Александр
Должность:не указана
Группа:Команда портала
Страна:Харьков
Регион:не указан
02.04.2013
0
1578
0

Зат есім

Казахстан, Акмолинская обл, Зерендинский район, село Жанаул

Жанаульская начальная школа

Учитель начальных классов

Махметова Умсындык Еслямовна

Зат есім

Қазақ тілінен тест сұрақтары

2-сынып

I-нұсқа

1. Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар?

А) 33

Ә) 37

Б)42

2. Жіңішке дауысты дыбыстарды ата:

А) ә,ү, і, е

Ә) а, и, ұ, ы

Б) ы, ә, ұ, ы

3. Қазақ тілінде неше жуан дауысты дыбыстар бар?

А) 3

Ә)12

Б) 4

4. р, л, м, н әріптері дауыссыз дыбыстардың қай түріне жатады?

А) қатаң дауыссыздар

Ә) ұяң дауыссыздар

Б) Үнді дауыссыздар

5. өнер, сурет сөздеріне тиісті қосымшаны тап.

А) лі, ші

Ә) шы, лық

Б) тық, шы

6. "Құрылысшы" сөзіне қандай қосымша жалғанып тұр?

А) жұрнақ

Ә) жалғау

Б) түбір

7. "Әдемі, өнерлі" деген сөздер қай сөз табына жатады?

А) зат есім

Ә) сын есім

Б) етістік

8. Сан есімге қандай сұрақтар қойылады?

А) кім? не?

Ә) қандай? қай?

Б) қанша? Неше?

9. Дұрыс жазылған сөзді көрсет.

А) көкшетау

Ә) Көкшетау

Б) Көкше тау

10. Қай бағанадағы сөз дұрыс тасымалданған?

А) ал-ты-бақан

Ә) алты-бақан

Б) алтыба-қан

 

 

II-нұсқа

1.  Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?

А) 2

Ә) 12

Б) 18

2. Зат есімді табыңыз.

А) қоян

Ә) жасыл

Б) сексен бес

3. "оюлар" сөзінде неше дыбыс, неше әріп бар?

А) 6 әріп, 5 дыбыс

Ә) 5 әріп, 6 дыбыс

Б) 5 әріп, 5 дыбыс

4. қ, к, с, т әріптері дауыссыз дыбыстардың қай түріне жатады?

А) Қатаң дауыссыздар

Ә) Ұяң дауыссыздар

Б) Үнді дауыссыздар

5. Сөйлем ішінен дұрыс жазылмаған сөзді табыңыз.

Анасы азаматты далада күтті.

А) далада

Ә) азаматты

Б) күтті

6. Заттың атын білдіретін сөздерді қалай аталады?
А) Зат есім
Ә)Сын есім
Б) Сан есім

7. Синоним сөздерді табыңыз.

А) Биік, аласа

Ә) Келді, кетті

Б) Сұлу, көрікті

8. бала, қыз, ана сөздерінен төмендегі сұрақтың қайсысын қоюға болады?
А) Қандай? қай?
Ә) Кімдер? нелер?
Б) Кім? не?

9. Оның бұл қылығынан мейірімді бала екені байқалды.

Сөйлем ішінен сын есімді табыңыз.

А) Оның

Ә) Мейірімді

Б) Бала

10.  Кім?деген сұраққа жауап беретін сөзі бар сөйлемді тап
А) Жамбыр жауды
Ә) Арайлым әдемі
Б) Автобус жүрді

III-нұсқа

  1. Заттың атын білдіретін сөз табы қалай аталады?

А) Зат есім

Ә) Сын есім

Б) Етістік

2. Сөйлем соңынан нүкте қойылса, ол қандай сөйлем?

А) Лепті сөйлем

Ә) Сұраулы сөйлем

Б) Хабарлы сөйлем

3. Кімдер? Нелер? сұрағына жауап беретін сөздер қатарын тап
А) құстар, үйлер, аталар
Ә) алды, ақ, келді
Б) үстел, гүл, кімдер

4. «Сен қашан келесін?» Сөйлемнің қай түрі?

А) Хабарлы сөйлем

Ә) Сұраулы сөйлем

Б) Лепті сөйлем

5. Реттік сан есімді белгілеңіз.

А) үш

Ә) төрт-төрттен

Б)  бесінші

6. "Аққулар" сөзіне қосымшаның қай түрі жалғанған?

А) жалғау

Ә) жұрнақ

Б) түбір

7. «Ала қарға қарға қонды

    Қара қарға жарға қонды.»

Омоним сөздерді табыңыз.

А) қарға

Ә) қонды

Б) жарға

8. Жалқы есімді табыңыз.

А) Ғабит

Ә) көркем

Б) мемлекет

9. "Қызылжар" сөзі неше түбірден тұрады?

А) 2

Ә) 3

Б) 1

10. Үш буынды сөзді көрсетіңіз.

А) Керемет

Ә) Бұлбұл

Б) Екі

IV-нұсқа

  1. Дыбысталуы бірдей, мағынасы әртүрлі сөзді көрсетіңіз.

А) ара

Ә) кітап

Б) балмұздақ

2. Зат есімнің сұрақтарын көрсетіңіз.

А) кім? не?

Ә) не істеді? қайтты?

Б) қандай? қай?

3. Күрделі етістік неше сөзден тұрады?

А) бір сөзден

Ә) екі-үш сөзден

Б) Дұрыс жауабы жоқ.

4. Алақай, мен жендім!

Сөйлемнің қай түріне жатады?

А) хабарлы сөйлем

Ә) сұраулы сөйлем

Б) Лепті сөйлем

5. Төмендегі сөздерден дауыссыз у дыбысын көрсет.

А) қауын, ауыз

Ә) қулық, қуыршақ

Б) ауыз, суық

6) Буынға дұрыс бөлінген сөзді көрсет.

А) гу-леу, жу-ық-тау

Ә) гул-еу, жуық-тау

Б) гу-леу, жу-ықтау

7. Дұрыс жазылған сөзді көрсет.

А) қиу, жиу

Ә) жию, қию

Б) жиу, қию

8. Заттың атын білдіретін сөздерді тап
А) қызыл, жасыл
Ә) Майра, доп

Б) он жеті, екі

9. Заттың сынын білдіретін сөз табы қалай аталады?

А) зат есім

Ә) сын есім

Б) етістік

10. Сөйлем ішінен сан есімді табыңыз.

Мен екінші сыныпта оқимын.

А) мен

Ә) екінші

Б) сыныпта



Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения