Александр
Должность:не указана
Группа:Команда портала
Страна:Харьков
Регион:не указан
28.03.2013
0
1770
0

Суландыру технологиясы

Казахстан, Кызылординская область, г.Аральск

Аральский многопрофильный колледж

преподователь специализированного обучения
Жумабек Орынбаев

Суландыру технологиясы

Сабақтың мақсаты: оқушыларға суландыру технологиясын, ауыл шаруашылығы дақылдарын суландыру әдістерін үйрету.Суармалы жерге қойылатын агротехникалық талаптарды меңгерту.

Білімділігі:оқушыларға жаңбырлатқыш машиналардың жасалу жүйелеріне қарай түрлерін, егістіктің беткі қабатын суару, жаңбырлату, суды шашатын агрегаттармен таныстыру.

Дамытушылығы: оқушылардың еңбекке қызығушылығын арттыру.Суармалы жерді игеруге баулу.

Тәрбиелілігі:ұқыптылыққа, үнемділікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта арқылы түсіндіру, техника түрлерін көрсетіп талдау.

Пәнаралық байланыс:өткен сабақтағы тақырыппен байланыс, сызу, химия, география, тарих, экономика.

Сабақтың түрі:интерактивтік сабақ.

Сабақтың барысы

а) Ұйымдастыру кезеңі.Кезекшіден оқушылардың сабаққа дайындығын сұрау.

б) Үй тапсырмасын сұрау.

1)Техникалық дақылдарға қандай дақылдар жатады?

Жауабы:Қант, зығыр, картоп, мақта, күнбағыс.

2)Мақта талшығының өнеркәсіптегі маңызы қандай?

Жауабы:Мақта-біздің елімізде талшықты дақылдар ішінде ең көп тарағаны.Мақта талшығы-тоқыма өндірісінің негізгі шикізаты.Автомобиль жасау, авиация саласында мақта кеңінен қолданылады.Біздің елімізден басқа Өзбекстанда, Тәжікстанда, Түркіменстанда, Қырғызстанда, Закавказьеде, Әзірбайжанда, Арменияда өсіріледі.

в)Қантты неден және қалай өндіреді?

Қант қант қызылшасынан өндіріледі.Қызылша әуелі Қытайда, Үндістанда пайда болған.Біздің елімізде  Қазақстанның Оңтүстік –Шығыс, Батыс-Қазақстан аймағында да қызылшадан түрлі қоспалар қосу арқылы қант дайындалады.Барлығы да техника арқылы өңделінеді.

Өткен сабақты пысықтау.

-Оқушылар, өткен сабақта техникалық дақылдарды жинау, техникалық дақылдар алынатын өсімдіктер, қант қызылшасы, картоп, зығыр, күнбағыс т.б. дақылдардың қалай өсірілетіні, одан не өндірілетінін, оны қандай техникамен жинайтынын, қай жерлерде өсірілетінін айттыңдар.Енді осы дақылдарды өсіру үшін су керек екендігі баршамызға аян.Су –тіршілік көзі.Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Суландыру ткхнологиясы» деп аталынады.

Жаңа сабақты түсіндіру: «Суландыру технологиясы»

1.Егістіктің беткі қабатын суару.

2.Жаңбырлату әдісі.

3.Топырақтың астыңғы қабатын суару.

Ал бізде суарудың екі тәсілі қолданылады.Олар, Егістіктің беткі қабатын суару, жаңбырлату арқылы суару.

Егістіктің беткі қабатын суару топырақты суарудың ең қарапайым және оңай тәсілі.Мұндағы басты кемшілік, су көп шығындалады.Себебі су топырақ қабаттарына сіңіп кетеді.Су атызға біркелкі жайылмайды.Сондықтан атыз тегіс болуы керек.Ал, жаңбырлатып суару су шығынын  азайтады. Ол үшін қолданылатын жаңбырлатқыш машиналары бар.Жаңбырлатқыш машиналар алысқа, орташа, қашыққа шашатын болып үшке бөлінеді.Алысқа шашатын ДДН-70,ДДА-100 дақылдармен жаңбырлатқыш техникалық дақылдарды, жеміс, жас орман көшеттерін суаруға арналған машинаның су шашу өнімділігі-сағатына 0.85 га, суды орта қашықтықта шашатын жаңбырлатқыш машиналар мен қондырғылар: «Радуга», «Волжанка» жаңбырлатқыш аппараттары биіктігі 1.5 метрден аса қоймайтын дәнді және технмкалық  дақылдарды көкөніс, бақша дақылдарын, көпжылдық шөптерді шабындықтарды жаңбырлатып суаруға арналған.

 Жақыннан шашатын машиналарға 100 м-ден су шашатын 2 консульді ДДА-100 МА агригаты жатады.Олар жаңбырлатқыш машиналарға, құрылғыларға және суару жүйелеріне орнатылады.

     Суару кезінде су ағысы күйентеге соғылып,оны бір жағына қарай айналдырады.Күйентені серіппе бастапқы қалыпқа келтіреді.Сонда ғана айналаға су шашылып суландырады.

   Суды жаңбырлатып суарудың артықшылығы-18 м, гидронттағы су арыны (екпіні)-0,4 Па, жаңбырлату жиілігі-0, 27 мм/мин.Суды орта қашықтыққа шашатын жаңбырлатқыш аппараттары «Роса-1», «Роса-2», «Роса-3» аппараттары болып бөлінеді.Олар шеңбер және сектор бойымен жұмыс жасайтын үш шүмекті болады.

    Жоғарыда түсіндірілген жаңбырлатқыш машина аппараттарының сұлбасын интерактивті тақтадан көрсетіп, жаңбырлатқыш аппараттарының сұлбасын жеке-жеке түсіндірген кезде, оқушылар ынта қойып тыңдайды.

Суармалы жерлерге қойылатын агротехникалық талаптар:

1.Егістік алқаптарды тегістеу.

2.Сорланған тұзды жерді жуып, шаю.

3. Күріш алқабын дайындау кезінде топырақты атызды тегістеу.

4.Солтүстік, Солтүстік шығыс аудандарда жерді 10-120см тереңдңкте жырту.

5.Оңтүстік және оңтүстік шығыс аудандарда сыдыра жырту 5-6 см.

6.Құмды жерлерді 3-4 жылда терең етіп, 27-29  см тереңдңкте жырту.

7. Қалың қабатты ауыр жерді 60 см тереңдікке дейін жырту.

8. Суармалы егістікте өсімдіктерді күту үшін әрбір суарудан кейін жердің беткі қабатын жұмсартып отыру керек.

Сабақты қорытындылау:

Сұрақтар қою.

1.Суармалы жерлерде қандай агротехникалық шаралар қолданылады?

2.Әр түрлі алқаптардағы топырақты  суарудың қандай әдістері бар? Интерактивті тақтамен жұмыс істеу, оқушыларды бағалау.

Ой сергіту үшін суға байланысты мақал-мәтелдерге кезек береміз.

«Судың да сұрауы бар».

«Бұлақ көрсең, көзін аш»

«Сулы жер, нулы жер»

«Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ер көгерер».

«Көп түкірсе-көл болады».

«Су-тіршілік көзі».

Үй тапсырмасы:

Ауылшаруашылық машиналары оқулығы  «Суландыру технологиясы» 377-386  беттер.

Арал көпсалалы колледжінің арнаулы пән оқытушысы Жұмабек Орынбаев

 

Астық жинайтын комбайнның жалпы құрылысы

Сабақтың тақырыбы: «Астық жинайтын комбайнның жалпы құрылысы».

Сабақтың мақсаты: астық жинайтын әмбебап комбайнының жалпы құрылысымен,  негізгі бөліктерімен танысу.Астық ору тәсілдерінен түсінік беру.Комбайндарға қолданылатын қозғалтқыштардың қуат күштері мен айналыс сәттері туралы және комбайнның жалпы құрылысы туралы мәлімет беру.

 Білімділігі: өнім жинау кезіндегі әмбебап комбайнының ысырапсыз қыруар істі атқаратындығы, механизмдері туралы білімін арттыру және оқушылардың техника тіліне қабілетін машықтандыру.

 Дамытушылығы: ата кәсіпке сүйіспеншілікті ояту, мамандыққа баулу.  Тәрбиелілігі:ұқыптылыққа, үнемділікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта арқылы түсіндіру, техника түрлерін көрсетіп талдау.

Пәнаралық байланыс:өткен сабақтағы тақырыппен байланыс, сызу, химия, география, тарих, экономика.

Сабақтың түрі:  баяндау, талдау, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы

а) Ұйымдастыру кезеңі.Кезекшіден оқушылардың сабаққа дайындығын сұрау.

б) Үй тапсырмасын тест сұрақтары арқылы сұрау.

1.Дизельдік қозғалтқыштың тұтануы қалай аталады?

А)электр жарқылымен;

Б) газ қысымының ұлғаюымен;

В) ауа қысымының қызуынан.

2.Дизельде қоспа қай жерде түзіледі?

А) цилиндр ішінен тыс жерде;

Б) цилиндр ішінің толық көлемінде;

В) Сығылу камерасында.

3.Сеңгіршік қандай қызмет атқарады?

А) электр жарқылын шығарады;

Б) таза ауа енгізеді;

В) жанармай бөлігін бүркиді.

4.Сеңгіршік инесі ұяшықтан ненің әсерінен шығады?

А) серіппе әсерінен;

Б) ауа қысымының әсерінен;

В) жанармай қысымының әсерінен.

5.Сеңгіршікке жанармай қай жері арқылы келіп құйылады?

А) төбе тесігі арқылы;

Б) шүйде саптамасы арқылы;

В) ине ұяшығындағы тесіктен.

6.Сеңгіршік тетіктері қай жеріне жинақталады?

А) жақтауларына;

Б) төбесіне;

В) тұрық тетіктеріне.

7.Сеңгіршікке жанармай қайдан келеді?

А) төменгі қысымды сорғыдан;

 

Б) қол сорғыдан;

В) жоғарғы қысымды сорғыдан.

8.Жоғарғы жанармай қысымын қалыптастыратын тетік.

А) поршен;

Б) плунжер;

В) сықпақ (шток).

9.Сытылма жанармай қайда барып құйылады?

А) төменгі қысымды сорғының құйылмасына;

Б) нәзік сүзгі тостағына;

В) жанармай багына.

10.Цилиндр ішіне жанармай қай жерден бүркіледі?

А) бүріккіш инеден;

Б) бүріккіш қуыстан;

В) бүріккіш тесіктен.

Астық жинайтын комбайнның құрылысы

Өздігінен жүретін комбайнның негізгі құрылысы алты бөліктен тұрады: жаткадан,молотилкадан, шөмелелеуіштен, жүріс бөлігінен, қозғалтқыштан және жинауыштан.

   Жатка келесі негізгі бөліктер мен механизмдерді қамтиды: бағдарлауыш башмактары мен жатка тұрқын, малтығыш тасымалдауышымен көлбеу тұрқын, теңселме механизмі мен деңгейлеуішін, реттегіш механизмі мен қалбағайын және вариаторын, тегершігімен кескіш аппаратын, жетектегіш механизмімен иірлігін.

   Молотилканың құрылысы келесі бөліктерден тұрады: бастыру құрылғысынан, сабан сіліккіштен, тазалайтын және тасымалдайтын құрылысынан (иірлік пен элеватордан), беріліс системасынан, басқару аймағынан, гидравликалық жүйеден және электр жабдықтарынан.

   Жүру бөлігі өзіне вариаторлы және жүргізгіш мостымен бағыттаушы доңғалақтарды қамтиды.Жүргізгіш мост доңғалақтары, өз кезегінде тізбектегіштен, қорапты берілістен, дифференциалдан, доңғалақтардан және тежегіш жүйесінен құралады.

Смд-15К және СМД-17К дизельдерін қуаттылығы 8 а.к. тең болатын, СТ-100 электр стартерімен бірге жабдықтап шығарады.СК-6 және СКПР-6 комбайндарында 4 қозғалтқышын қолданады, оның қуаты 150 а.к.тең, айналыс сәті 1900 об/мин.Біздің елімізде көп жылдық тәжірибеден өткізген тәсілдер бойынша астық екі тәсілмен орындалады: төте орып жинауда комбайн егістікпен бір орып жүрген кезде, барлық жинау процестерін атқарады: бір мезгілде орып, бастырып (масақтан дәнді ажыратып), астықты тазалап, сабағын шөмелелеуішке жинап, шөмеге түсіріп отырады.Бұл тәсіл өте тиімді, бірақ оны піскен құрғақ егістікте қолданады.Егістік пісіп жетілмей ылғалы көп жағдайда оны орып жалға тастауға және бірнеше күн кептіру керек.Мұндай жағдайда бөлшекті тәсілді қолданады.Сондықтан мұндай тәсілді бөлшектік немесе екі фазалы тәсіл деп атайды. Әдетте комбайн жаткасы комбайн алдына теңселмелі етіп орнатылған, ол тура оруға арналған.Бөлшекті оруға дестелегіш жатканы қолданады.Оны комбайн көтеріп жүреді, кейде тракторға тіркейді.Дестелеп жалға тастаған астықты кепкеннен кейін сағдарлап алуға жинауыштарды қолданады.Елімізде осы екі тәсіл де кеңінен қолданылады.

Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

1.Комбайн неше бөліктен тұрады?

2.Комбайнға қандай қозғалтқыштар қолданылады?

3.Комбайнды неге әмбебап деп атайды.

4. Астық орудың неше тәсілі бар?

Үйге тапсырма беру. Оқулықтан 356-362 беттер.

Қорытындылау.

Арал көпсалалы колледжінің арнаулы пән оқытушысы Жұмабек Орынбаев

 

Ел рәміздері туралы түсінік

          Мемлекеттік рәміздер еліміздің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұратын білдіретін белгі.Мысалы оларға мемлекеттік Ту, Елтаңба, елдің әнұранын жатқызамыз.

1992 жылдың 4 маусымы ел тарихындағы ерекше мәртебелі күн болып тарихта қалды.Тәуелсіздік жолындағы күрес жайын жылнамалаған жас ғалым бұл күнге соқпай кетуі мүмкін емес.Бұл жолы да елдігіміз сынға түсіп, ертеңіміз сынға түсіп, ертеңіміз үшін жан беріп, жан алысқан шайқасқа куә болдық.Түп тамыры тереңде жатқан ой жарысы, сан қилы пікір, сан сала сөздің сарасынан таймай , көкейдегіні көпшілік  қолдайтын сәтке жеткізу үшін нағыз азаматтық белсенділік, терең білімділік пен тайсалмайтын күрескерлік, ең бастысы қиыннан жол табатын даналық керек еді.Мұнда тұңғыш Президентіміз Н: Ә: Назарбаев ту шағанын сүйіп тұрып: «Мазмұнына өнегесі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін!

  ...Ұлттық рухты осыншама кемел жеткізген Елтаңба әлемде сирек кездеседі десек те, артық болмас.Айбынымызды асырып, рухымызды аспандатар Елтаңбамыз құтты болсын!»-деп тебіренді.Бұған бүкіл халқымыз болып қуандық.Ал ақын болса:

Енді бүгін өлген туым тірілді,

       Әнұраным жалғап алды ғұмырды.

     Босағада қалып келген елтаңбам,

                                         Баяғыша төріме кеп ілінді.-деп ұлы қуанышқа өлеңнен шашу шашты.

     Ел-жұрт, ең алдымен, жаңа нышандардан өзінің төл тарихының ұшқындарын, өзінің төл халықтық рухының тынысын сезініп, шаттыққа бөленді.Оның үстіне оларда көркемөнер тілімен ел саясатының темір қазығына айналып отырған бейбітшілікке, ынтымақтастыққа, бірлік пен бітімділікке деген ұмтылыс ниеті ұтымды өрнектелген. Бүкіл болмыс- бітімдерін ізгілік лебі ескен рәміздерімізден әлемдік өркениет аясында қол созған ақ пейіліміз де айқын аңғарылады.

      Қасиетті көк байрақ...Алаштың алғы тарихынан  аз-кем хабары бар адамның қай-қайсысының көзіне де бірден жылы ұшырайтыны сөзсіз.Сонымен бірге ол жалпы адамзаттық мәдениет қайнарынан сусындаған, тек қана ізгілік идеясына негізделген өнер туындысы.

   Туымыздағы зеңгір көк адам баласы түйсініп қабылдап, қолданып жүрген бояулардың ең бір реңділігі қатарына жатады.Ол табиғаттың өзі жасайтын ғаламат гүл шоғыры-кемпірқосақ болмысындағы қасиетті жеті бояудың бірі.

     «Найзасыз ер болмайды, таңбасыз ел болмайды» деген қанатты сөз –көненің көзі.

      Шеңбер ішіндегі негізгі нышан-белгі, Елтаңба идеясының ең басты жүгін арқалап тұрған, әрине, шаңырақ.Бірақ тура көшіре салған сурет емес.Көлемі, ауқым-аясы сезіліп тұрғанымен, керек материалдан қаз тұрғызыла қойған киіз үй деуге де болмайды.Шынайы шеберлікпен шендестірілген түнгі-аспан күмбезіндегі асыл шырақ-күн бейнесін елестетсе, уықтары-одан тарап жатқан алтын сәулелердей әсер қалдырады.Қисынын тауып, керегелердің көрінісін де бере алған.Әр бөлшегі әсем айшықталған шаңырақ алдымен өз халқымыз, одан қалды қатар тіршілік кешкен басқа ұлт өкілдері бар бірлесіп, кереге- уықтай кірігіп, күш-жігер жұмсап аяғынан тік тұрғызуға кіріскен қасиетті отауымыз –тәуелсіз мемлекетімізді меңзегендей болады да тұрады.

«Әнұран –асыл қазына» -демекші, еліміздің әнұраны айбатты деп, ауыз толтырып айтуға әбден болады. Ресми церемонияларда әнұран орындалу 
барысында тыңдаушылар тұрып, оң қолының алақанын 
көкірегінің сол жағына қояды. Музыкасы: композитор 
Шәмші Қалдаяқовтікі, сөздері: Жұмекен Нажімеденовтікі 
(1956), Нұрсұлтан Назарбаевтікі (2005)
рып айта аламыз.

«Менің Қазақстаным» Әнұран

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны. 

Әнұранның осы нұсқасы 2006 ж. қаңтардың 7-ші күнінде қабылданған.


Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны —
Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой,
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы (1 рет):
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы (2 рет):
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!

Қазақстан Республикасының әнұраны 2006 жылдың 7 қаңтарынан 
бастап мемлекеттік мәртебеге ие болу дарежесіне сәйкестендіретін
өзгерістер енгізілгеннен кейін, атақты болған, 1956 жылда 
жазылған «Менiң Қазақстаным» («Мой Казахстан») әні болды. 
Әннің мәтініне өзгерістерді ҚР Президенті Нұрсұлтан 
Назарбаев енгізгендіктен мәтіннің соавторы ретінде 
көрсетіледі. Сондай-ақ, әнұранды тыңдау ережесі 
өзгертілді.

Арал көпсалалы колледжі директорының  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жұмабек Орынбаев.


Комментарии пользователей /0/
Комментариев нет...
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Наши услуги



Мы в соц. сетях

    Персональные сообщения