Александр
Должность:не указана
Группа:Команда портала
Страна:Харьков
Регион:не указан
28.03.2013
0
1580
0

ОН-400 бүріккіш машинасы.КС-2,1 шапшаң жүретін аспалы шөп шапқыш машинасы

Казахстан, Кызылординскапя область, г.Аральск

Аральский многопрофильный колледж
мастер производственного обучения

Еленов Муханбетжан Рахманович

ОН-400 бүріккіш машинасы.КС-2,1 шапшаң жүретін аспалы шөп шапқыш машинасы

Өндірістік оқудың сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: ОН-400 бүріккіш машинасы.

Сабақтың білімділік мақсаты: Бүріккіштердің атқаратын қызметімен, құрылысы, жұмыс жасау принципі, негізгі реттеулері, қандай тракторларға агрегатталатыны,негізгі реттеулерімен т.б таныстыру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты:өзін –өзі қадағалауға, оқуға, білуге, еңбекке деген ынта-ықыласын ояту.Өмірге деген талпынысын, болашаққа деген сенімін арттыру.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты:Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту, өз мамандығына деген құрметті, жауапкершілікті сезінуге үйрету.

Сабақтың түрі:тәжірибе жүзінде  оқып-үйрену тәсілдерін  көрсетіп үйрету.

Пәнаралық байланыс:тракторлар мен автомобильдер, материалтану, физика, химия.

Сабақтың материалды-техникалық жабдықталуы:интерактивті тақта, оқулық, технологиялық нұсқау карталары, тест сұрақтары, слайдтар, машина макеттері, сызбалар,суреттер т.б.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі  5 мин.

1.1. Оқушыларды тізім бойынша тексеру

1.2. Оқушылардың арнайы киім кигендігін тексеру.

ІІ. Кіріспе нұсқау 45 мин

2.1 Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Жаңа сабақты бастамас бұрын теориялық білім деңгейлерін пысықтап, өткен сабақты ауызша сұрақ-жауап арқылы анықтау.

а)Топ  оқушыларының бір бөлігіне  тест сұрақтарын тарату.

б)Топ оқушыларының екінші бөлігіне ауызша сұрақтар беру:

1) ПЗ-0,8 тиеуіш эксковаторының атқаратын қызметі қандай?

2) ПЗ-0,8 тиеуіш эксковаторының құрылысы неден тұрады?

3) ПЗ-0,8 тиеуіш эксковаторының жұмыс жасау принципі қандай?

4) ПЗ-0,8 тиеуіш эксковаторының негізгі реттеулері қандай?

5) ПЗ-0,8 тиеуіш эксковаторы қандай тракторларға агрегатталынады?

 (Оқушылар  слайдтар бойынша сұрақтарға  рет- ретімен  жауап береді.)

2.3 Жаңа тақырып материалдары бойынша нұсқау беру

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

-Жаңа сабаққа назар аудару.

Арнайы дайындалған слайдты  көрсету.

-Оқушылар өткен сабақта үй жұмысы ретінде «ОН-400 бүріккішінің» технологиялық картасын жасау тапсырмасы берілген болатын, бүгін сол картамен жұмыс жасаймыз.

Осы тақырыпқа байланысты технологиялық сұлба дайындалды, соны талқылап, іс жүзінде көрсетейік.

 Технологиялық сұлба бойынша бүріккіштердің атқаратын қызметімен, құрылысы, жұмыс жасау принципі,негізгі реттеулерімен таныстырылады.

2.4 Жаңа сабақтың материалдарын пысықтау

     Бүріккіштердің атқаратын қызметі, құрылысы, жұмыс жасау принципі, негізгі реттеулері слайд бойынша оқушылардан пысықталынып сұралады.

ІІІ. Құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, жаттығу жұмыстарын көрсету30 мин

-Жұмыс орнын ұйымдастыру.

- Бүріккіштердің атқаратын қызметі, құрылысы, жұмыс жасау принципі, негізгі реттеулері  айтылады.

-Оқушыларға тапсырмалар бөліп беру.

ІV.Ағымдық нұсқау 30 мин

4.1  Оқушыларды тексеру мақсатында , жұмыс орындарын аралау.

    1-аралау                  Оқушыларды жұмыс орындарына  орналастыру.

    2-аралау                  Жұмыстың уақытылы басталуын қадағалау.

 3-аралау                Іс -қимылдарының және жұмыстың дұрыс орындалып

жатырғандығын қадағалау.

    4-аралау                  Жұмыстың орындалу ретін қадағалау.

    5-аралау                  Техника қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау.

  6-аралау                  Дайын болған жұмыстарды қабылдау, жұмыс орнын    жинастыру, тапсыру.

V.Қорытынды нұсқау 15 мин

5.1. Орындалған жұмысты қабылдау және бағалау.

5.2. Сабақты қорытындылау және бағаларын хабарлау.

5.3. Сабақ барысындағы кемшіліктерді талдау және ең жақсы жұмыстарды атап өту, насихаттау.

5.4 Үйге тапсырма беру.

«КС-2,1 шапшаң жүретін аспалы шөп шапқышының» технологиялық картасын дайындап  және қайталап келу.

 

Арал көпсалалы колледжінің өндірістік оқу шебері Еленов Муханбетжан Рахманович

Өндірістік оқудың сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: КС-2,1 шапшаң жүретін аспалы шөп шапқыш машинасы.

Сабақтың білімділік мақсаты: КС-2,1 шапшаң жүретін аспалы шөп  шапқышының  атқаратын қызметімен, құрылысы, жұмыс жасау принципі, негізгі реттеулері, қандай тракторларға агрегатталатыны,негізгі реттеулерімен т.б таныстыру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты:өзін –өзі қадағалауға, оқуға, білуге, еңбекке деген ынта-ықыласын ояту.Өмірге деген талпынысын, болашаққа деген сенімін арттыру.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты:Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту, өз мамандығына деген құрметті, жауапкершілікті сезінуге үйрету.

Сабақтың түрі:тәжірибе жүзінде  оқып-үйрену тәсілдерін  көрсетіп үйрету.

Пәнаралық байланыс:тракторлар мен автомобильдер, материалтану, физика, химия.

Сабақтың материалды-техникалық жабдықталуы:Интерактивті тақта, оқулық, технологиялық нұсқау карталары, тест сұрақтары, слайдтар, КС-2,1 шапшаң жүретін аспалы шөп шапқышының макеті, суреттер т.б.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі  5 мин.

1.1. Оқушыларды тізім бойынша тексеру.

1.2. Оқушылардың арнайы киім кигендігін тексеру.

ІІ. Кіріспе нұсқау 45 мин

2.1 Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

   Жаңа сабақты бастамас бұрын теориялық білім деңгейлерін пысықтап, өткен сабақты ауызша сұрақ-жауап арқылы анықтау.

а)Топ  оқушыларының бір бөлігіне  тест сұрақтарын тарату.

б)Топ оқушыларының екінші бөлігіне ауызша сұрақтар беру:

1)  ОН-400 бүріккішінің атқаратын қызметі қандай?

2)  ОН-400 бүріккішінің құрылысы неден тұрады?

3)  ОН-400 бүріккішінің жұмыс жасау принципі қандай?

4)   ОН-400 бүріккішінің негізгі реттеулері қандай?

5) ОН-400 бүріккіші  қандай тракторларға агрегатталынады?

 (Оқушылар  слайдтар бойынша сұрақтарға  рет- ретімен  жауап береді.)

2.3 Жаңа тақырып материалдары бойынша нұсқау беру.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

-Жаңа сабаққа назар аудару.

Арнайы дайындалған слайдты  көрсету.

-Оқушылар өткен сабақта үй жұмысы ретінде «КС-2,1 шапшаң жүретін аспалы шөп шапқышының» технологиялық картасын жасау тапсырмасы берілген болатын, бүгін сол картамен жұмыс жасаймыз.

Осы тақырыпқа байланысты технологиялық сұлба дайындалды, соны талқылап, іс жүзінде көрсетейік.

 Технологиялық сұлба бойынша  таныстырылады.

2.4 Жаңа сабақтың материалдарын пысықтау.

    КС-2,1 шапшаң жүретін аспалы шөп  шапқышының  атқаратын қызметімен, құрылысы, жұмыс жасау принципі, негізгі реттеулері, қандай тракторларға агрегатталатыны,негізгі реттеулерімен т.б таныстыру.

ІІІ. Құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, жаттығу жұмыстарын көрсету30 мин

-Жұмыс орнын ұйымдастыру

- КС-2,1 шапшаң жүретін аспалы шөп  шапқышының  атқаратын қызметі, құрылысы, жұмыс жасау принципі, негізгі реттеулері, қандай тракторларға агрегатталатыны, қауіпсіздік ережелері айтылады.

-Оқушыларға тапсырмалар бөліп беру.

ІV.Ағымдық нұсқау 30 мин

4.1  Оқушыларды тексеру мақсатында , жұмыс орындарын аралау.

    1-аралау                  Оқушыларды жұмыс орындарына  орналастыру.

    2-аралау                  Жұмыстың уақытылы басталуын қадағалау.

 3-аралау                Іс -қимылдарының және жұмыстың дұрыс орындалып

жатырғандығын қадағалау.

    4-аралау                  Жұмыстың орындалу ретін қадағалау.

    5-аралау                  Техника қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау.

  6-аралау                  Дайын болған жұмыстарды қабылдау, жұмыс орнын    жинастыру, тапсыру.

V.Қорытынды нұсқау 15 мин

5.1. Орындалған жұмысты қабылдау және бағалау.

5.2. Сабақты қорытындылау және бағаларын хабарлау.

5.3. Сабақ барысындағы кемшіліктерді талдау және ең жақсы жұмыстарды атап өту, насихаттау.

5.4 Үйге тапсырма беру.

«КТП -6,0 тіркемелі үш брусты шөп шапқыштың»  технологиялық картасын дайындап  және қайталап келу.

Арал көпсалалы колледжінің өндірістік оқу шебері Еленов Муханбетжан Рахманович



Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения