Александр
Должность:не указана
Группа:Команда портала
Страна:Харьков
Регион:не указан
04.04.2013
0
1477
0

Ұстаз мамандығы - мәртебелі мамандық

Казахстан, Акмолинская обл, город Кокшетау

Ақмола облысы Көкшетау қаласы Есту кемістігі бар балаларға арналған №4 мектеп-интернаты

Воспитатель

Закриинова Гаухар Темірбекқызы

Ұстаз мамандығы - мәртебелі мамандық


Белгілі ағартушы қазақ әдебиетінің ірі өкілі Жүсіпбек Аймауытовтың ұстаздық қызмет туралы мына бір сөзін тілге тиек еткім келіп отыр:«Ұстаз-шәкірттерге сабақ берумен,білім үйретумен шектелген маман иесі емес,ол шәкірттерінің алдағы өмірін көз алдына келтіріп өз басынан кешірген ,тәжірибесіне таянып,келешекте жазатайым аяғын шалыс басып,өмірден соққы жеп,өкінбескекүні бұрын сақтандыратын қорғаушысы,қамқоршысы деп биік баға берген екен» .Мұғалім ең алдымен бала жүрегінің пернелерін дәл тауып, оны ойната білетін тамыршы болуы тиіс.

Мен де осы мамандықтың иесі атануды бала кезімнен армандадым.Мені осы мамандыққа жетелеген де асыл жандардан тараған жылулық,мейірімділік.Келешекке ақ жол ,адал ниетті ұрпақ тәрбиелесем деген ұлы сезімнің жетегімен осы мамандықтың иесі атандым.

Ұстаздық еңбек жолында жүргенім 30 жылға таяп қалыпты.Осы жылдар бойы алдымнан талай шәкірттер білім алып,қанат қақты.Осы еңбек жолымда оқушыларға жақсы білім беріп, олардың мінез-құлықтарының дұрыс қалыптасуына ерекше көңіл бөлуге тырыстым.

Мұғалім оқытып жүрген оқушысына әрқашан қамқорлық жасап,жаны ашып,өз перзентіндей көрмесе,олардың тағдырыәрқалай болуы мүмкін.Өзім жұмыс жасап жүрген мектеп –интернат үйінде мүмкіндігі шектеулі балалар дәріс алуда.Әрине оларға үкімет тарапынан да мұғалімдер тарапынан да ерекше көңіл бөлінуде.Алдымыздағы шәкірттердің бала жанын түсіну үшін бізге көп еңбектену керектігін түсіне отырып, бар күш-жігерімізді аямай ,тер төгудеміз.

Бұған дейін Сандықтау балалар үйінде де қазақ тілі пәнінен дәріс бере отырып, тәрбиешілікті де қатар алып жүрдім.Бұл мектептегі балалардың көбісі тастанды немесе ата –анасынан ерте айрылған жетім балалар болды.Олардың ата-анасының аялы алақанын сағынып ,қатты құлазып жүрген кездерінде бауырымызға басып,жылы қабақ танытып, аналық қамқорлық көрсетіп,ақыл –кеңес беріп, олардың жағдайына түсіністікпен қарау біздің басты мақсатымыз болды.Келешегі туралы қиялға беріліп,арман жетегінде жүрген балаларға ата-аналарының жіберген қателіктерін келешекте қайталамауларын ашып айтып,жақсы нәтижеге тек жақсы оқу мен үлгілі тәртіптері арқылы жететіндеріне көз жеткіздірте айтып, түсіндіретінмін.

Ал қазіргі кезде Көкшетау қаласындағы №4 мүмкіндігі шектеулі облыстық мектеп-интернатында жұмыс істеп жүрмін.Кемтар болып туылған балалардың жүрегін тыңдап,психологиясын түсіне білу басты мақсатымыз деп білемін. Мектеп интернатымызда балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау,оларды тәуелсіз елдің білімді де білікті азаматы етіп тәрбиеле үшін жасалып жатқан жұмыстар аз емес. Балалардың өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға , әрі қарай жетілдіруге , қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіне білуіне, өмірден өз орнын таба білуге, тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етудемін.Еңбегім елеусіз емес, атап айтсам:былтырғы жылы кәсіподақ ұйымы тегін жолдама беріп «Сарыағаш» демалыс үйіне барып дем алып келдім.Бірнеше мақтау грамоталарымен марапатталдым.Биылғы оқу жылында мектеп әкімшілігі еңбек кітапшама жазбаша түрде алғыс енгізу жөнінде қаулы қабылдады.



Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения