Александр
Должность:не указана
Группа:Команда портала
Страна:Харьков
Регион:не указан
28.03.2013
1
3735
1

Тракторлар мен автомобильдердің электр жабдықтары

Казахстан,Кызылординская область, г.Аральск
Аральский многопрофильный колледж
мастер производственного обучения 

Темир Отаралиев

Тракторлар мен автомобильдердің  электр жабдықтары

Сабақ жоспары     

  Топ:        №62

  Курс:     III

Мамандығы: Ауыл шаруашылық техникаларына қызмет көрсету және жөндеу

 

   Тақырыбы: Тракторлар мен автомобильдердің  электр жабдықтары

 

 Сабақтың мақсаты: Тракторлар мен автомобильдердің электр    энергиясының көздері мен оталу жүйесінің  құрылысы мен әрекет ету     қағидаттарын оқушыларға  таныстыру, оларды бөлшектеу, жинау,  реттеу әдістерін үйрету. Өз мамандығының  жауапкершілігін ұғындыра білу. Өз елін сүйер жақсы маман тәрбиелеу.

 

  Сабақтың оқу материалдық жабдықталуы:

 

  Техника қауіпсіздік ережелері:

  Технологиялық нұсқау карталар

  Плакаттар

  Қолданылатын жабдықтар

 

                                      Сабақтың барысы

   I.   Ұйымдастыру бөлімі                                         9.00-9.05

   II.  Кіріспе нұсқау                                                    9.05-9.45

 

  1. 1.    Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
  2. 2.     Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру 

А) Генератор мен стартердің қызметі неге негізделген

Б) Жартылай өткізгіштердің қасиеттері

В) Транзистордағы негізгі тоқ

Г) Орталық аудандарда зарядталған аккумулятор батареясының тығыздығы 

Д)   Аккумулятор кернеуін  тексеретін құрал

Ж) Электролитті жасағанда орындалатын қауіпсіздік ережелері

     3. Өткен материал бойынша оқушыларға нұсқау беру  

       1. Тракторлар мен автомобильдердің электр жабдықтарымен оқушыларды  таныстыру барысында зертхана жабдықтарын толық пайдалану

       2.  Жұмыс барысында, оқушылардың аккумулятор барареясының құрылысы мен әрекетін меңгергендігін анықтау үшін тесттер-карточкалар ұйымдастыру

 

4. Кіріспе нұсқаудың материалын бекіту 

А)  Стартерлер. Жарықтандыру мен сигналдау аспаптары

Б)   Тракторлар мен автомобильдердің оталу жүйесі .

С)   Машина трактор агрегаттарын жұмысқа дайындау  

 

III.  Жабдықтарды қолдана отырып жаттығу      9.50-10.15

  1. тракторлар мен автомобильдердің электр жабдықтары (монтажды орналасқан),монтажды сызбалар
  2. электр жабдықтарымен қамтылған қозғалтқыштар (монтажды орналасқан) 

 

IV.  Оқушылардың өндірістік жұмыстары және ағымдағы нұсқау                                                                       10.15-13.45

 

      1. Оқушылардың жаттығу жұмыстары

А. Жеке аккумуляторларды біріктіретін ұстатқышта батареяның жасалған күні мен маркасы. 

-                монтажды аккумуляторлар, олардың тілмелері;

-                электромагнитті катушкалар, реле- реттеушілер;

-                СТ- 230 стартері, стартер релесі;

Ә. Құтыны электролитпен толтыруға қажетті  тесігі бар қақпақпен жабады. Май құятын тесік тығынмен жабылады. Тығында аккумулятор қуысын атмосферамен жалғастыратын желдеткіш тесік бар.

Б. Қысқы температура 30 градусқа дейінгі  орталық аудандар үшін толық зарядталған аккумуляторда электролиттің тығыздығы жыл бойында болуға тиіс.

      2. Тексеру мақсатында оқушылардың жұмыс орындарын    аралау. 

А. Жұмыс орындарының дайындығын және жұмыстың басталуын қадағалау

 

 

Б. Жұмыс қалпының дұрыстығын, стартерді бөлшектеу

әдістерінің дұрыстығын тексеру

С. Орындалған жұмыстарды қабылдау және бағалау

Д. Жұмыс орындарын жинастыру 

V. Қорытынды нұсқау.                                               13.45-14.00

        А. Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау 

        Б. Үйге тапсырма «Күймешенің құрылысы» бөлімінен өткен тақырыптарға түсінік дайындау.

 

      Өндірістік оқу шебері:                                 Темір  Отаралиев

 

         Қызылорда облысының білім беру басқармасы

                              Арал көпсалалы колледжі

 

Мамандығы: Ауыл шаруашылығында техникалық қызмет көрсету және жөндеу

Өндірістік оқу шебері: Темір Отаралиев     

 

                                       Арал қаласы

                                         2013 жыл 



Комментарии пользователей /1/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения