Айтжанова Ботагоз Амандыковна
Должность:Преподаватель истории
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Северо-Казахстанская область Есильский район с.Петровка
29.03.2013
0
1498
0

Microsoft Power Point бағдарламасы арқылы Қазақстан тарихының жарқын беттеріне шолу

Казахстан, Акмолинская область, город Кокшетау

СШ №6

Учитель математики и информатики

Кумарова Ботагоз Исимбековна


Тақырыбы:

Microsoft Power Point бағдарламасы арқылы Қазақстан тарихының жарқын беттеріне шолу

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Microsoft Power Point бағдарламасының командаларын еркін меңгере отырып оны шығармашылық жұмыстарында қолдануға үйрету.
Оқушыларды Қазақстанның өзгерістер мен ерекшеліктерімен таныстыру. Тәуелсіз мемлекетіміздің 20-жылдағы маңызды жетістіктерді ашып көрсету.
Дамытушылық мақсаты: Оқушыларды тақырыпты меңгеруге,жүйелеуге, салыстыра білуге, ізденуге және өз бетінше жұмыс жасауларына ықпал ету. Тәрбиелік мақсаты: Тақырыпты меңгерте отырып Отанын қорғауға, мақтан етуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
- Компьютерлік кабинет интерактивті Activboard тақтасымен;
- Мультемедиялық проектор;
- Activote құрылғылары;
- Суреттер, фото жинақтары;
- Бағалау текшелері.
Барысы:
Жоспар:
I. Үйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Тест орындау. Өзін-өзі тексеру.
IV. Шығармашылық тапсырма.
V. Қорытынды. Рефлексия.
VI. Бағалау.
VII. Үйге тапсырма.
I. Үйымдастыру кезеңі:
Информатика мұғалімі: Сәлеметсіздерме!
Бүгінгі біздің сабағымызды өзгеше түрде, яғни информатика және Қазақстан тарих пәндерін біріктіріп өткіземіз.
Сабақтың тақырыбы: Microsoft Power Point бағдарламасы арқылы Қазақстан тарихының жарқын беттеріне шолу.
Тарих мұғалімі: Сәлеметсіздерме!
Құрметті оқушылар бүгүнгі сабағымызды:
Егемендік – ел болудың белгісі,
Басқа жұртпен тең құрбысы тең күші.
Егемендік деген сөзден естілер,
Атажұрттың арғысы мен бергісі, – деген өлең жолдарымен бастаймын.
Биыл Қазақстан халқы ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын қуанышпен атап өткелі отыр. Адам өмірі үшін елеулі, ал мемлекет тарихы үшін қас қағым сәт қана саналатын бұл мерзім өткенімізді саралап, келешегімізге көз жіберіп алатын елеулі белес екені анық. Сондықтан да қоғамымыз үшін қиын да қызықты, қауырт істер мен өркенді өзгерістерге толы болған бұл жиырма жылдық кезеңді бүгінде елжірей еске алып, алға тың күшжігермен ұмтылатын жөніміз бар.
Өйткені, тәуелсіздігіміздің таңғы шағында, бәзбіреулердің көп ұлтты Қазақ елінің осынау аз уақыт ішінде бірлігі жарасқан мемлекетке айналып кете қоятынына күмәнмен қарағаны да есімізде.
«Кім бүгінгісін таныса-өткеніне де ие, өткенін білген-келешегіне де қожа», деген халық даналығы бар емеспе.
Алайда, тап осы жиырма жылда Қазақстан еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың білікті басшылығының арқасында ол жайсыз жорамалдар мен сәтсіз сәуегейліктер жүзеге аспай, еліміз бүгінде тек ТМД арасында ғана емес, әлемдік деңгейде жоғары қарқынмен дамып отырған бейбіт әрі беделді мемлекеттердің қатарына қосылып отыр. Бұл бүгінде әлемге танылған ақиқат екені айқын.
Әрине, отандастарымыз қазіргі алаңсыз еңбек етіп, білім алып, өсіп-өніп, берекелі тіршілік кешіп жатқан жағдайға оңайлықпен жеткен жоқ. Бүгінде Қазақстан ұлттық әл-ауқат деңгейі жөнінде әлемдегі 110 мемлекеттің арасында 50-ші орынды иеленіп отыр.
Қазақстан 20 жыл ішінде әлемдік қауымдастықтың толыққанды, жауапты және құдіретті мүшесі болып қалыптасты.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
Информатика мұғалімі: балалар біз сендермен өткен сабақтарда Microsoft Power Point бағдарламасын өтіп кеттік, бүгінгі сабақта барлық алған білімдерімізді қорытындылай отыра Қазақстан Республикасы тарихының жарқын беттеріне шолу жасаймыз.
Тарих мұғалімі: Өткен сабақта біз сендерге үй тапсырмасы ретінде мына тақырыптарға мәліметтер жинауды бердік:
1. Қазақстанның тарихы
2. Қазақстан Республикасының экономикасы
3. Ел ордасы Астана
4. Халықаралық қатынастар
5. Ақпараттық-коммуникациялық технологияның дамуы.
ІІІ. Тест орындау. Өзін-өзі тексеру.
Информатика мұғалімі: Аctivote құралы арқылы тест жүргізіп өтілген тақырыпты қорытындылау, өзін-өзі тексеру.
Тест:
1.Уақыты жағынан алғашқысы:
a) Қазақстан халықтарының форумы
b) Мемлекеттік рәміздердің қабылдануы
c) БҰҰға кіру
d) Бірінші Конституцияны қабылдау
e) Ұлттық валютаны енгізу
2.Қазіргі кезеңде президенттің айтуы бойынша, еліміздің жігері және мемлекетімізді тұрақтандыратын фактор:
a) Орташа тап
b) Гүлденген бизнесмендер
c) Ғылыми техникалық кадрларды дайындау
d) Шығармашылық интеллигенция
e) Оқушы жастар
3. «Қазақстанның астанасы Ақмола» деп бекітілген президент жарлығына қашан қол қойылды?
a) 1995ж.қыркүйек
b) 1996ж.қыркүйек
c) 1997ж.қыркүйек
d) 1998ж.қыркүйек
e) 1999ж.қыркүйек
4. Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы нені білдіреді?
a) Халыққа арналған үндеу
b) Республика дамуының 33 жылға арналған бағдарламасы
c) Қазақстанның гүлденіп дамуы үшін стратегиялық бағыттар белгілеуі
d) Іс-қимылдарды жоспарлау
e) Жоғары аталғандардың бәрі
5. Қазақ КСРы қай жылы Қазақстан Республикасы болып өзгертілді?
a) 1989ж.
b) 1990ж.
c) 1991ж.
d) 1992ж.
e) 1993ж.
6. Power Point дегеніміз не?
a) Microsoft Offic-тің құрамдағы, презентациялық құжаттар дайындауға арналған бағдарлама.
b) кестелермен жұмыс істеу
c) компьютер құрылғысының атқарушы командасы
d) берілгендерді кестеге Microsoft Offic-ті еңгізу
e) компьютер ресурстарымен жұмыс істеу
7. Power Point бағдарламасының слайд-көрмесін қай батырма арқылы тоқтатады?
a) Enter
b) Del
c) Tab
d) Esc
e) Caps Lock
8. Power Point қандай команда арқылы ашылады…
a) Бастау – Бастапқы мәзір – Бағдарлама – Microsoft Power Point
b) Бастау – Бастапқы мәзір– Іздеу – Microsoft Power Point
c) Бастау – Сұрақ – Атқару – Microsoft Power Point
d) Жұмыс үстелі – Атқару – Microsoft Power Point
e) Бастапқы мәзір – Атқару – Microsoft Power Point
9. Әртүрлі объектілерді құрайтын көрменің негізгі бөлімі қалай аталады …
a) слайд
b) беттер
c) фильм
d) суреттер
e) терезе
10. Бір файлда жиналған слайдтар жинағы нені құрады…
a) көрсетуді
b) презентацияны
c) кадрлар
d) суреттер
e) кино
IV. Шығармашылық тапсырма:
Биыл Қазақстан халқы ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын қуанышпен атап өткелі отыр. Адам өмірі үшін елеулі, ал мемлекет тарихы үшін қас қағым сәт қана саналатын бұл мерзім өткенімізді саралап, келешегімізге көз жіберіп алатын елеулі белес екені анық. Сондықтан да қоғамымыз үшін қиын да қызықты, қауырт істер мен өркенді өзгерістерге толы болған бұл жиырма жылдық кезеңді бүгінде елжірей еске алып, алға тың күшжігермен ұмтылатын жөніміз бар.
Оқушыларға осы тақырып бойынша Microsoft Power Point бағдарламасы арқылы слайд-көрмелерін әзірлеу, қорғау:
1. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздіктің 20-жылдығының даму тарихына.
2. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздіктің 20-жылдығында ақпараттық-коммуникациялық технологияның дамуы.
V. Қорытынды. Рефлексия.
Информатика мұғалімі:
1. Балалар сабақтан қандай әсер алдыңдар?
2. Сабақтың қандай қызықты сәттерін байқадыңдар?
3. Осы біріктірілген сабақтар сендерге ұнайма?
VI. Бағалау.
Тарих мұғалімі. Информатика мұғалімі.
VI I. Үйге тапсырма:
Тарих мұғалімі.
Көкшетау қаласының даму тарихына слайд-көрмесін жасау:
* Көкшетау қаласының тарихы;
* Көкшетау қаласының мәдени мұралары;
* Қазіргі Көкшетау қаласы.
Информатика мұғалімі: Назарларыныңзға рахмет!

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения