жетілдіру мүмкіндіктері мен қолданылатын әдістемелер сарапқа салынды; жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру тәсілдері (электротехника пәнінің оқыту жүйесін негізге ала отырып) тәжірибелік-эксперимент кезеңдері, оның нәтижелерінің толық мазмұны көрініс тапты.

      Қазақстанның тәуелсіз мемлекеті ретінде қалыптасуы орта білім беру жұйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы да – мектеп. Ендеше қазақ мектептерінің білім деңгейін арттыру және онда ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу тәрбие үрдісін тиісті деңгейге көтеру үшін мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алатын бағыты болуы тиіс. Осы айтылған ой – пікірлерді тұжырымдай келе, білім беруді  ақпараттандыру мектеп пәндерінің оқыту сапасын арттырады және ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.

      Елбасы «Қазақстандағы мектеп уақыт өте келе үздік әлемдік стандарттар деңгейіне  көтерілу тиіс» - деп, Қазақстандық  мұғалімдер  қауымына үлкен  сенім білдірді. Олай  болса,  сапалы білімді азаматтар тәрбиелеу ұстаздар үлесінде. Сапалы білім-қоғамды тұрақтандыратын, рухани мұраны  пайдаланып, оқытудың жаңа  әдістерін тиімді  қолдану, жаңа  технологияны қазіргі  заманға  бейімдеу,  оқытуды  жетілдіре  түсу,  білім  мен  тәрбиені  қатар өрістету, жеке тұлға қалыптастыру, олардың білім деңгейінің мемлекеттік және халықаралық стандартқа  жетулеріне күш салу біздің  міндетіміз.

      Қорыта келгенде ХХІ ғасыр компьютерлік ақпараттар  заманы. Жер бетінде болып  жатқан жаңалықтар мен  өзгерістер туралы  спутник арқылы, интернет  арқылы күн  сайын, сағат сайын мағлұмат  алып отырған жас жеткіншектерді басқа  нәрсемен таңдандыру  жаңа сабақты  айтып, тыңдата білу мұғалімге оңай емес.

     “Кез- келген білім бағдарламасының табысты орындалуы мұғалімге  байланысты. Оның кәсіби шеберлігі нысаналы бағдарламаны да, оқу  жоспарын  да биік деңгейде жүзеге асыруға ықпал ете алады, ал мұғалімнің  кәсіби дәрменсіздігі істі құлдыратады”,-делінген. Осы  орайда педагогикалық ұжымға білім  бағдарламасының  табысты  орындалуына, оқу  жоспарын биік  деңгейде  жүзеге  асыруға, нәтижеге  бағытталған  білім беруге –тек  кәсіби  шеберлік  пен шығармашылық ізденіс  қажет  екендігін айтқым келеді.

Комментарии пользователей /1/
candy_78@mail.ru | 18 апреля 2012 15:41
Маалаыза кп рахмет! стазды ебек жолыыза шыармашылы мол табыс тілеймін! smile

макаланызга коп рахмет! Устаздык енбегинизге мол табыс тилеймиз! winked
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения