Тимур Благодарный
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
28.03.2013
0
2325
1

Жазықтықта белгі салу

Казахстан, Кызылординская область, г.Аральск
Аральский многопрофильный колледж
Мастер производственного обучения

Макашев Онгарбек Шакебаевич

Өндірістік оқудың сабақ жоспары


Сабақтың тақырыбы

Жазықтықта белгі салу 

Сабақтың білімділік мақсаты:Белгі салудың мәні мен мақсатын, жазықтыққа белгі салу құрал-саймандарын, белгі салуға дайындықты, белгі салу процестерін, белгі сызықтарды керіндеуді, жұмыс орнын дұрыс ұстауды, қауіпсіздік техникасын үйрету.

Сабақтың дамытушылық мақсаты:өзін –өзі қадағалауға, оқуға, білуге, еңбекке деген ынта-ықыласын ояту.Өмірге деген талпынысын, болашаққа деген сенімін арттыру.Ұқыптылыққа үйрету

Сабақтың тәрбиелік мақсаты:Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту, өз мамандығына деген құрметті, жауапкершілікті сезінуге үйрету.

Сабақтың түрі:тәжірибе жүзінде  оқып-үйрену тәсілдерін  көрсетіп үйрету.

Пәнаралық байланыс:тракторлар мен автомобильдер, материалтану, физика, химия, техникалық сызу.

Сабақтың материалды-техникалық жабдықталуы:интерактивті тақта, оқулық, технологиялық нұсқау карталары, тест сұрақтары, слайдтар, чертилкалар, бұрыштықтар, церкульдер, кернерлер, орталық іздегіштер-транспортерлер, суреттер т.б.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі  5 мин.

1.1. Оқушыларды тізім бойынша тексеру

1.2. Оқушылардың арнайы киім кигендігін тексеру.

ІІ. Кіріспе нұсқау 45 мин

2.1 Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Жаңа сабақты бастамас бұрын теориялық білім деңгейлерін пысықтап, өткен сабақты ауызша сұрақ-жауап арқылы анықтау.

а)Топ  оқушыларының бір бөлігіне  тест сұрақтарын тарату.

б)Топ оқушыларының екінші бөлігіне ауызша сұрақтар беру:

1) Слесарь дегеніміз кім??

2) Негізгі слесарлық операцияларды ата?

3) Слесарлық шеберханалар қалай жабдықталынады?

4)Слесарь-монтаж құрал-саймандарына не жатады?

5)Слесардың жұмыс орны қалай жабдықталынады?

6) Слесарлық жұмыстар кезіндегі техника қауіпсіздік ережелері қандай?

 (Оқушылар  слайдтар бойынша сұрақтарға  рет- ретімен  жауап береді.)

2.3 Жаңа тақырып материалдары бойынша нұсқау беру

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

-Жаңа сабаққа назар аудару.

Арнайы дайындалған слайдты  көрсету.

-Оқушылар өткен сабақта үй жұмысы ретінде «Жазықтықта белгі салудың» технологиялық картасын жасау тапсырмасы берілген болатын, бүгін сол картамен жұмыс жасаймыз.

Осы тақырыпқа байланысты технологиялық сұлба дайындалды, соны талқылап, іс жүзінде көрсетейік.

 Технологиялық сұлба бойынша жазықтықта белгі салудың мәні мен мақсаты, жазықтыққа белгі салу құрал-саймандары, белгі салуға дайындық, белгі салу процестері, белгі сызықтарды керіндеу, жұмыс орнын дұрыс ұстау, қауіпсіздік техникасы үйретіледі.

2.4 Жаңа сабақтың материалдарын пысықтау

   Жазықтықта белгі салудың мәні мен мақсаты, жазықтыққа белгі салу құрал-саймандары, белгі салуға дайындығы, белгі салу процестері, белгі сызықтарды керіндеу, жұмыс орнын дұрыс ұстау, қауіпсіздік техникасы слайд бойынша оқушылардан пысықталынып сұралады.

ІІІ. Құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, жаттығу жұмыстарын көрсету30 мин

-Жұмыс орнын ұйымдастыру

- Жазықтықта белгі салудың мәні мен мақсаты, жазықтыққа белгі салу құрал-саймандары, белгі салуға дайындығы, белгі салу процестері, белгі сызықтарды керіндеу, жұмыс орнын дұрыс ұстау, қауіпсіздік техникасы айтылады.

-Оқушыларға тапсырмалар бөліп беру.

ІV.Ағымдық нұсқау 30 мин

4.1  Оқушыларды тексеру мақсатында , жұмыс орындарын аралау.

    1-аралау                  Оқушыларды жұмыс орындарына  орналастыру.

    2-аралау                  Жұмыстың уақытылы басталуын қадағалау.

 3-аралау                Іс -қимылдарының және жұмыстың дұрыс орындалып

жатырғандығын қадағалау.

    4-аралау                  Жұмыстың орындалу ретін қадағалау.

    5-аралау                  Техника қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау.

  6-аралау                  Дайын болған жұмыстарды қабылдау, жұмыс орнын    жинастыру, тапсыру.

V.Қорытынды нұсқау 15 мин

5.1. Орындалған жұмысты қабылдау және бағалау.

5.2. Сабақты қорытындылау және бағаларын хабарлау.

5.3. Сабақ барысындағы кемшіліктерді талдау және ең жақсы жұмыстарды атап өту, насихаттау.

5.4 Үйге тапсырма беру.

«Металдарды шапқымен кесудің» технологиялық картасын дайындап  және қайталап келу.

 

Арал көпсалалы колледжінің өндірістік оқу шебері Макашев Онгарбек Шакебаевич

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өндірістік оқудың сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Металдарды шапқымен кесу.

Сабақтың білімділік мақсаты: Шапқымен кесудің мәні және міндетін, металл кесу процесімен, шапқылап кесу аспаптарымен, шапқылап кесу үшін аспаптарды қайрауды, шапқының негізгі тәсілдері мен ережелерін, әртүрлі беттерді және детальдарды өңдеуді, ұста дүкеніндегі металл кесу жұмыстарымен, металл кесу процесін механизациялауды, металл кесу жұмыстарының жарамсыз болуын және жұмыс орнын ұйымдастыру мен қауіпсіздік техникасын таныстыру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты:өзін –өзі қадағалауға, оқуға, білуге, еңбекке деген ынта-ықыласын ояту.Өмірге деген талпынысын, болашаққа деген сенімін арттыру.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты:Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, ізденімпаздық қасиеттерін дамыту, өз мамандығына деген құрметті, жауапкершілікті сезінуге үйрету.

Сабақтың түрі:тәжірибе жүзінде  оқып-үйрену тәсілдерін  көрсетіп үйрету.

Пәнаралық байланыс:тракторлар мен автомобильдер, материалтану, физика, химия.техникалық сызу.

Сабақтың материалды-техникалық жабдықталуы:интерактивті тақта, оқулық, технологиялық нұсқау карталары, тест сұрақтары, слайдтар, шабу аспаптары, слесарь балғалары, қайрақ, зубило,металл  лист, пневматикалық МР-5 шаппа балға, суреттер т.б.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі  5 мин.

1.1. Оқушыларды тізім бойынша тексеру

1.2. Оқушылардың арнайы киім кигендігін тексеру.

ІІ. Кіріспе нұсқау 45 мин

2.1 Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Жаңа сабақты бастамас бұрын теориялық білім деңгейлерін пысықтап, өткен сабақты ауызша сұрақ-жауап арқылы анықтау.

а)Топ  оқушыларының бір бөлігіне  тест сұрақтарын тарату.

б)Топ оқушыларының екінші бөлігіне ауызша сұрақтар беру:

1) Белгі салудың түрлерін және олардың неге арналғанын көрсетіңдер.

2) Белгі салудың кәдімгі әдістерінің дәлдік дәрежесі қандай?

3) Белгі салу құралдарын, олардың құрылысының қандай ерекшеліктері бар және қалай қолданылатынын атап айтыңдар.

4) Чертилкаларды, циркульдерді, кернерлерді қандай материалдардан жасайды?

5) Өңделген және өңделмеген беттерді бояу үшін қолданылатын заттарды көрсетіңдер.

6) Дайындаманың жарамдылығын қалай анықтайды?

7) База деп нені атайды? Базаны таңдап алу және одан бастап басқа өлшемдерді салу ережелерін айтыңдар.

8) Белгі салу кезінде белгі сызықтарын жүргізудің тәртібі. Горизонталь, вертикаль және көлбеу сызықтарды, доға мен шеңберді жүргізудің тәсілдерін айтыңдар.

9) Белгі сызықтарын керндеу ережелері.

10) Ұзындығы 250 мм кесіндіні 10 бөлікке бөліңіз.Бөлудің мүмкін болатын тәсілдерін көрсетіңдер. Сонымен қатар кесіндіні геометриялық жолмен де бөліңдер. 

11) Геометриялық жолмен 20 градус 40 –қа тең бұрыш салыңдар.

12) Дайындамада бір жақты гайка кілтінің белгісін салыңдар.

(Оқушылар  слайдтар бойынша сұрақтарға  рет- ретімен  жауап береді.)

2.3 Жаңа тақырып материалдары бойынша нұсқау беру

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

-Жаңа сабаққа назар аудару.

Арнайы дайындалған слайдты  көрсету.

-Оқушылар өткен сабақта үй жұмысы ретінде «Металдарды шапқымен кесудің» технологиялық картасын жасау тапсырмасы берілген болатын, бүгін сол картамен жұмыс жасаймыз.

Осы тақырыпқа байланысты технологиялық сұлба дайындалды, соны талқылап, іс жүзінде көрсетейік.

     Технологиялық сұлба бойынша  шапқымен кесудің мәні және міндетін, металл кесу процесін, шапқылап кесу аспаптарын, шапқылап кесу үшін аспаптарды қайрауды, шапқының негізгі тәсілдері мен ережелерін, әртүрлі беттерді және детальдарды өңдеуді, ұста дүкеніндегі металл кесу жұмыстарын, металл кесу процесін механизациялауды, металл кесу жұмыстарының жарамсыз болуын және жұмыс орнын ұйымдастыру мен қауіпсіздік техникасымн таныстырылады.

2.4 Жаңа сабақтың материалдарын пысықтау.

   Шапқымен кесудің мәні және міндетін, металл кесу процесін, шапқылап кесу аспаптарын, шапқылап кесу үшін аспаптарды қайрауды, шапқының негізгі тәсілдері мен ережелерін, әртүрлі беттерді және детальдарды өңдеуді, ұста дүкеніндегі металл кесу жұмыстарын, металл кесу процесін механизациялауды, металл кесу жұмыстарының жарамсыз болуын және жұмыс орнын ұйымдастыру мен қауіпсіздік техникасы слайд  бойынша оқушылардан пысықталынып сұралады.

ІІІ. Құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, жаттығу жұмыстарын көрсету30 мин

-Жұмыс орнын ұйымдастыру

  - Шапқымен кесудің мәні және міндеті, металл кесу процесі, шапқылап кесу аспаптар, шапқылап кесу үшін аспаптарды қайрау, шапқының негізгі тәсілдері мен ережелері, әртүрлі беттерді және детальдарды өңдеу, ұста дүкеніндегі металл кесу жұмыстары, металл кесу процесін механизациялау, металл кесу жұмыстарының жарамсыз болуы және жұмыс орнын ұйымдастыр мен қауіпсіздік техникасы айтылады.

-Оқушыларға тапсырмалар бөліп беру.

ІV.Ағымдық нұсқау 30 мин

4.1  Оқушыларды тексеру мақсатында , жұмыс орындарын аралау.

    1-аралау                  Оқушыларды жұмыс орындарына  орналастыру.

    2-аралау                  Жұмыстың уақытылы басталуын қадағалау.

 3-аралау                Іс -қимылдарының және жұмыстың дұрыс орындалып

жатырғандығын қадағалау.

    4-аралау                  Жұмыстың орындалу ретін қадағалау.

    5-аралау                  Техника қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау.

  6-аралау                  Дайын болған жұмыстарды қабылдау, жұмыс орнын    жинастыру, тапсыру.

V.Қорытынды нұсқау 15 мин

5.1. Орындалған жұмысты қабылдау және бағалау.

5.2. Сабақты қорытындылау және бағаларын хабарлау.

5.3. Сабақ барысындағы кемшіліктерді талдау және ең жақсы жұмыстарды атап өту, насихаттау.

5.4 Үйге тапсырма беру.

«Металды түзету және июдің»  технологиялық картасын дайындап  және қайталап келу.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения