Александр
Должность:не указана
Группа:Команда портала
Страна:Харьков
Регион:не указан
28.03.2013
0
4547
0

Есірткі – зұлым! Біз салауатты өмірді қалаймыз

Казахстан, Кызылординская область, г.Аральск

Аральский многопрофильный колледж
преподователь специальных предметов
Бекмамбетова Даметкен  

 

Есірткі – зұлым! Біз салауатты өмірді қалаймыз

Мақсаты: білімділік – адамзат ұрпағына төніп тұрған нашақорлық кеселдің пайда болуын, зардаптарын оқушыларға түсіндіру;

Тәрбиелік – оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу;

Дамытушылық – оқушылардың адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін, жаман әдеттен бойларын аулақ болуын дамыту.

Көрнекілігі: АКТ, суреттер.

Жоспар

І. Есірткі жас өміріңді улайды.

ІІ. Дәрігер кеңесі (сұрақ-жауап).

ІІІ. Біз есірткіге қарсымыз (сурет көрмесі).

Барысы.

 

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Бүгінгі біздің тәрбие сабағымыздың тақырыбы – «Есірткі – зұлым! Біз салауатты өмірді қалаймыз». Барша адамзат ұрпағына төніп тұрған кеселдің бірі – есірткі туралы сабақ барысында толық мәліметті алады деген сенімдемін. Олай болса, тақтаға назар аударайық.

 

І. Есірткі жас өміріңді улайды.

 

         Есірткі – ерте заманнан қолданылып келе жатқан дерт. Ең алғаш рет есірткінің зиян екенін шығыс ғұламасы Әбуали ибн Сина жазып кеткен.

         Нашақорлық – бұл есірткі заттарға еріксіз тартып тұратын, ағза қызметін қайтымсыз бұзылуларға алып келумен сипатталатын ауру. Есірткі санаға, миға әсер ететін заттар болып табылады. Есірткілер – адам психикасының жағдайын, көңіл-күйін, санасын, айнала қоршаған әлемді қабылдауын, тәртібін өзгертетін заттар. Әдетте есірткілерді пайдалану қызығушылықтан басталады. Адам өзіне беймәлім нәрсені татып көруге талпынады. Ал кейбіреулер есірткінің көмегімен қиындықтарды жеңіп, өмірдің ащы шындықтарынан алыстағысы келеді. Бірінші рет көргенде ләззат алып, сосын адам тәуелді болып, іздеумен болады. Сөйтіп, қас-қағым сәтте нашақорға айналып шығады.

         Есірткі – орталық жүйке жүйесіне әсер ететін қоздырғыш зат. Есірткіні бірінші рет қолданған мөлшердің әсері 3-4 сағатқа дейін сақталады. Мөлшерден тыс пайдалану жүректің тоқтап қалуына, өлімге әкеліп соқтырады. Есірткінің кейбір түрлері ауырғанды басу, тыныштандыру мақсатында тек мөлшерімен ғана медицинада қолданылады. Есірткінің түрлері де сан алуан: наша, каннабис, кокаин, героин, морфий, гашиш, ханка, химка, сюзьма, экстази және т.б. Кейбір түрлеріне тоқтала кетсек.

         Наша – қиындықсыз қолға түсіретін есірткінің түрі. Бұл мидың қызметін өзгертіп жіберетін ең күшті есірткі. Оның әсері: 5-10 минуттан соң көз қарашығының кішірейіп, созылыңқы сөйлеп, себепсіз күліп, қорқу сезімі, ұйқысыздық белгілері.

         Есірткі заттарды қолданудың кейбір белгілері:

         - ашу-ызаға булығу, көңіл-күйдің өзгеруі;

         - тітіркену;

         - себепсіз күлкі;

         - тәбеттің болмауы;

         - ұйқысыздық, шаршау;

         - шамадан тыс сөйлеу;

         - жалған айту, тұйықталу;

         - көз қарашығының ұлғаюы, тарылуы, қызаруы.

 

         Қазақстан Қылмыстық кодексінің 259 бабы бойынша «Есірткі тұтынушылар есірткі заттарын заңсыз әзірлегені, сатып алғаны, сақтағаны, тасымалдағаны, тартқаны үшін жауапкершілікке тартылады».

         Есіңде сақта: «Есірткі жас өміріңді улайды!».

 

ІІ. Дәрігер кеңесі

 

         Енді, балалар, бүгінгі сабағымызға колледждің арнайы медбикесі келіп отыр. Олай болса, өздеріңіздің көптен көкейлеріңізде жүрген есірткіге байланыстысұрақтарыңды қоя берулеріне болады. (Оқушылар сұрақтарын қояды).

 

ІІІ. Біз есірткіге қарсымыз!

(сурет көрмесі)

         Сабақ барысында слайд шоу, көрініс арқылы да есірткінің зиян жағын көріп, естіп отырсыңдар. Енді үйден әзірлеп келген «Біз есірткіге қарсымыз!» тақырыбына арнап салған суреттеріңді қорғап, тақтаға ілесіңдер.

         Ендеше, тақтаға назар аударып, барлығымыз қолымыздан берік ұстап, осы сөздерді дауыстап өмірлік ұранға айналдыра отырып өзге адамдарға насихаттайық: «Салауатты өмір салтын қолдаймыз,

      Есірткіге ешқашан жол бермейміз!»

         Сабағымызды осымен аяқтаймыз, сау болыңдар!



Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения