Шакерова Меруерт Алтаевна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
27.04.2017
0
38
0

АТА-АНАЛАР ҮШІН КЕҢЕС «ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІНДЕГІ КҮН ТӘРТІБІН САҚТАУ»

АТА-АНАЛАР ҮШІН КЕҢЕС «демалыс күндеріндегі күн тәртібін сақтау»

Құрметті ата-аналар, демалыс күндері үйде және балабақшада күн тәртібін сақтау керек.

Күн тәртібі-күні бойғы балалалар қызметінің теңдей дұрыс бөлінуі: оқу қызметі, гигиеналық және шынықтыру процедуралары, қимылды ойындар, күндізгі ұйқы, өз бетімен жұмыс.

Балалардың сергектігі, жақсы көңіл –күйі көбіне күн тәртібінің сақталуына байланысты болады. Баланың уақтылы тамақтанбауы, уақытында баланың ұйықтамауы оның мінез-құлқына әсер етеді мысалы: әлсіздік, тәбетінің болмауы, қыңырлануы, әрең ұйықтауы.

Балабақшада күн тәртібі қатаң сақталады.  Оның үйдегіден айырмашылығы бар. Жүйенің арқасында бала ұқыптылыққа, өзінің сырт келбетіне қарау әдетін қалыптастырады, өз заттарына еппен қарауға үйренеді.  Тәртіп бойынша тамақтану баланың денсаулығына көңіл-күйіне қолайлы әсер етеді. Баланы күнделікті бір уақытта ұйықтату керек. Егер де баланың күні жүйесіз болса, кешке ол бәр күшін жоғалтады, бұдан еркелік басталады.

Демалыс күндері Сіздер ата-аналар өз істеріңізбен бос болмай, балаға және балабақшаның тәртібін сақтауға уақыттарыңыз жетпейді. Сондықтан демалыс күндерден соң балалар балабақшада нашар ұйықтап, қыңырланады.

Егерде ерте жастан тәртіп бойынша өмір сүріп әдеттенсе, оны ынталана орындайды. Ол тіпті уақыт келггенде  ұйықтамаймын деп те бас тартпайды. Егерде кешкі сағат 9 да ұйықтаса, немесе жарты сағат кеш ұйықтаса, оны таңертең оятудың керегі жоқ-ол өзі сергек көңілді боп тұрады. Балада асықпай жаймен киінуге уақыты жеткілікті болады.

 Егерде күнделікті тамақтану, ұйықтау, серуендеу, әртүрлі қызмет түрлері  бір уақытта қайталанып отырса, бұл баланың жүйке жүйесіне қолайлы әсер  етеді. Тәртіп қоғамдық-әлеуметтік қөзқарасқа ғана емес, сонымен бірге биологиялық   жағынан да дұрыс. Мысалы, ас ішетін түскі не кешкі уақыт келсе, онда қарын мен барлық асқорту жүйесінде асты қорытуға дайындық жүре бастайды. Егер ұйқының уақыты келсе, сол уақыт шартты түрде ұйқыға   ұйқыға жатуды қалайды.  5 жасқа дейінгі балалар тәулігіне 12,5-12 сағат ұйықтауы керек. Мектепке дейінгі жастағы балалар күндіз бір рет ұйықтайды.

Баланың балабақшада өзін ұстауы көңіл-күйі оның күнделікті және демалыс күндеріндегі үйдегі қызметі мен ұйқысының  ұйымдастырылуына тікелей байланысты болады. Ата-аналар демалыс күндері балабақшада белгіленген тәртіптен ауытқымай, соған сәйкес өткізу керек. Ата-аналар демалыс күндері таза ауада демалуға,кешкі серуенге, ұйқыға, әсіресе ұйқы алдындағы теледидар көру уақыт тәртібін сақтауға көңіл бөлу керек.

Педагог кеңесі

Күн тәртібінің баланы жалықтырмай пайдалы және дамуы үшін күнді қалай құру керек?

Әдетте таң жуынудан басталады. Баланы таңертең тізін тазалауға үйрету маңызды. Бұл пайдалы әдет кішкентай кезден әдеттенсе өмір бойы бекітіледі.    Оған қалай дұрыс жуынуды, тісті тазалауды, шашты тарауды көрсетіңіз.

Келесі кезең- таңғы ас. Баланың назарын дұрыс тамақтану жайлы қызықты оқиғалармен аударыңыз. Қиындық туындауы мүмкін, өйткені барлық бала таңғы асты ішкенді ұната бермейді.  Бұл жерде де ойдан шығарған әңгімелер көмектеседі. Онымен бірге бір тәрелкеден тамақ ішіңіз.

Баланың кестесі екі бөліктен тұрады: «түске дейін», «түстен кейін».

Баланың түске дейінгі уақытында белсенді, дамыту ойындарын ойнап,  ал түстен кейін кітаптар оқып, балалар бағдарламасы мен мультфильдер көру пайдалы. Кешкі уақытта ата-анасымен тілдесуге уақыт бөлген жөн.

 

Күн тәртібін дұрыс қолдану дағдылықты, жүктемені дұрыс бөлуге, бос уақытты дұрыс пайдалануға әкеледі. Дұрыс күн тәртібі жүйке жүйесін күйзелуден, шаршаудан, тұйыққа тірелуден сақтайды. Дұрыс құрастырылған күн тәртібі тек ағзаны жақсартып қана қоймайды, сонымен қатар еркіндікке тәрбиелейді, өмірлік тонусты арттырады          

Күн кестесінің әрбір бөліктері баланың жасына, еңбек қабілетіне, денсаулығына, мінез ерекшеліктеріне қарай қалыптасқан жағдайда баланың дұрыс өсіп, дамуына, ер жетуіне, денесінің шынығуына, ой өрісінің дұрыс қалыптасып, дамуына тиімді болады. Баланың демалыс күндеріндегі күн тәртібі  балабақшаның күн тәртібіне  бейімделіп ұйымдастырылу керек. Үйдегі күн кестесі дұрыс ойластырылған болмаса, ол баланың денсаулығына  кері әсер етуі мүмкін. Күн кестесі дұрыс болмаса, баланың шаршау, қалжырауы үдеп, денсаулығы төмендейді. Сондықтан демалыс күндері күн тәртібін сақтап, балаңызға көп көңіл бөліңіз.

Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения